Жалқаулықпен күресу жолдары

0
898
Қай-қайсымыздың болмасын бойымызда бастаған ісімізді соңына жеткізбейтін, алдыға жылжуымызға мүмкіндік бермейтін жалқаулығымыз басым.  “Ертең бастаймын, ертең жасаймын” деген сөзді сылтау қылып, әлі бастаған ісіңізді бітіре алмай жүрсіз бе, әлде мүлдем бастамадыңыз ба? Демек бұл жалқаулықтың белгісі. Жалпы жалқаулық неден пайда болады және онымен қалай күресеміз?

Сізді жалқаулықтан құтқару үшін және осы жағымсыз қасиеттен айыру үшін бірнеше кеңестер дайындадық, оқып шығыңыз:

Өз-өзіңізді мәжбүрлеу

Бұл әдіс шынымен жұмыс істейді. Сізге тек өзіңізді кейінге қалдырған ең қиын және жағымсыз жұмысты қабылдауға мәжбүрлеуіңіз керек. Ал оны қалай істейміз? Ол үшін өзіңізге 5-10 минут жұмыс істейтіндігіңізді айтыңыз, егер жұмыс көңіліңізден шықпаса, кейін жалғастырамын деп ойлаңыз. Әдетте, көп уақыт жссалмаған жұмыс  орнынан қозғалғанда, адам оны тезірек бітіруге ынталанады және ешқашан ол жұмысқа қайтып оралмайтындай етіп, соңына дейін бітіруге тырысады.

Жоспарлау

Бұл әдіс кез-келген адамға пайдалы болады. Күніңізді қаншалықты мұқият жоспарласаңыз, соғұрлым көп нәрсені орындап үлгересіз. Жұмыс жоспары бір күн бұрын жасалуы керек. Мысалы, бүгін кешке ертеңгі күнге  жоспар құрыңыз. Жоспарлау кезінде ақыл-ой мен физикалық жұмысты кезектестіруді ұмытпаңыз. Сонымен қатар бес минуттық демалыс үзілістерін қосуды да ұмытпаңыз. Себебі демалыс ол өте маңызды.

Сыйақы беру

Өзіңізді бір нарсене мәжбүрлемес бұрын, сіз өзіңізге жасалған жұмысыңыз үшін сыйақы беруге уәде беруіңіз керек. Мысалы, сіз өзіңізді жаңа нәрсемен, сүйікті тәттіңізбен немесе ойын-сауықпен еркелете аласыз. Есіңізде болсын, сыйақы мөлшері жұмыс көлеміне сәйкес келуі керек — неғұрлым көп жасасаңыз, соғұрлым көп аласыз. Осылайша сыйақыға жету үшін, бастаған ісіңізді тез бітіруге тырысасыз!

Бірте-бірте сізде «жұмыс — бұл сыйлық» деген шартты рефлекс пайда болады, мүмкін тіпті кейін сыйақы қажет болмай қалады. Себебі сіз бәрін автоматты түрде жасай бастайсыз.

Өз кеңістігіңізді реттеу

Жұмыс орыныңызды ретке келтіріңіз.  Бұл дегенміз қажет емес заттарды алып тастау, құжаттарды папкаларға салу, кітаптар мен журналдарды орнына қою. Айналада тәртіп болғаны маңызды, әйтпесе бұл сіздің жұмысыңыздан алшақтатады. Ақыр соңында сіз ештеңе жасамайсыз және тек өзіңізге сылтау табасыз.

Бөліп тастау

Кейде жұмыстың көлеміне қарап жалқаулығымыз ұстап қалатын жағдайлар болады. Ол үшін үлкен тапсырмаларды кішіге бөлу әдісі көмектеседі. Мысалы, сіз үйге  тазалық жұмыстарын жүргізуіңіз керек. Бірақ үйдің үлкендігін көріп, жалқаулық сізді жұмысқа кірісуге жол бермейді. Олай болса, оны кішігірім тапсырмаларға бөліп, оны бір апта ішінде орындауға тырысыңыз (мысалы, сіз бүгін ас үйді, ертең сіз қонақ бөлмені, үшінші күні сіз жатын бөлмесін жинайсыз және т.б.). Сонда сіз аз шаршайсыз, ал тазалау сапалы болады.

Әдетке айналдыру

Кейбір нәрселерге дағдылануыңыз керек, сонда олар әдетке айналады және сіз оларды оңай жасайсыз. Мысалы, мұндай жұмыстарға таңертеңгілік жаттығулар, ерте ояну, үй жұмыстары, кітап оқу және маңызды құжаттардың жобалары кіреді. Зертеу нәтижелері бойынша адам өзін 14 күн бір нәрсені күнде жасауға мәжбүрлесе, ары қарай ол әдетке айналады екен. Бастапқыда бұл өте қиын болуы мүмкін, бірақ  күшпен үнемі қайталанатын әрекеттер жақын арада әдетке айналады.

Демалу

Бір қарағанда, бұл өте таңқаларлық кеңес, бірақ іс жүзінде ол жұмыс істейді. Бұл бірінші кезекте жұмыстағы жалқаулыққа қатысты. Көбінесе, шамадан тыс жұмыс істегендіктен, адамдар қыңыр, жалқау бола бастайды және бәрін кейінге қалдырады. Бірақ уақытылы демалғаннан кейін, жұмыс пен үй жұмысын ойламай, сіз біраз күш жинап, тағы біраз уақыт бойына қуатыңызды толтырасыз.

Жұмысыңызды өзгерту

Жалқаулық көбіне жұмыстағы күнделікті тапсырмалар және біртектілікпен байланысты. Күн сайын сіз бір нәрсені жасасаңыз, бір адамдармен сөйлессеңіз және дамымай бір орында тұрған болсаңыз, бұл жалқаулыққа немесе депрессияға айналады. Бұл жағдайда жалқаулыққа төтеп беру үшін сізге қызмет түрін қызықты әрі сергек түрге түбегейлі өзгерту керек. Әрине, бұл нәтиже бермеуі мүмкін, бірақ сізде жұмыс істеуге деген қызығушылық арта бастайды. Сол себепті бір орында ұзақ уақыт бойы тұрақтамаңыз. Басқада жаңа дүниелерді жасап көріңіз!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ