«Тұрмыста жиі қолданылдатын техникаларды үй жағдайында жөндеу» тақырыбындағы шеберлік сағатының қорытындысы

0
966

 

«Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» ҚБ-гі «Жастар еңбек жасағының қызметін дамытуға әлеуметтік қызметті ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 2017 жылдың 11-15 мамыр аралығында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және тұрмысқа жиі қолданылатын техникаларды жөндеуді үйрету мақсатында «Тұрмыста жиі қолданылдатын техникаларды үй жағдайында жөндеу» тақырыбында ЖК «Адинайов» тұрмыстық техникаларын жөндеу орталығынының шебері Ұзақ Ерболат Ұзақұлының студент жастарға шеберлік сағатын өткізді.

Шеберлік сағаты Қызылорда гуманитарлық техникалық колледжі, «Құрылыс және бизнес» колледжі, «Абылайхан» атындағы колледжі, Қызылорда техникалық колледждерінде өткізілді.

Е. Ұзақұлы өз  шеберлілігімен бөлісіп жастарға тұрмыста жиі қолданылдатын техникаларды үй жағдайында жөндеудің жеңіл түрлерін көрсетіп ұялы байланыс құралдары мен дербес компьютерлерді программалауды және жөндеуді үйретіп өзіндік бағыт бағдары мен  бөлісті.

Шеберлік сағаты сұрақ жауаптар және  ұсыныстарымен толысты.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ