Жаратылыстанудан сабақ жоспары: Тірі табиғат  

0
1506
Иллюстрация: Freepik.com
Пән: Жаратылыстану Сынып:1  
 Күні:

2. Бөлім. Тірі табиғат                                                                            

Бөлімше тақырыбы/дағдылар:

Мұғалім: Берлибаева Нургул Сагинжановна

№7 ЖББОМ

2.1 Өсімдіктер« Менің мектебім»

ортақ тақырыбы аясында

Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек?

 
Оқу мақсаттары (ОМ) ұзақ

мерзімді жоспардан

1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың

тәсілдерін сипаттау;

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына

бақылау жүргізу.

 
Жетістік критерийі: Бөлме және мәдени өсімдіктерді күту тәсілдерін сипаттау, қоршаған әлемнің құбылыстарын бақылау жүргізу.

Барлық оқушылар: бөлме және мәдени

өсімдіктерді күту тәсілдерін сипаттау;

Көптеген оқушылар: қоршаған әлемнің

құбылыстарына бақылау жүргізу;

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған

білімдерін өмірде қолданады.

 
Тілдік мақсаттар Тірек сөздер: тыңайтқыш, арамшөп.

Осы сөздерді үш тілде айтқызу.

 
Құндылықтар Сабақ барысындағы белсенді оқу жаттығуларыбарысында оқушылар бөлме өсімдігіне қалай күтім жасау керектігіне тәрбиелеу  
Ресурстар

 

АКТ қолдану дағдылары,аудиожазба,таныстырылым.

Оқулық

-Жұмыс дәптері

-Смайлктер, мағыналы суреттер,қима қағаздар.

 
Сабақтың жоспарлау кезеңдері Оқыту әдістері Бағалау әдістері
Сабақтың басы

 3 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Ширату жаттығу

Оқушыларға “Бағбанның қимылы” пантомимасын жасау. Олар топпен бағбанның қимылдарын ойлап тауып, сосыннеге олар осы қимылды көрсеткенін және әр қимылдың нені білдіретінін түсіндіреді.

Кері байланыс

Понтамиманы дұрыс жасайды, өмірмен байланыстырады.

Балаларды топқа бөлу.

1-топ «Сарғалдақ»

2-топ«Қызғалдақ»

3-топ «Түймедақ»

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сабақтың ортасы «Ой шақыру» әдісі.

1.Слайдтан не көрдіңдер?

2. Аттарын атаңдар?

3.Олар не үшін қажет?

Оқулықпен жұмыс.

Олардан суреттердегі құрал-саймандарды анықтап, осы құрал-саймандармен қалай жұмыс істеу керектігін айтқызу және сол қимылдарды жасап көрсету.

Қ/Б: «От шашу»

Т/Ж: «Ойлан,топтас,талқыла»

Күтім жасау. Мынадай сұрақтарды қою: “Өсімдік өсіп тұрған топыраққа да күтім жасау керек пе? Әлде өсімдікке ғана ма? Неге? Өсімдіктің қай бөлігі топырақта орналасқан? Тамыр топырақтан не сіңіреді?”

 

Оқушылардың назарын суреттерге және берілген жазуларға аударту. Бала не істепжүр? Егерөсімдіктісуармаса, оған не болады? (Солыпқалады.) Тыңайтқыштар не үшінкерек? (Уақытөтекеле, топырақтағықоректікзаттаржойылады, сондықтаноғантыңайтқыштарқосыпотыруқажет.) Топырақты неге қопсытукерек? (Тамырғаауажақсыжетеді.)

 

Зерттейік.Бұл тапсырманы оқушылар жұппен жұмыс істейтіндей етіп ұйымдастыру, ал егер сыныптағы бөлме өсімдіктері жеткілікті болса, оқушылар жеке жұмыс істейді.Әр топқа сусепкіш, пульверизатор, шүберектер және таяқша беру.

 

Төмендегі нұсқауларды басшылыққа алу.

1.Өсімдіктің ерекшеліктерін ескере отырып, оны суару.

2.Сосын топырақты таяқшамен қопсыту.

3.Жапырақтардың шаңын сүртіп, су бүркіп, шаңын сүрту.Осы іс-әрекеттерді өсімдікке зиян тигізбей істеу керектігін егжей-тегжейлі түсіндіру.

Тапсырманы орындау алдында сұрақ қоямын: “Егер өсімдікті дұрыс суарып, топырағын қопсытса, не болады?”

Ойларын тыңдау. Мүмкін кейбір оқушылар: Өсімдік басқаша көрінетін болады”, — дейтін болар. Мысалы, гүлдейді. Зерттеуді жасап болған соң: “Олардың болжамдары дәл келді ме?” — деп сұраймын. Оқушылар кейбір болжамдар орындалмады деген қорытынды жасауы мүмкін. “Болжамдар нәтижемен сай келу үшін не істеу керек?” — деп сұраймын. (Өсімдікке ұзақ уақыт бойы күтім жасау керек.)

Нәтижелер тезірек көріну үшін тағы не істеуге болатынын сұраймын. (Тыңайтқыштар себу, басқа орынға ауыстыру.) Осылайша, оқушылар зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижелері алға қойған болжамдармен сай келмеуі мүмкін екенін және зерттеу әдісін жетілдіру керектігін түсінеді.Осы жұмыстың нәтижесінде оқушылар бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керектігін түсінеді.

Ауызша кері байланыс жасаймын. Күтім жасау керек екенін түсінді.

Қ/Б: «Бағдаршам»

Сергіту сәті

Мұғалімнің сыйы : Тапсырма

Суреттерді төменде берілген сөздермен сәйкестендіріп сызыңыз. Өсімдіктерге күтім жасау туралы әңгімелеңіз.

Дескриптор: Білім алушы -сөздерді суреттермен дұрыс сәйкестендіреді; — өсімдіктерге күтім жасау туралы әңгімелейді.

Қ/Б: «Смайлк»

«Қамқор бол» әдісі

Оқушылардан арамшөптер туралы не білетінін сұраймын. Неге адамдар арамшөптерді жойғысы келеді?

Ойын : Балалардың бірі мәдени өсімдік ,қалғандары арамшөп болады. Балалар сығылысып бір-біріне өте жақын жүреді. Мәдени өсімдік болған бала қысылғандықтан қолын көтереді . Сұрақтар қою арқылы арамшөптердің зияндығын білдіру.

-Оған қиын болды ма? Неге?

-Қандай қорытындыға келуге болады?

Арамшөптер мәдени өсімдіктерден су мен қоректік заттарды тартып алады. Нәтежесінде, одан аз өнім алынады.

Кері байланыс ауызша

Көмектес!

Күнбағыс жақсы өсу үшін не істеу керек?

Күнбағыс жақсы өсу үшін не істеу керектігін анықтайды. Күнбағыстың күтімі жайлы біледі. Арам шөптердің зиян келтіретінін айта алады.

Қ/Б: «Бас бармақ»

«Ұқыпты кім» әдісі

Жұмыс дәптері 9-бет.

Қ/Б: «Жетондар»

Бір сөйлеммен түйіндеу.

Оқушылар  тақырыпты түйіндейтін бір сөйлем айтады.   Содан кейін сөйлемдердісынытастары бағалайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолпаштау арқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы Рефлексия:

Сабақ басында қойылған критерий және күтілетін нәтиже бойынша рефлексия жасау

— не білдім, неге үйрендім

— не түсініксіз болып қалды

— не бойынша жұмыс істеу керек

Оқушылар өздерінің және сыныптастарының жұмысын критерий бойынша бағалайды

 

 

 

 

Өткізген сабақ бойынша мұғалімнің рефлексиясы   
1) ОМ жеткен және жетпеген оқушылар саны

2) Егер жетпесе, себебі не?

3) Жоспардан қандай ауытқулар болды, неге?

   
Жалпы баға

ОМ жету үшін қандай әдіс – тәсілдер тиімді болды?

Сабақтың жақсы өтуіне не әсер етуі мүмкін еді?

Келесі сабақта неге көңіл қою керек (сыныптың, оқушылардың жетістіктері

мен кемшіліктері)?

 

 

Дереккөз: Sabaq.kz

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ