Өз ісінің білгірі студент жастарға шеберлік сағатын өткізді

0
1195

«Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» ҚБ-гі «Жастар еңбек жасағының қызметін дамытуға әлеуметтік қызметті ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 2017 жылдың 06-17 маусым аралығында Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандарында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және тұрмысқа жиі қолданылатын техникаларды жөндеуді үйрету мақсатында «Тұрмыста жиі қолданылдатын техникаларды үй жағдайында жөндеу» тақырыбында ЖК «Адинайов» тұрмыстық техникаларын жөндеу орталығынының шебері Ұзақ Ерболат Ұзақұлының студент жастарға шеберлік сағатын өткізді.

Ерболат Ұзақұлы өз  шеберлілігімен бөлісіп жастарға тұрмыста жиі қолданылдатын техникаларды үй жағдайында жөндеудің жеңіл түрлерін көрсетіп,ұялы байланыс құралдары мен дербес компьютерлерді программалауды және жөндеуді үйретіп өзіндік бағыт бағадарымен ақпараттарды бөлісті.

Шеберлік сағаты сұрақ жауаптар және  ұсыныстарымен толысты.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ