«Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» (сценарий)

0
9019
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы»

«Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» атты кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімдеміз басар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.

1-жүргізуші:

Бар мұрадан – қасиетті мұрам ең

Данасың ғой, болар әр кез дана кең

Менің мөлдір, сұлу Ана тілімнің

Шырақшысы – сен аман бол, Қара өлең! – деп кезекті қара өлеңге берсек
1 «Ә» сынып оқушысы Молдан Кәусар Мұқағали Мақатаев «»

2-жүргізуші:

Сөз — шырақ, Көз алдыңды жарқыратқан

Cөз — бұлақ, таудан суын сарқыратқан

Cөз — теңіз, төлегейін тулататын,

Сөз — тұлпар, сәйгүлік ой арқыратқан- деп кезекті көркем сөзге берсек

1-жүргізуші:

Қара өлеңнің мекені – Қарауылға келемін,
Қара өлеңнің қамы еді, қарап жүрмей жегенім.
Қарағанның ішіне көп тығылып ойнайтын,
Қара өлеңге құмартқан қара бала мен едім.

9 «А» сынып оқушысы Қасқарбек Аружан «»

2-жүргізуші:

Тұнығыңды лайламайын қара өлең,
Тұмарың боп жалғанайын қара өлең
Сен қуат бер, көтер мені биікке,
Ақын дейтін менде де бар бір өнер
Абай ата, Мағжан жыры жалғасқан
Ұйқасым бар түйнек түйек алдаспан.
Шамаң келсе өлеңіме ұйқас бер,
Шабыттанам жігер рухым талмастан

7 «Ә» сынып оқушысы Қонысбаева Нұрбақыт «»

1-жүргізуші:

Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.
Түзу-түзу тілінген таспадайын,
Қамшы өремін таспадан басқадайын.

10 «Ә» сынып оқушысы Есбосынқызы Алуа «»

2-жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

2-сынып оқушылары вальс

1-жүргізуші:

Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.

Алдарыңызда қазіргі үнді биі,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте 4-сынып оқушылары

«Үнді биі», қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші:

Өнер –ердің қанаты, шабыт құсы,

Би көтереді жоғары алып күші

Өнер болса бойыңда сөнбейтұғын

Сарайыңның болады жарық іші,

деп кезекті мың бұралған бишілерге беріміз.

3-сынып оқушылары «Көктем» биімен

1-жүргізуші:

«Алау болып жанамыз,
Жеңісті біз аламыз»,-
Деп келіпті бишілер
Қуана қарсы аламыз!

6-сынып оқушылары

2-жүргізуші:

Қазақтың күйлері көп «Көңілашар»,

«Сарыжайлау» «Сарыарқаға» кеп ұласар.

Күй қылып күллі әлемді құшаққа алған,

Қазақтың болмаған ғой тегі нашар! – деп кезекті күйге берсек!

«Сарыжайлау» күйі – орындайтын:

9 «Ә» сынып оқушысы- Бекқожа Ілияс

10 «Ә» сынып оқушысы- Есмуратов Али

1-жүргізуші:

Өнерімнің жалғасы – өлеңдерім,
Өлең барда биіктен көрінемін.
Әрбір жаққа шарлатып, ой – санамды,
Қазақтың ақынындай күйге енемін!

Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы 3 сынып оқушылары

«Тәуелсіз қазақтың қызымын» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,

Тыңдағанда, көңілдің өсері бар, — деп Абай атамыз жырлағандай әнге кезек берсек

2 «Ә» сынып оқушысы — Тұрғынбай Нұргүл «Туған жер» әнімен

1-жүргізуші:

Туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлеңмен жер қойнына кірер денең
Өмірдегі қызығыңның бәрі өлеңмен
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең

Қарсы алыңыздар ортада 11 «А» сынып оқушысы Орнальдина Аруана «» әнімен

2-жүргізуші:

Қаншама адам танылған өнерменен,
Өнердің арқасында, шалқып жүрген.
Денеңді шымырлатып, толқытатын,
Мәңгілік басымды ием, өнерге мен- деп кезекті әнге берсек. сынып оқушысы — «»

1-жүргізуші:

Түйіндей келе, біз, Жастар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күшімізді саламыз! Қазақстанның мәртебесін бірге көтерейік, достар!

Усенбекова Ғалия Ердаулетқызы
Алматы қаласы, Медеу ауданы 
№53 мектеп-гимназия


ПІКІР ҚАЛДЫРУ