Жас журналистер байқауына жұмыстар қабылдануда

0
2693

Журналист болуды армандайтын талапкерлерге  арналған Республикалық «Ұлан», «Дружные ребята» газеттерінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  2018 жылдың 28-29 наурызында  Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының  дәстүрлі XVIIІ  «Жас тілшілер» форумының күндері өтетінін хабарлаймыз.  Форум 2018 жылдың 28 наурызы күні сағат 10.00-де Журналистика факультетінің 3-дәріс залында салтанатты түрде ашылады.  

Байқауда жүлдегер атанған талапкерлерге еліміздегі журналистерді даярлайтын іргелі оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетіне құжат тапсыру кезінде өз көмегін тигізетін болады. 

Форумның Ашылу салтанаты күні Республикалық мектеп оқушылары арасында 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап 2018 жылдың 28 наурызына дейінгі аралықта өтетін «Журналист болғың келе ме?», «Мультимедиалық журналистика», «Әл-Фараби мұрасы», сондай-ақ «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың рухани жаңғыруы» тақырыбында республикалық ең үздік шығармалар, эсселер, фото, аудио, видеоматериалдар мен  графикалық туындыларға жарияланған байқаулардың қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстардың жеңімпаздарын дипломдармен марапаттау рәсімі болады.

Шара барысында еліміздің барлық аймақтарынан келген мектеп оқушылары «Қазақ радиосы», «Ұлан», «Дружные ребята» редакцияларының ұжымдарымен кездеседі.

Мәдени бағдарлама аясында форум қатысушылары әл-Фараби ҚазҰУ  кампусына пресс-тур жасап, «Сұңқар» студенттік кәсіподақ ұйымы және  Студенттік маслихат өкілдерімен кездеседі. Шара барысында «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында кәсіби бағдар кеңестерін тыңдайды.  

«Журналист болғың келе ме?»
«Ғылыми шығармалар байқауы – 2018»

ЕРЕЖЕСІ

Байқауды ұйымдастырушылар: әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті журналистика факультеті, «Ұлан» және «Дружные ребята» республикалық газеттері; «М.Барманқұлов атындағы телестудия», «Әл-Фараби» Интернет радиосы.
Байқаудың серіктестері:
 ҚР БҰҰ қоғамдық ақпараттық Департаменті,
 ҚР РФ Бас Елшілігі,
 «Бас редакторлар клубы» БҰ
 орыс мектептері оқытушыларының Қазақстандық ассоциациясы
 Қазақстан РТРК, «Хабар», «Радио БҰҰ», «Қазақ радиосы», «Шалқар»,
 журнал «Открытая школа».

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
Республиканың түкпір — түкпірінде білім алып жүрген дарынды да, дарабоз
оқушыларды журналистикаға тарту, ынталандыру, ақпараттық қолдау көрсету.
Номинациялар:
-«Журналист болғың келе ме?»;
-«Мультимедиалық журналистика»;
-«Әл-Фараби мұрасы»;
-«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың рухани жаңғыруы».
Байқауға ұсынылатын материалға қойылатын талаптар:

Байқауға Times New Romen, 12-ші қаріппен публицистикалық стильде жазылған
материалдар қабылданады. Көлемі 5 беттен аспауы керек. Ұсынылған жұмыста шығарма
мәтінінен кейін оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, елді-мекен атауы, облысы,
таңдалған номинация және электронды адрестің болуы міндетті.
Байқау шарттары:
Әдеби, көркем;
Тың көзқарас;
Өзекті мәселе;
Ой дәлдігі;
Тақырыптың ашылуы.
Қабылдау мерзімі: 1 ақпан 2018 ж. — 25 наурыз 2018 ж.

Марапаттау: Байқау жеңімпаздары 2018 жылы 28 наурызда «Жас тілшілер»
форумында марапатталады. Журналистика факультеті 3-зал. сағ 10.00-де
Үздік жұмыстар ғылыми жинақ түрінде жарияланады.
Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды, пікір білдірілмейді.

Материалдарды келесі электронды пошталарға жолдаңыздар:
Байланыс тел: 8(727) 377-33- 34 (ішкі тел: 1351), +77000005352 ватсап; e-mail:
alma_kurmanbaeva@mail.ru Алмагүл Әлиқызы Құрманбаева; 87027444702 Ғалия
Майкотова Тлеубергеновна, maykotova.galyiya@gmail.com


ПІКІР ҚАЛДЫРУ