Жұмысшы жастарға «іскерлік тәжірибе» сағаты өткізілді

0
1066

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының 2017 жылдың 20 мамыры күні «Сырдария» қалалық жазғы тынығу лагерінде жастаркомитетінің қызметін дамыту мақсатында жұмысшы жастар арасында «Іскерлік тәжірибесі» тақырыбындағы бір күндік оқыту семинар-тренинігін өткізілді.

Шараның мақсаты өңіріміздегі жастар саясатын жүзеге асыру, жұмысшы жастардың біліктілігін арттыру, еріктілік қызметін дамыту,қажетті дағыдыларды дамыту мақсатында оқыту, кәсіпорындармен ірі өндіріс орындарындағы жастар ісі жөніндегі комитеттер арасындатәжірибе алмасуға ықпал жасау болып табылады.

Қазіргі таңда 14 мекемеде жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс жасауда. Олардың қатарында «Қор», «Қаз Гер Мұнай», «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз» мұнай компаниялары, «Гелиос» жанармай бекеті, «Абзал және К» ТС — гі, «ҚазақТелеком» АҚ — ы, Халыққа қызмет көрсету орталығымен облыстық медицина орталығы бар.

Кәсіпорындардағы жастар комитеттерінің мақсаты жұмысшы жастардың құқықтарын қорғау, рухани дамуы, мемлекеттікжастар саясатын жүзеге асыру мен мемлекеттік бағдарламалардың  түсіндірілуі қамтамасыз етілді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ