Бізді күтіп тұрған мемлекеттер өте көп!

0
500
Шекара асып біліп алуға ұмтылатын жастардың саны күн санап өсіп келетінін байқаған боларсыздар. Мәселен, қазіргі таңда шет елдегі оқу орындарында 100 мыңнан аса отандасымыз білім алып жатыр екен. Бұл туралы Тұңғыш президент жанындағы әлемдік экономика және саясат институты хабарлауынша, жастардың  көпшілігі  АҚШ пен Ұлыбритания елдерінде болса, біразы Ресей, Чехия, Малайзия және Польша елдерінде білім алып жатыр. Сонымен қатар, Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде білім алған жастардың көбісі оқу біткенмен елге қайтуды жөн көрмейтін көрінеді. Осы тұста Польша мемлекетінде білім алып келген  Аружан есімді қызымыздың пікірін білу мақсатында сұхбаттасып көрдік:

 

Сәлем Аружан, сұхбатымызды бастамас бұрын өзің жайлы айтып өтсең. 
Сәлем, менің есімім Аружан, 19 жастамын. Түркістан облысы Түркістан қаласының тумасымын. Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар университетінің 4-курс студентімін. Осы жылы, 3 курстың ағына қарай, бір семестр Польша мемлекеті Катовице қаласы Силезия университетінде бизнес-ағылшын мамандығы бойынша білім алып қайттым. 
Еліміздегі оқып жатқан негізгі мамандығың қандай?
Қазақстандағы мамандығым ағылшын және қытай тілі. Жалпы бизнес-ағылшын әлем бойынша, жаңадан, кеңінен таралып келе жатқан мамандықтардың бірі. Сол себепті, мүмкіндікті тиімді пайдаланғым келді.
Жалпы, шетелде білім алудағы мақсатың қандай болды?
Шетелде оқып келген мақсатым, әрине, тәжиребе алмасу, жаңа нәрселерді үйрену, сол жақтың білім жүйесімен танысу болды.
Польша мемлекеті мен біздің елді салыстыра қарасақ, білім жүйесіндегі айырмашылықтар қандай?
Ол жақ пен біздің елдегі білім беру жүйесінің артықшылығы да кемшілігі біраз. Мәселен, ол жақтағы бірінші ерекшелік, мұғалімдердің сабаққа өте үлкен дайындықпен келуі. Яғни, олар өздерінің проекторларына дейін көтеріп алып келеді. Сабақты қызықты әрі түсінікті етіп өткізеді. Кейін сенен сол үйренткендерін жоғары деңгейде талап етеді. Бұл дегеніміз, жаңа материалды пысықтау үшін екі аптада бір рет қысқаша тесттер алып тұрады. Егер жеткілікті деңгейде балл жинай алмасаң, қайта тапсыру мүмкіндігін береді. Бұл дегеніміз, жаңа материалды есімізде толықтай сақтамайынша келесі кезеңге өткізбейді.
Ал сен сондай талаптарға сай оқи алдың ба? Оқу жетістігің қалай болды?
Шетелде оқу қиын және мұғалімдердің талаптары да өте жоғары. Бірақ мен оған қарамастан барымды салып оқыдым, үздіктердің қатарында болдым,шәкірт ақы да алып отырдым.
Жарайсың! Қазір өзің білетіндей, шетелге оқуға кетіп жатқан отандастарымыз, сол жақта жұмыс жасап, қалып жатады. Сенде сондай ой болды ма?
Негізінен барлық нәрсеге толерантты қарайтын адаммын. Егер адамның еліне деген махаббаты, сағынышы болса, ол түптің- түбінде бәрібір еліне қайтып оралады деп ойлаймын. Мен бұл жаққа академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келдім. Яғни, ол жерде тек грант ұтып алу арқылы ғана келе аласың. Ең алғашында бір семестрға ғана емес бір жарым жылға бірақ қалу ойымда болған. Дегенмен бір жарым жыл бір елде оқығаннан гөрі, бір семестрдан әр түрлі меплекетте оқығанды жөн көрдім. Қазір әлемде орын алып жатқан індетке байланысты ол жоспарым кейінге шегерілді. Бірақ егер тағы басқада елдерге оқу мүмкіндігі түсіп қалса, міндетті түрде баруға тырысамын.
Аружан, сен секілді басқа мемлекеттеоқығысы келетін елімізде жастар қазір өте көп. Соларға қандай ақыл кеңес берер едің?
Беретін кеңесім, ағылшын тілін үйреніңіз, әрине, ең алдымен өзіңіз үшін! Тәуекелген бел буудан қорықпаңыз! Бізді күтіп тұрған мемлекеттер өте көп. Сондықтан, уақытымызды бос өткізіп алмайық! Соңғы сөзім, сіздер секілді достарымның шет мемлекетте болғанын, үлкен жетістіктерге жеткенін, мен көрген жаңа дүниелерді көргенін қалаймын! Барлықтарыңызға сәттілік!
Рақмет Аружан, сағанда болашақта үлкен сәттілік тілеміз! Берген кеңестерің жастарға үлкен септігін тигізді деп сенеміз, сұхбаттасқаның үшін алғыс білдіреміз!

Мінекей, оқу мен білім алу қол жетімді заманда, кез-келген елде, кез-келген жерде оқу, тәжирибе жинау, жетістікке жету , еліңе еңбек ету қиын емес. Бастысы ында мен жігер! Бұндай мүмкіндік сенде де бар екенін ұмытпағайсың!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ