Әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Универсиада ойындарының оныншы алтынын Қазақстан қоржынына салды.
Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша, 94,91 ұпай нәтижесімен көш басында тұрған. Ал еркін бағдарламада төрешілер спортшыға 172,06 ұпай беріп, қос сайыстың нәтижесі бойынша, Тен 266,97 ұпаймен бірінші орын алды.
Ал күміс жүлде жапон мәнерлеп сырғанаушысы Кэйдзи Танаке (252,09), ал қола жүлде швециялық Александр Майоровқа (246,56) бұйырды.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рахымғалиев 204,23 ұпаймен 12 орынға тұрақтады.
Осылайша, Универсиаданың алтыншы жарыс күнінде қоржынымыз екі алтын бір қола медальмен толыға түсті.