Жалпы мәліметтер типі туралы түсінік

0
7363
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Delphi бағдарламалау тілінің мүмкіндігі өте жоғары. Себебі ол әртүрлі мәліметтер сақтауға және өңдеуге мүмкіндік береді. Delphi ортасында әртүрлі мәліметтер типінің түрлерімен жұмыс істеуге болады.

Жоспары:

  І.  Кіріспе

 ІІ. Негізгі бөлім

       2.1.Жалпы мәліметтер типі туралы түсінік.

       2.2. Қарапайым типтер.

       2.3. Реттелген типтер.

       2.4. Нақты типтер.

       2.5. Күн және уақыт типі

       2.6. Құрылымдық  типтер және олардың түрлері.

       2.7. String және  ShortString типтері туралы.

ІІІ. Қорытынды

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 Кіріспе

Delphi бағдарламалау тілінің мүмкіндігі өте жоғары. Себебі ол әртүрлі мәліметтер сақтауға және өңдеуге мүмкіндік береді. Delphi ортасында әртүрлі мәліметтер типінің түрлерімен жұмыс істеуге болады. Мысалы бір компьютерде мәліметтер қорын құрып және осы мәліметтер қорын желіге арнап баптау жасасақ желілік мәліметтер қорына өзгереді.

Кез келген мәлімет өзінің типімен сипатталады. Мәліметтер типі объект қабылдай алатын мүмкін мәндер жиынтығын анықтайды, модан соң мәліметтер типі дербес компьютердің жадындағы мәліметтердің ішкі берілу форматын да анықтайды. Object Pascal тілі мәліметтердің тармақталған құрылымымен сипатталады.

Мәліметтер типінің бірнеше түрлері бар. Айта кетсек: қарапайым, оның өзі – реттелген, нақты және мерзім – уақыт, құрылымдық, бұған – массивтер, жазулар, варианттар,  жиындар және файлдар, String және ShortString типтері т.б.

2.1. Мәліметтер типі туралы түсінік.

Осы кезге дейін программаларда стандартты мәліметтер типі қолданылған: Integer, Real, Char, String және Boolean. Сонымен қатар, Delphi тілі програмистке өзінің мәліметтер типін анықтауға мүмкіндік береді, содан кейін осы мәліметтер типін программада қолдануға болады.

Object Pascal тілінде кез келген мәліметтер өзінің типімен сипатталады. Мәліметтер типі объект қабылдай алатын мүмкін мәндер жиынтығын анықтайды. Сонымен қатар, мәліметтер типі дербес компьютердің жадындағы мәліметтердің ішкі берілу форматын да анықтайды. Object Pascal тілі мәліметтердің тармақталған құрылымымен сипатталады.

Програмистпен жарияланған жаңа мәліметтер типі стандартты типте немесе осыған дейін құрылған типтерде базаланады.

2.2. Қарапайым типтер.

Қарапайым типтің өзі бірнеше типтерге бөлінеді: реттелген, нақты және мерзім – уақыт типтері жатады. Реттелген типтер мүмкін болатын мәндерінің шектелгендігімен ажыратылады. Бұл мәндерді белгілі бір ретпен реттеуге болады, сонымен қатар, мәннің реттік номерін бүтін санмен беруге болады.

Нақты типтердің де, нақты санның ішкі берілу форматымен анықталатын мәндерінің мөлшерінің көптігі соншалық, оны олардың әрқайсысын бүтін санмен белгілеу мүмкін емес. Мерзім және уақыт типі мерзім мен уақытты белгілеуге арналған, нақты айтсақ оны сақтау үшін нақты формат пайдаланылады.

Аралық тип. Аралық тип  өзінің базалық типінің ішкі жиыны болып табылады. Базалық тип ретінде аралық типтен басқа кез келген реттелген тип алынады.

Аралық тип барлық типтің өзінің ішкі мәндерінің шекаралары арқылы беріледі:

<ең кіші мән>…<ең үлкен мән>

Мұндағы, <ең кіші мән> — аралық типтің ең кіші мәні;

<ең үлкен мән> — оның ең үлкен мәні.

Мысалы,

Type

Digit=’0’..’9’;

Dig2=48..59;

Аралық тип type бөлімінде сипаттау міндетті емес, айнымалыларды хабарлауда тікелей көрсетуге болады. Мысалы,

Var

Date:1..31;

Month:1..12;

Ichr;’A’..’Z’;

Аралық типтерді анықтауда төмендегідей ережелерді ескеру керек:

  1. «..» екі символ бір символ ретінде қарастырылады, сондықтан олардың арасына бос орын қалдыруға болмайды;
  2. Аралық сол жақ шегі оң жақ шегінен аспауы тиіс.

Аралық типке барлық типтің барлық қасиеті тән, бірақ аздаған шектеулері бар. Мысалы, егер айнымалы анықталған болса,

Type

Days=(mo, tu, we, th, fr, sa, su);

Weekend=sa..su;

Var

W:weekend;

Begin

W:=sa;

Онда Ord(w) функциясы 5 мәнін береді, ал  Pred(w) функциясы қате жөнінде хабарлайды.

Object Pascal – дың стандартты кітапханасында аралық типтердің жұмысын сүйемелдейтін екі функция бар:

High(x) – х айнымалысы жататын аралық типтің ең үлкен мәнін береді;       Low(x) – аралық типтің ең кіші мәнін береді.

  • Нақты типтер.

Мәндері бүтін типтермен салыстырылатын реттелген типтерден нақты типтердің ерекшелігі нақты санның ішкі форматына тәуелді қандай да бір дәлдікпен еркін санды анықтайды.

Ұзындығы       Атауы       Мәнді цифрлар                    Мәндер аралығы                 байт                                         мөлшері                                                                                                                                            8                        real             15..16                                  5.0*                     4                    Single          7..8                                     1,5*                    8                          Double                15..16                                  5.0*                  10                    Extended        19..20                               3,4*                  8                    Comp          19..20                                                              8                       Currency        19..20                  922 337  203 685 477, 5807

Кестеде көрсетілгендей, Object Pascal тілінде нақты сандар 4-тен 10 аралығындағы аралас байтқа дейін орын алады.

Арифметикалық сопроцессор барлық уақытта сандарды Extended форматында өңдейді; ал қалған үш нақты тип қажетті мөлшерге дейін нәтижені қарапайым қысқартылған күйінде беру болып табылады және олар жадыда үнемдеу үшін қолданылады.

Мысалы, «машиналық эпсилонды» мынадай программа көмегімен есептеуге болады:

Type RealType=Real;

Var Epsilon, Eps1:RealType;

Epsilon:=Epsilon/2;

Eps1:=1+Epsilon;

Until Eps1=1;

LBOutput.Caption:=Floattostr(2*Epsilon)

End.

Object Pascal тілінде Comp және Currency типтері ерекше орын алады, бөлшек бөлігінің ұзындығы шектеулі нақты сан ретінде қарастырылады: Comp типінің бөлшек бөлігінің ұзындығы 0 (ноль) разряд, яғни болмайды, ал Currency типінің бөлшек бөлігінің ұзындығы 4 ондық разряд. Бұл аталған екі типте 19..20 мәнді ондық цифрды сақтайтын үлкен бүтін санды анықтайды. Бұл типтерді бухгалтерлік есептеуде қолданған өте ыңғайлы.

Нақты мәліметтермен жұмыс істеу үшін орнатылған математикалық функцияларды пайдалануға болады: abs(x), arctan(x), cos(x), exp(x), frac(x)-санның бөлшек бөлігі; int(x)-санның бүтін бөлігі; ln(x)-натурал логарифм, Pi(П=3,141592653), Random-0..1 аралығындағы псевдокездейсоқ сан; Randomize-псевдокездейсоқ сандар генераторын орнату; sqr(x)- x-тің квадраты;  sqrt(x) – х-тің квадрат түбірі.

Псевдо кездейсоқ сандар генераторы – базалық деп аталатын қандай да бір бүтін санды алып, онығ разрядын белгілі бір анықталған алгоритм бойынша өзгертіп, нәтиже ретінде жаңа санды береді. Сонымен бірге, функцияға оралғанда жаңа сан базалық болады және т.с.с. (сөйтіп процедура алгоритмі жұмыс барысында өзгермейтін сандар псевдокездейсоқ сандар  деп аталады ).

System жүйелік модульінде кез келген программада автоматты түрде кіруге мүмкін болатын базалық сан RandSeek айнымалысында сақталады және оның барлық уақытта бастапқы мәні 0-ге тең. Бұл Random функциясына әр түрлі программамен оралғанда бірдей кездейсоқ сандар тізбегінің шығатынын көрсетеді. Мысалы, төмендегі оқу программасының BbRunClick терезесінде 300 кездейсоқ сан шығарылады, олар 20 саннан жолға топтастырылып, егер сан үш цифрдан кем болса, нольмен толықтырылады. Егер программаны қайтадан орындайтын болсақ, дәл сондай сандар тізбегін аламыз.

Procedure TfmExample.bbRunClick(Sender:TObject);

Var k:integer;  s, ss:string;

Begin

S:=’’;

For k:=1 to 300 do

Begin

Ss:=IntTostr(Random(1000));

While Length(ss)<3 do

Ss:=’0’+ss;

S:=s+ss+’’;

If k mod 20=0 then

Begin

mmOutput.Lines.Add(9);

s:=’’

end

end

end.

Randomizeпроцедурасың көмегімен Randseek айнымалысына сандардың басқа тізбегін шығыратын басқа тізбегін шығаратын жүйелік уақыттың сан-

дық мәні орналасады.

2.5. Күн және уақыт типі.

Күн және уақыт типі TdataTime стандартты идентификатормен анықталады, ол уақытты және күнді бір мезгілде сақтауға арналған. Жадыдағы ішкі орналасуы бойынша 8 байт орын алады, Currency типіне ұқсас, шектеулі бөлшек бөлігі бар нақты сан: санның бүтін бөлігінде күн, бөлшек бөлігінде уақыт сақталады. Күн және уақытпен жұмыс жасау үшін мына қосалқы программалар қолданылады:

  • Function Date:TDateTime;-ағымдағы күнді береді;
  • Function DateToStr(D:TDateTime):String;-күнді символдар жолына түрлендіреді ;
  • Function DateTimeToStr (D:TDateTime):String;-күн мен уақытты символдар жолына түрлендіреді;
  • FunctionFormatDateTime(Format:String; Value:TDate time):String;-күн мен уақыт Format параметрінің спецификаторына сәйкес Value параметрінен символдар жолына түрлендіреді.
  • Function Now : TdateTime;-ағымдағы күн мен уақытты береді;
  • Function Time:TDate Time;-ағымдағы уақытты береді;
  • FunctionTimeTostr(T:TDateTime):String-;уақытты жолға айналдырады;

Төмендегі BbRunclick TdateTime өңдеуші оқу программасының көмегімен енгізу жолына кез келген нақты санды енгізіп, оны TdateTime типінің мәні ретінде көруге болады:

Procedure TfmExample.bbRunclick(sender:TObject);

Var k:double;

Begin

Try

K:=StrToFloat(edinput.text);

Except

ShowMessage;(“Нақты санның жазылуында қате бар”);

Editput.SelectAll;

Exit

End; //Нәтижені күн-уақыт ретінде көрсетеміз

LBOutput.Caption:=FormatDateTime(‘dd.mm.yyyhh:mm:ss,k’);

//Енгізу жолын Edinput-қа айналдыру

Edinput.SetFocus;

End;

2.6. Құрылымдық  типтер және олардың түрлері.

Кез келген құрылымдық типтер осы элементтер типін құрайтын жиынмен сипатталады.  Object Pascal тілінде оларды 4-ке бөлуге болады: массивтер, жазулар, жиындар, файлдар. Object Pascal тілінде типтер бірінің ішінде бірі еркін орналаса  алады, олардың кез келгенінің ұзындығының қосындысы 2 Гбайттан аспауы тиіс.

  1. Массивтер

     Массив – бір типті нысандар (объектілер) жиыны. Массивтер бір өлшемді (сызықтық), 2 өлшемді (матрица) не көп өлшемді болуы мүмкін. 2 өлшемді матрицаны 1 өлшемді массивтерден құралған массив деп санауға болады.

Object Pascal тілінде массивтерді сипаттау Турбо Паскальдағы сияқты. Сипаттау бөлімі келесідегідей:

Туре

<түрдің атауы>=array[<индекс түрлерінің тізімі>] of

<кез келген реттік түрі>, немесе айнымалылар бөлімінде бірден

Var

<айнымалының атауы>:array[<индекс түрлерінің тізімі>] of <кез келген реттік түрі>- анықтауға болады.

Мысалы,

а: array[<1..10>] of integer ;// бүтін сандар жиымы.

b:array[1..8] of real; // нақты сандар жиымы.

c:array[0..5] of string; // жолдық типті жиым.

Object Pascal тілінде массивтер басқа программалау тілдеріндегі элементтер типіне ұқсас келеді. Массивтердің айырымдық ерекшеліктері олардың компоненттерінің бәрі бір типті мәліметтер болады (құрылымдық болуы мүмкін). Бұл компененттеріді өте оңай реттеуге және олардың реттік номерін көрсету арқылы кез келгенімен жұмыс істеуге болады, мысалы:

Type

Digit=array[0779] of char;

Matrix=array[byte] of single;

Var

M:matrix:

D:digit:

I:integer:

Begin

M[17]:=ord(d[I-1])/10;

End.

Массивтер типі төмендегідей сипатталады:

<тип аты>=array[<индекс түрлерінің тізімі>] of <тип аты>;

Мұндағы <тип аты>-идентификатор атауы;

Array, of-қызметші сөздер;

<индекс түрлерінің тізбегі>-үтір арқылы ажыратылатын бір немесе бірнеше индекстік типтер тізбегі.    Object Pascal тілінде индекстік тип ретінде өлшемі 2 Гбайттан артпайтын кез келген реттелген типті пайдалануға болады. Айнымалыны массив ретінде анықтауға болады, массив типін алдын-ала сипаттамай-ақ, айнымалы ретінде тікелей сипатталынады. Мысалы:

var

a, b:array[1..10] of real:

Әдетте, индекстік тип ретінде аралық тип пайдаланылады, мұнда индекстің шекарасының өзгерісі беріледі. Массивті сипаттауда of сөзінен кейін орналасқан Object Pascal – дың кез келген типі болуы мүмкін, тіпті басқа массив болуы мүмкін.

Динамикалық массивтер.

Delphi  ортасынан бастап динамикалық массивтер деген ұғымдар енгізілген. Осындай түрде анықталған массивтердің индекстер аралығының анықталғанының керегі жоқ және массив ішкі жады кеңістігінде орналасқан.

Динамикалық массивтердің идентификаторы негізінде массивтің элементтеріне бөлінген аймақтың 1-ші байтының адресі-сілтеме болып табылады. Сондықтан массивке бөлінген жадыны босату үшін массив идентификаторына NIL мәнін меншіктесе жеткілікті(немесе FINALIZE процедурасын қолдануға болады).

Орнатылған динамикалық массивтердің кез келген өлшем идентификаторының шегін өзгерту үшін жаңа массивке керек аймақ алдын-ала даярланады және бұрынғы массивтердің элементтері жаңа аймаққа орналасады, содан кейін ескі массивке бөлінген жадының аймағы босатылады.

Object Pascal тілінде динамикалық массвтердің 2-ші және одан арғы өлшемінің ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін.

 

Жазулар.

    Жазулар – бұл өріс деп аталатын шектеулі компоненттер мөлшерінен тұратын мәліметтер құрылымы. Массивтерден айырмашылығы жазудың компоненттері (өрістері) әртүрлі типті болуы мүмкін. Жазудың қандай да бір компонентіне сілтеме жасау үшін өріске атау беріледі.

Жазуларды сипаттау форматы төмендегідей:

<Тип аты>=record

<өрістер тізімі>

End;

Мұндағы <тип аты>-жазудың аты;

Record, end;-қызметші сөздер(жазу соңы дегенді білдіреді);

<өрістер тізімі>-өрістер тізімі, ол нүктелі-үтір арқылы ажыратылып жазылған жазулар бөлімдерінің тізбегі.

Жазудың әрбір бөлімі бір немесе бірнеше өріс атауларынан (идентификатор) тұрады, олар бір-бірінен үтір арқылы ажыратылып жазылады. Идентификатордан кейін қос нүкте қойылып, өрістер типі сиатталады. Мысалы,

Type

Birth Day=record

Day, Month:Byte;

Year:Word;

End;

A, B:BirthDay

Бұл мысалда BirthDay типі,өрістері Day, Month, Year болып келген жазу; А және В айнымалылары BirthDay типті жазудан тұрады.

Массивтегідей, жазу типті айнымалының мәнін типі дәл сондай басқа айнымалыға меншіктеуге болады, мысалы,

a:=b;

Егер 09рама атау пайдаланатын болса6 жазудың әр компонентіне кіруге мүмкіндік алуға болады. Яғни айнымалының атын көрсетіп, олан кейін нүкте қойылып өріс аты жазылады:

a.day:=27;

b.year:=1963;

Қабаттасқан өрістер үшін нақтылауды жалғастыра беруге болады:

Type

BirthDay=record

Day,Month:Byte;

Year:Word;

End;

Var

C: record

Name:string;

Bd:BirthDay;

End;

Begin

If c.Bd.year=1963 then…

End;

Жазудың өрісіне кіруді жеңілдету үшін Width жалғастыру операторы пайдаланылады.

Width <Айнымалы> do <оператор>;

Мұндағы Width, do-қызметші сөздер; <Айнымалы> -жазу типті айнымалы, мұнда бірінің ішіне бірі орналасқан өрістер тізімі жазылады;  <оператор>-    Object Pascal тілінің кез келген операторы.

Хабарланған жазудағы өрістердің атауы бірегей болуы тиіс. Егер жазу жазу өрістерінен тұратын болса, олар бірінің ішіне бірі орналасқан болса, онда олардың атаулары қабаттасудың әртүрлі деңгейлерінде қайталануы мүмкін.

Жиындар.

    Жиындар-бір-бірімен логикалық байланысқан бір типті объектілер жиыны. Объектілердің арасындағы байланыстардың сипатын програмист көрсетеді, оны Object Pascal тілі ешқандай да бақыламайды. Жиынға кіретін элементтер саны 0 мен 256 аралығында өзгеруі мүмкін. Бірде бір элементі болмайтын жиын бос жиын деп аталады. Элементтер санының тұрақты болмайтындығы арқылы жиындарды массивтер мен жазулардан ажыратамыз.

Екі жиын зквивалентті деп есептеледі, тек сонда ғана олардың  элементтері тең болса (яғни бірдей болса), жиын элементтерінің орналасу ретіне ешқандай мән берілмейді (қалай орналасса да бәрібір). Жиындардың берілуі мен анықталуына мысал:

Type

digitChar=set of ‘0’..’9’;

digit=set of 0..9;

var

begin

s1,s2,s3:digitChar;

s4,s5,s6:digit;

begin

s1:=[‘1’,’2’,’3’];

s2:=[‘3’,’2’,’1’];

s3:=[‘2’,’3’];

s4:=[0..3,6];

s5:=[4,5];

s6:=[3..9];

End.

Бұл мысалдағы s1 мен s2 жиындары эквивалентті, ал s3 жиыны s2 жиынының ішіне кіреді.

Жиын типтерінің жазылу форматы мынандай:

<тип аты>=set of<базалық тип>;

Мұндағы <тип аты>-жиын типінің идентификаторы, set, of-қызметші сөздер, <базалық тип>-жиын элементтерінің базалық типі ретінде word, integer, Longint, intb типтерінен басқа кез келген реттелген тип алынады. Жиын элементтерін беруде жиын конструкторы пайдаланылады: бір-бірінен

үтір арқылы ажыратылған жиын элементтерінің тізімі, тізім квадрат жақшаның ішіне орналасады.

Жолдар.

Object Pascal тілінде мәтіндерді өңдеу үшін төмендегідей типтер қолданылады:

  • ShortString шағын жол немесе String[N], мұндағы N<=255
  • String ұзын жол;
  • WideString кең жол;
  • Pchar нөлдік терминалдық жол.

Бұл типтердің бәріне ортақ нәрсе әрбір жол символдардан құралған бір өлшемді массив ретінде сипатталуында, ал жұмыс істейтін программада символдар мөлшері өзгеріп отырады: String[N] үшін жолдың ұзындығы 0-ден N-ге дейін, ал String және Pchar үшін 0-ден 2 Гбайтқа дейін өзгереді.

Ең үлкен ұзындықты шағын жолды хабарлау ShortString стандартты типі арқылы жүзеге асады. Windows-де нольдік терминалдық жол жиі пайдаланылады, ол #0 символымен шектелген символдар тізбегін береді. Мұндай жолдардың ең үлкен ұзындығы жадының үлкендігімен шектеледі. OLE технологиясына негізделетін компоненттер мен үйлесімділік үшін Delphi 32- де WideString стандартты типімен хабарланатын тең  енгізілген. Олар өздерінің қасиеттері бойынша String жолымен бірдей, бірақ әрбір символды беру үшін 2 байт пайдаланылады.

STS ұзын жолын хабарлағандағы жадының жұмыс механизмі төмендегідей: компилятор жады ұяшығының нөмірін орналастыруға жеткілікті болатын айнымалы үшін 4 байт орын бөледі. Бөлінген орынға символдық жол орналасадыү. Мұны  STS айнымалысы жолға сілтеме жасады дейді. Мұндай өңдеушінің бірінші операторыорындалғанда программа  “символдар жолы” символдар тізбегінің ұзындығн анықтап, операциялық жүйеден 15+5=20 байт орын бөлуді талап етеді.    STS айнымалысына бірінші бөлінген байттың нөмірін орналастырады.

Procedure TfmExample.bbRunClick(Sender:TObject);

Var

STS,STSS:String;

Begin

STS:=’Символдар жолы’;

STSS:=STS;

STS:=’бұл’+STS;

STS[7]:+’д’;//жолдағы символдар 1-ден бастап нөмірленеді.

LBOutput.Caption:=STS;//”бұл символдар жолы” деген жол шығады.

End;

Сондай-ақ, осы бөліктен бастап символдар тізбегін орналастырады да, терминалдық нольмен және 4 байттық есептегішке сілтемемен аяқтайды. Программаны жүргізу кезіндегі мұндай орналастыру динамикалық деп аталады, сонымен бірге компиляция кезеңіндегі орналастыру статистикалық деп  аталады. Жадымен жұмыс істеу кезінде сілтеме есептегіш маңызды роль атқарады:

STSS:=STS;

Оператар орындалғанда STSS айнымалысының мәнін орналастыруға жадыдан орын бөлінбейді, STSS айнымалысына STS айнымалысының мәні меншіктеледі, оған байланысты жадының сілтеме есептегіші 1-ге артады. Сөйтіп, екі көрсеткіш де жадының бір бөлігіне сілтеме жасайды, оның сілтеме есептегішінің мәні 2-ге тең болады.

STS:=’бұл’+STS;

Оераторы орындалғанда сілтеме есептегіші 1-ге кемиді, жадыдан жаңа ұяшық бөлінеді, ұзындығы 20+6꞊26 байт. Жадының бұл ұяшығының көрсеткіші STS айнымалысына барып орналасады да, жадының өзіне »бұл символдар жолы» деген символдар тізбегі, сілтеме есептегішінің бірлігінен тұратын терминалдық ноль орналасады. Сөйтіп, STSS және  STS айнымалылары жадының әртүрлі бөліктеріне сілтеме жасайды.

String және ShortString типтері.

Ішкі орналасуындағы айырмашылыққа қарамастан қысқа ShortString және ұзын String жолдарының қасиеттер програмист үшін бірдей. Жолдың ағымдағы ұзындағын Length функциясының көмегімен алуға болады.

Мысалы келесі оператор барлық соңғы бос орындарды алып тастайды:

While (Length(STS)<>0) and (STS[Length(STS)]=’’) do

Set Length(STS,Length(STS)-1);

Бұл мысалда стандартты Set Length процедурасы жолдың жаңа ұзындығын тағайындайды. Жолдарға жалғастыру операциясын қолдануға болады. Мысалы:

STS:=’a’+’b’; //STS’’ab’’

STS:=STS+’c’; //STS’’abc’’

Егер жалғанған жолдың ұзындығы жолдың көрсетілген N ұзындығынан артып кететін болса, онда артық символдар түсіп қалады. Мысалы, келесі программа “l” символын береді.

Procedure TfmExample.bbRunClick(Sender:TObject);

Var

SSS:String[l];

Begin

SSS:=’123’;

LBOutput.Caption:=SSS;

End;

Қатынас операциялары: =, <>, >, <, >=, <=, символдардың ішкі кодталуын ескере отырып, символмен тексерілетін екі жол үшін орындалады. Мысалы, төмендегі қатынастар True мәнін береді:

‘A’>’1’

‘Object’<’Object Pascal’

Жолдар мен символдарға қолданылатын қалған операциялар арнайы стандартты процедуралар мен функциялар арқылы жүзеге асырылады.

Қорытынды

Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорыта келе,  негізгі бөлімдегі 1-ші бөлімінде мәліметтер типі дегеніміз не, және мәліметтер типі нені анықтайтынын білсек, 2 – ші бөлімде жалпы осы мәліметтер типінің түрлерімен таныстық яғни олар: қарапайым (реттелген типтер немесе санаулы типтер, нақты типтер, мерзім – уақыт типтері жатады), құрылымды түрлер (жазбалар, жиындар, жолдар, файлдар және варианттар жатады).

Мысалы олардың кейбіреуіне анықтама бере кетсек, реттелген немесе санаулы типтер дегеніміз – берілгендердің реттелген мәндерімен анықталатын типтерді атайды. Бұл реттелген типтің өзіне : бүтін, логикалық, символдық, саналатын және аралық типтер жатады. Нақты типтер кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтін мен бөлшек бөліктерін нүкте арқылы бөлінген күйде жазылады. Көптеген компоненттер жиынынан немесе біртекті реттелген объектілердің мәнінен тұратын күрделі типтерді құрылымдық типтер деп атайды, және сол сияқты бұл курстық жұмыста басқа да тип түрлеріне тоқталып кеттік.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Н. Культин « Основы Программирования в Delphi7 »
  2. В. В. Фаронов « Delphi 6 »
  3. «Информатика негізі» журнал
  4. К. З. Халықова, А. Р. Тұрғанбаев, Б. Ғ. Бостанов «Программалау тілдерін оқыту»

ПІКІР ҚАЛДЫРУ