Жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде не істеу керек?

1
5477

Жасөспірімдік кезең 12 жастан бастап 18 жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Сөзсіз бұл кезең балалық шақтың тамаша бір кезеңі болғанмен,  аса ауыр да кезең болып табылады. Бұл кезде жасөспірімдер өздерінің еркіндігі үшін үлкен құрбандыққа баруға дайын болады. Оның үстіне ата-аналар бұл жаста баланы үлкен өмірге тәрбиелеп, жауапкершілік пен өзін-өзі бақылауына үйретуі керек.

Бұл кезеңді  балаңыздың жақсы өткізуіне қалай көмектесуге болады? 

  1. 1. Негізгі қарсылықтар

Жасөспірімдер өздерінің  кішкентай бала емес екенін айналасындағы адамдарға дәледеуге тырысады. Мысалы, баланың еркінсуі,  дөрекілігі,  сөзге құлақ аспауы, ересектерге тән іс-әрекеттер (темекі шегу, үлкендерше сөйлесу,  достарының үйінде қону).

Не істеуге болмайды. Баланың дөрекілігіне дөрекілікпен жауап беруге болмайды.

Өзіңізді қалай ұстауға керек.  Ересек болу – ересек болу құқығынан ғана тұрмайтынын, ересек адамның  жауапкершіліктері мен міндеттері болатынын түсіндіріңіз. Жасөспірім  балаңызға бұрын сеніп тапсырмаған дүниені сеніп,  тапсырыңыз. Банктың шотын төлеу, әкесінің туған күніне сыйлық таңдау т.б

2. Шынайы қызығушылық

Осы кезеңде  жасөспірімдердің  өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Өздерінің құндылықтары пайда болады. Бала оны біреумен бөлісіп, әңгімелегісі келеді.

Не істеуге болмайды.  Олардың айтқандарына бейжай қарауға болмайды. Олардың айтқандарын  «болмашы дүниелер» деп қабылдамау керек.

Өзіңізді қалай ұстауға керек.  Балаңызбен сөйлесіп, оның достары, қызығушылықтары туралы сұраңыз. Оның тыныс-тіршілігіне сіздің бейжай қарамайтыныңызға бала көз жеткізуі керек.

3. Авторитаризмге жол жоқ. Серіктес қана болыңыз!

Ата-анаға үнемі бағынышты болу —  жасөспірімдерге өздерін  ересек сезінуге кедергі болады. Сондықтан олар кез келген бұйрықты, кеңесті ұнатпайды.

Не істеуге болмайды.  Балаңызды әр сөзіңізге бағындыруға тырысуға, бағынбаған жағдайда жазалауға болмайды.

Өзіңізді қалай ұстауға керек.   Балаға бұйрық бермеңіз. Өтініп, түсіндіріп айтыңыз.

 4. Жеке басыңыздың  балаға үлгі болуы

Балаға «Кітап неге оқымайсың?»,  «Неге ештеңеге қызықпайсың?» деу баланың қарсылығын тудырады. Ол «Ал өзіңіз ше?» деп шығуы мүмкін.

Не істеуге болмайды:  Бүкіл уақытыңды жұмыс, балаға, үй шаруасына арнап, өз қызығушылықтарың туралы ұмытуға болмайды.

Өзіңді қалай ұстау керек:  Балаңызды төрт қабырда отырып, сынай бермеңіз. Бос уақытыңызда  мұражайға барып, табиғатқа шығыңыз.

5. Өз тәжірибең арқылы

Бозбалалық максимализм   баланы  ата-аналарынан алыстатып жібереді. «Үлкендер бізді түсінбейді…» . Оларға өздерінің ата-аналары да кезінде жас болғанын елестету қиын. Олардың да желік қуған жастық шақтары болғанын естен шығарады.

Не істеуге болмайды:  Өзіңді мінсіз адам қып көрсетудің қажеті жоқ.

Өзіңді қалай ұстау қажет: Балаңыздың алдында ашылып әңгіме айтыңыз. Балаңыздың жасында өзіңіздің басыңыздан өткен дүниелерді қызықтап айтып беріңіз: алғашқы махаббат, ата-анаңызбен болған келіспеушілік, сезімдеріңіз. Балаңызға еш жамандық ойламайтыныңызды, ол үшін тек уайым жейтініңізді түсіну керек.

ПМПҚ  психологы Кузнецова О.В.


1 ПІКІР

  1. Эхх ширкин анам осыларды окып тусинсе екен мен казир 14 жастамын кунде мунайып журем кунде урсад мамам, мени ешким тусингиси келмеиди кемшиликтеримди айтад, ылгида бакылап журеди, отрып тусинисип сойлескиси келмеиди, маган урсады мен дореки жауап беред магада дореки жауап береди, бирдене истесемде сурап истеимин, далага шыгып достарыммен ойнап келуге, волейбол ойнап келуге руксат етпеиди достарыммен сойлесуге руксат етпид, айткан создерин тындагым келмеиди сосын мени жазалайды, озинин балалык шагын айта береди миымды жеп кояды, неге ослай кунде солай болады ешким тусингиси келмиди урсад кунде, неге олай катал устагысы келед, мен олай каталдыкта омир сургим кемид, мени туснбид, урсад кунде, барин тусндирип айтсамда тындагысы кемид мамам, отинеееммм окынызшы автор отинеееммм. Калай мамама тусндирип айтсам боладыыыы. ??????

ПІКІР ҚАЛДЫРУ