Жарқын елдің шамшырағы – жас маман. (эссе)

0
2377
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Жарқын елдің шамшырағы – жас маман.

Бүгінгі күніміздің бейбіт елде,тәуелсіз елде өтіп жатқаны,күні кешегі қайтпас қайсар батырлардың, данышпандардың,қара табан қандас қазағымыздың арқасы екені баршамызға мәлім.Осындай жарқын,болашағы зор елде өмір сүріп,еңбек етіп жатқанымды мақтан етемін.Біз Қазақсанның болашағы.Өмірге шыр етіп келген соң,өсіп-өніп адам болуға ұлтының  тізгінін үстайтын азаматтардың бірі болуына ат салысасың.Білімсіздің күні қараң демекші,өз Отанын дамытуда айтарлықтай мол ілім алғаны жөн.Жеке өз басым, әлі де тыным тапай білім нәрімен сусындаудамын,жас маман болған соң әліде көп іздену керек.Елімізде ол үшін барлық жағдай жасалынған. Біз жастар ата-бабаларымыздың ат-тұяғымен дүбірлетіп өткен дүбірге толы дүниеде өмір сүріп еңбек етіп,еліміздің шамшырағы сөнбейтіндей әрекет істеуіміз қажет.

«Сөзіңмен мазалама,ісіңмен көрсет» деген екен.Ендеше,біз жас маман,жалпы жастар жас өскінге сөзден көрі ісімізбен үлгі өнеге болуымыз керек.Жарқын еліміздің даму көрінісі тікелей жастардың қолында.Санасы сергек,бәсекеге қабілетті,жаңа технологияларды меңгеруге бейім,жаңа ұрпақ тізімін қалыптастыру.Қазіргі таңда еліміздің ең басты мәселесі.Елбасымыз әлі де ол үшін мүмкіндіктер қатарын толтыруда. Сол үшін,енді тек біз жас ұрпақ, еңбек жолындағы жас маман халқымыздың арайлы таңын арттыру үшін,шамшырағын үнемі жарық қылу үшін талапты да,ұдайы талпынысымыз қажет.

Осы үдерісті үнемі халыққа жеткізе отырып,насихаттап,әрбір адам баласының еліне деген сүйіспеншілігін өятуымыз абзал. Кез келген ата-ана баласының білімді,білікті маман болғанын қалайды.Ал мұндай жетістіке жетер жолдың іргетасы – мектеп,сол мектепте берілген ілім жас жеткіншекке бар өміріннің қайнар бастауы,жарқын болашаққа апарар жол болып табылады.Өзім, жас маман қызметін,мектеп ордасында,ұлағатты ұстаз жолын атқарудамын.Күні-түні күні тыным таппай балаларды еңбекке баулу,ілім үйрету,іздену арқылы,жан-жақты ұрпақ тәрбиелеуіне ат салысып жүрмін.

Еліміздің ертеңі білімді жастар. «Білекті бірді,білімді мыңды жығады»деген ұлағатты сөзін,біліміңнің шын мәнінде баға жетпес,үлкен рухани қару ғана емес, зор күш екенін жас ұрпаққа жеткізу.Сондықтан қазақ жастарын білімге бағыттайқ.Біз,ұстаздар жастарға білім беретін ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге даярмыз.

Нурсултан Жунусов

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ