«Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» ҚБ-гі «Жастар еңбек жасағының қызметін дамытуға әлеуметтік қызметті ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 2017 жылдың 06 — 24 маусым аралығында «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының қатарына жұмыссыз жастарды тарту мақсатында Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қазалы, Қармақшы, Арал аудандарда қоғамдық қабылдаулар өткізу мен қатар, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шараға заңгерлер және тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен жұмыс пен қамту орталықтарының мамандары қатыстырылды.
Қоғамдық қабылдаулар өткізілуі кезінде Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қазалы, Қармақшы, Арал аудандарда тұрғындарының түрлі сауалдарына нақты жауаптармен проблемаларының шешу жолдары көрсетіліп жұмыссыз жастардың өтінімдері қабылданып жұмыспен қамтылды.