Сабаққа қойылатын талаптар:
Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді.
Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жақсы жасалуына байланысты. Сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы, мазмұнының қысқаша жоспары, білімдік және тәрбиелік мақсаты мен тапсырмалар, құрал-жабдықтар, көрнекіліктер, сабақтың құрамының кезеңдік түрлері, оқыту әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдердің түрлері жазылады.
Сабақ жоспарын жасаған уақытта мұғалім сол өтілетін тақырыбының мазмұнына сай оқыту әдісін дұрыс таңдай білуі тиіс. Мұғалімдер оқыту әдістерінің жіктелуіне түрлі жол таба білуі керек.
Ғылыми әдебиетте жіктеудің 20-дан астам түрі бар.
Солардың ішінде ең кең тараған түрі: Огородников, Бабанский, Лемберг сынды ғалымдар ұсынған оқыту әдістерінің жүйелері.
Олар оқыту әдістерін үш топқа бөлген:
- Ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс)
- Көрнекілік (суретпен сипаттау, картамен жұмыс)
- Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар.
Бұл жүйе білім алудың негізгі түпнұсқасына негізделген. Егер балалардың есту қабілеті арқылы ақпараттың 20%, көру қабілеті арқылы 40-60% қабылдай алатынын ескерсек, бұл әдістердің тиімді екеніне дау жоқ.
Сабақта мұғалімнің шеберлігі оқыту әдістемесін жақсы меңгерумен қатар педагогикалық ғылымдағы жаңа әдіс-тәсілдер мен шығармашылық жұмыстарды ұтымды пайдалануынан да көрінеді.
Оқу-тәрбие жұмысындағы нәтижеліліктің басты белгілері мұғалімнің жеке басының білімділігі, шеберлігі, өмір танымы, өз пәніне шәкірттерін иландырып қызықтыра білуінде. Ең бірінші, мұғалім өз пәнін сүйетін, терең білімді, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ізденгіш, әдіскер, шебер болуы керек. Оның үстіне өз пәнін талдай алатын теориялық білімі мол, сауатты болуы шарт.
Екіншіден, шәкіртермен қарым-қатынасының жоғары мәдениеттілігі талап етіледі. Мұғалім шәкіртімен терезесі тең адамдай сөйлесіп, оларды өз ойларын қысылмай-қымсынбай айтуға, пікірін еркін, ашық айтуға тәрбиелеп отыруы керек. Оқушы мұғалім қойған талапты зорлықпен емес, саналылықпен орындасын. Сонда ғана оқу да, тәрбие де арнасына түседі.
Технологиялық талаптар: Мұғалім өзі сабақ беретін сыныбындағы оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік-жігерін, т.б. психологиялық жағдайы сабақ үрдісіне ерекше әсерін тигізеді.
Мұғалімнің көңіл-күйі, жинақтылығы, жүріс-тұрысы оқушыларға беріліп, оқу еңбегінің дұрыс немесе бұрыс болуына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл-күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет.
Оқушылардың жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеруі мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.
Гигиеналық талаптар: Сынып бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол болып түсуі- балалар денсаулығының кепілі. Мұғалім оқушыларға шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек.
Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады. Ақпаратты қабылдауды өмірлік тәжірибемен ұштастырмау дұрыс емес. Ең бастысы, дененің әр түрлі сезім мүшелері бірдей жұмыс істеуін қатаң ескеру қажет. Мұндай үзіліс оқушының демалып, әр түрлі органдарының қалыпқа келуіне әсер етеді.
Сабақтың үш мақсаты:
Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың негізгі компоненттері:
- Ұйымдастырушылық— сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.
- Мақсаттылық— оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
- Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.
- Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.
- Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.
- Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.
- Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.
- Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.
Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері:
- Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;
- Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;
- Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;
- Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;
- Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;
- Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;
- Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;
- Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;
- Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;
- Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;
- Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;
- Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;
- Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;
- Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;
- Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;
Белгіленген талаптарға сәйкес сабақ жоспарын жазу.
Өткізілген сабаққа мұғалімнің талдау жасау алгоритмі
- Қандай талаптар басшылыққа алынды?
- Тақырыптағы сабақтардың өзара байланысы қалай есепке алынды?
- Оқушылардың ерекшелігі: нашар және жақсы оқитын оқушылар ерекшелігі қалай есепке алынды?
- Сабақтың үш мақсаты қалай анықталды?
- Оқушылардың іс-әрекеті қалай жоспарланды?
- Сабақтағы оқу материалы дұрыс таңдалды ма?
- Мұғалім мен оқушылардың әдіс-тәсілдері өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?
- Қолданылған техникалық оқу құралдары мен көрнекіліктер өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?
- Оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына не ықпал етті?
- Оқушылардың өзіндік жұмыстарының педагогикалық құндылығы неде?
- Сабақ оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға, олардың тәрбиесі мен адамгершілік қасиеттерінің дамуына, жігері, мінез-құлқы мен жеке мәдениетіне қалай әсер етті?
- Барысы: не көзделіп, қалай өтті?
- Сыныпта, жекелеген оқушыларда қандай қиындықтар туындады? Олардың пайда болу себептері мен шешу жолдары.
- Сабақ мақсаты мен міндеттеріне жетті ме, қандай көрсеткіштер бойынша ол анықталды, егер сабақ өз мақсатына жетпесе, не кедергі болды?
- Сабақ нәтижелілігін бағалау.
- Мұғалімнің өзін бағалауы.
- Сабақты жетілдіру жолдары.
Сабаққа қойылатын талаптар:
- Қазіргі кездегі ғылымның соңғы жаңалықтарын пайдалану.
- Сабаққа дидактикалық ұстаным мен ережелерді тиімді пайдалану.
- Оқушылардың қызығушылын,қабілетін біле отырып,қажеттілігін өтеу,дарынын дамыту.
- Пән аралық байланыс құру.
- Оқушылардың бұрынғы алған біліміне сүйене отырып,оқушыны жаңа деңгейге көтеру.
- Оқушылардың белсенділігін арттырып қажеттілігіне түрткі (мотивация) жасау.
- Оқу-тәрбие жұмысының барлық кезеңдерінде қисындылықты (логичный)және көңіл күйді ұйымдастыру.
- Педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігін арттыру.
- Алынған білімді іс жүзінде өмірмен байланыстыру.
- Практикалық білім,білік дағдыны қалыптастыру еңбекке үйрету.
- Үнемі әрі үздіксіз білім алу қажеттігін ұйымдастыру.
- Әрбір сабақты талдай,болжай .жоспарлай және құрастыра білу
- Оушылардың өздігінен білім алуға,кітаппен жұмыс істеуге үйрету.
- Сабаққа оқытудың жаңа технологиясын пайдалану.
Сабақты жоспарлау сапалы білім алудың негізгі кепілі. Сондықтан сабақты жобалау мынадай іс-шаралардан тұрады:
- 1-сабақтың типін анықтау.
- 2-сабақтың мақсатын белгілеу
- 3-сабақтың нәтижесін жоспарлау
- 4-сабақ өткізудің жағдайын жасау
- 5-сабақ өткізудің әдісін таңдау
- 6-сабақ өткізудәң тиімді формасын таңдау
- 7-сабақтың құрылымын жасау ( жүе,жоспар)
- 8-оқыту әдісін және сабақтың қосымша элеметтерін ұйымдастыру.
- 9-сабақ мазмұнын толықтыру,мәліметтермен байыту.
- 10-Оқыту құралдарын таңдау
- 11-педагогикалық технологияны ұйымдастыру және өткізу.
- 12-сабақ имиджін қалыптастыру.
Талдау дегеніміз — заттың (құбылыстың(қасиеттері бойынша оша бөлікк жіктелінуі,салыстырылуы және танылуы.Қазіргі таңдағы ғылымда көптеген талдаудың түрлері бар.
Сабақты талдау мұғалімнің педаогоикалық іс-әрекетін яғни оқыту нобайын (формасын) және оқушының іс-әрекетін ,оқу үрдісін талдау болып табылады.Сабақты талдау көп қырлы үрдіс.Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік және психологиялық қабілетін ,қасиетін әрі ұйымдастырушылық,коммуникативтік,танымдық қабілетін әрі оқушылардың мүмкіншілігімен қабілетін,әлеуметтік жағдайын және білім,білік,дағдыларды қабылдауын талдау болып табылады.
Білім беру үрдісі өте күрделі бірнеше компоненттерден тұратын үрдіс.Білім беру үрдісін оқушылардың алған білімін бағалау және талдау үрдісі аяқтайды.Кез келген оқыту үрдісі кезінде «кері байланыс» яғни оқушыларға берген материалын қайтарып алу үрдісі жүргізіледі.
Осы «кері байланысты»алу және оның мән мағынасымен,мазмұнын жіктеу үрдісі бірнеше түрге бөлінеді:
- Сабақты құрылымы бойынша талдау (8 кезең бойынша талдау.Ю.Конаржевский )
- Сабақты жүйелі талдау (мақсаты-мазмұны-әдісі-нобайы-нәтижесі Т.Шамова)
- Жүйелі талдау (мұғалім-оқушы компоненті бойынша және 3 жүие мақсаты-нәтижесі-әдісі бойынша В.П.Симонов)
- Сабақты аспектісі бойынша талдау (сабақтың негізгі аспектісі бойынша талдау Г.К.Селевко)
Бұдан басқа сабақты талдаудың уақытқа,жағдайға байланысты жылдамдатылған қысқаша да түрлері баршылық.Олар:
- Қысқа талдау
- Толық талдау.
- Кешенді талдау
- Дидактикалық таладау
Сабақты құрылымы бойнша талдау. Сабақта 8 кезең болатыны белгілі. Олар:
- 1.Ұйымдастыру.
- 2.Үй тапсырмасын сұрау.
- 3.Білімді жалпы тексеру.
- 4.Оқушыларды жаңа материалды игеруге даярлау.
- 5.Жаңа материалды игеру.
- 6. Жаңа материалдың түсінгені тексеру.
- 7.Жаңа материалды бекіту.
- 8.Үйге тапсырма беру.
Сабақтың әрбір кезеңі мынадай параметрлермен далданады:
- Кезеңнің дидактикалық міндеті
- Кезеңің мазмұны.
- Кезеңде оң нәтижеге жету шарттары.
- Кезеңнің дидактикалық міндеттері орындалуының көрсеткіштері
Мұғалімнің сабақты өзіндік талдауы: сабақтың тиімділігінің бағалау критерилері
- Оқу үрдісінің заңдылығы
- Сабақты талдау түрлері мен типтері
- Талдаудың жалпы критерилері
- Өзіндік талдаудың деңгейлері
- Өзіндік талдау
- Әдебиеттер
Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы.
Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен , бір жағынан оқытудың психолого – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.
Дереккөз: sabaqtar.kz
Ұқсас материалдар:
- Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
- «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
- «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
- 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ