Сабыр Зәріп Төлегенұлы\r\n\r\nБастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы\r\n\r\n№225 орта мектеп\r\n\r\nҚызылорда облысы,\r\n\r\nҚазалы ауданы.\r\n\r\n \r\n\r\nКеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына\r\n\r\nбайланысты «Жастығын жалын шарпығандар» атты кездесу кешінің сценариі\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nТақырыбы: «Жастығын жалын шарпығандар»\r\n\r\nУақыты: 15.02.2014ж\r\n\r\nӨтетін жері: Мектептің акт залы\r\n\r\nМақсаты:Ауғаныстанның ұрыс даласында болып,ел абыройын қорғауға атсалысып, интернационалдық борышын адал атқарған жауынгерлеріміздің ерлік істері турасында түсінік қалыптастыру.Әрбір оқушығаөз отанын қорғау-қасиетті борышы екендігін ұғындыру.\r\n\r\nКөрнекілігі: Қанатты сөздер жазылған парақшалар,кітаптар,интербелсенді тақта.\r\n\r\nБарысы: \r\n\r\n1.Ұйымдастыру кезеңі\r\n
- \r\n
- Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады
- Кештің ашылуы
- Баяндама
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n5.Кездесу кейіпкерімен сұхбат\r\n
- \r\n
- Бейнебаян көрсетілімі
- Ауған соғысында ерлікпен күресе білген жандар өмірінен сыр шерту
- Мектеп өнерпаздарының концерті
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n \r\n\r\n1-жүргізуші: \r\n\r\nМен соғысты көргем жоқ, майданды да,\r\n\r\nОққа ұшып құшағын жайғанды да.\r\n\r\nШинеліне орап ап жауынгерді,\r\n\r\nҚабіріне апарып қойғанды да.\r\n\r\nҚан кешкенде майданда бабаларым,\r\n\r\n«Қан көрмесін ұрпағым — балаларым»\r\n\r\nТілек еткен ұрысқа түсіп талай,\r\n\r\nТаңып алып қан-жоса жараларын.\r\n\r\n2-жүргізуші: \r\n\r\nБөгде елдің қырқа мен бұйратын да,\r\n\r\nҰрыссалды, мерт болды – жаны пида.\r\n\r\nЕсіл ерлер сүйегі қалды солай\r\n\r\nАуғанстан елінің зиратында.\r\n\r\nМенде бар зұлымдыққа айтар арман,\r\n\r\nБоздақтардың құнын бер, қайтар маған.\r\n\r\nКешегі бабалардың ұрпағымын,\r\n\r\nЕшбір жауды аман-сау қайтармаған.\r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nҚұрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Жастығын жалын шарпығандар» атты кешке қош келдіңіздер!\r\n\r\n(Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.)\r\n\r\n2-жүргізуші: \r\n\r\n1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.\r\n\r\n1-жүргізуші: \r\n\r\nСұрқия саясаттың салқынында,\r\n\r\nҚыл бұрау түсті жайсаң, алтын ұлға.\r\n\r\nКеңестік жүйеден еш шыға алмаған,\r\n\r\nАһ ұрып қала берді халқым мұнда.\r\n\r\nИә, әлемдік саясатқа ие «Ауған соғысы» басталып, оған КСРО-дай алып державаның өз қолтаңбасы қалғаны баршамызға аян. Кеңес әскерлері құрамында қазақ ұландары да өз әскери борышын өтегені белгілі. Көптеген ерлеріміздің демі ауған жерінде таусылып, елге табытпен оралғаны да рас. Көптеген ағаларымыздың өз әскери борышын абыроймен атқарып келіп, бейбіт өмірде тіршілік кешіп жатқаны да мәлім.\r\n\r\n2-жүргізуші:\r\n\r\nОсы даталы күнге орай мектебіміздегі «Жас ұландар» ұйымы ұйымдастырып отырған «Жастығын жалын шарпығандар» атты кешімізді ашу үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ебелекова Эльмира апайға сөз кезегін ұсынамыз.\r\n\r\nӘн: «Сарыжайлау»\r\n\r\nОрын: Ахметова Айсана \r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nЕске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,\r\n\r\nҚабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын.\r\n\r\nЕсіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін,\r\n\r\nМәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің!\r\n\r\nАуған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймыз.\r\n\r\nРахмет отырыңыздар!\r\n\r\n10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.\r\n\r\n-Жау дейміз-ау, қолдан жасап жауынды, саясаттың солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен, Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді..\r\n\r\n 2-жүргізуші:\r\n\r\nАуғанның әлі қасірет жасы, кеппеген,\r\n\r\nТау мен тасында не зауал рас өтпеген.\r\n\r\nТуған мекенін қорғаған жайсаң ұлдары,\r\n\r\nАлысып өткен оқпенен және отпенен,- дегендей-ақ, Ауған елі, ауған жұрты не көрмеді дейсіз? Бораған оқ пен оттан жанып, қорғанар жер таппаса да, олардың бойында өз ұлтына деген сүйіспеншілік сезімі жойылған жоқ. Осы Ауғанстан елінің өткені мен бүгінініне шолу жасау үшін мектебіміздің 10-сынып оқушысы Жәли Перизатты «Ауған соғысының басталуы және оның қасіреттері» атты баяндамасымен шақырамыз.\r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nОл аянар жан емес арды берген,\r\n\r\nОл – ардагер, кеңестік жанды берген.\r\n\r\nТау мен тасын паналап жат бір елдің,\r\n\r\n18-де бұл сарбаз қанды көрген.\r\n\r\n2-жүргізуші:\r\n\r\nОты өшпеген іргелі шаңырағы,\r\n\r\nҚанды көйлек жолдасың танымалы.\r\n\r\nОл кешегі кеңестік солдат еді,\r\n\r\nҰмытпаған сұрапыл шағын әлі.\r\n\r\nАуған соғысының қанды күндерін бастан кешірген, осы сұрапыл соғыстың шын куәгері өзіміздің ауылымызда да бар. Ол – ауылымыздың тұрғыны, метеролог станция бастығы, ауған соғысының ардагері, интернационалист жауынгер Қалыбаев Қуандық ағамыз.\r\n\r\nКеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Жастығын жалын шарпығандар» атты кешімізге арнайы Қуандық ағамыз келіп отыр. Келесі сөз кезегін ағамызға ұсынамыз.\r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nҚұрметті жиналған қауым, Қуандық Қалыбаев ағамыз жөнінде түсірілген бейнебаянға назар аударыңыздар. (Бейнебаян көрсетіледі).\r\n\r\nӘн: «Отаным» \r\n\r\nОрын: Амангелді Асхат\r\n\r\n2-жүргізуші:\r\n\r\nАл, енді жиналған қауым, Қуандық ағамызға қоятын сауалдарыңыз болса тақырыпқа сәйкес кезекпен қоя берулеріңізге болады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\n«Ерлік – жан-дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышу — бір ғанибет емес пе?! Олай болса, Қуандық аға, сонау бір естен кетпес күндерден естелік айта отырсаңыз.\r\n\r\n2-жүргізуші: \r\n\r\nӨтер жылдап, уақыт тағы алыстап,\r\n\r\nТағдыр талай тауқыметін табыстар.\r\n\r\nӨздеріңді жырлап өтер ұрпағың,\r\n\r\nАуғандағы азап шеккен арыстар .\r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nҚасіреттер көлбеңдеп таулы алыстан,\r\n\r\nАжал аңдып, әр таса, қалтарыстан.\r\n\r\nЕлестейсің көзіме қасірет боп,\r\n\r\nҚайғым да сен мәңгілік – Ауғанстан!-дей келе, ақынжанды өрендердің өнеріне кезек береміз.\r\n\r\n2-жүргізуші: \r\n\r\nБатырды батыр ғана алмастырар,\r\n\r\nРухың көкке өрлеумен шарлап тұрар.\r\n\r\nБейбіт күнді қорғайтын жас ұландар,\r\n\r\nӨмірін өнеге етіп жалғастырар,- дей келе, ауған соғысының ардагері, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаевтың ерлікке толы ғұмыры жөнінде білу үшін ортаға 10-сынып оқушысы Дымбергенова Ақботаны шақырамыз.\r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nҚарсы тұрып жаулардың айбатына,\r\n\r\nОранды шыбын жаны қайғы отына,\r\n\r\nҰрпағы Бауыржандай батырлардың,\r\n\r\nҚайыспас қаһармандық қайратында,- дей келе, Ауған соғысында, Ауғанстан жерінде өздерінің интернационалдық борышын адал атқарған Қазалылық жауынгер ұландарымыздың өмірі жайлы білу үшін, ортаға 10-сынып оқушысы Нұрманова Әселді шақырамыз.\r\n\r\nӘн: «Сырдария» \r\n\r\nОрын: Жәли Перизат\r\n\r\n2-жүргізуші:\r\n\r\nСол Ауғанда талай досты жерледік,\r\n\r\nҚарлы шыңға күн түн демей өрледік.\r\n\r\nСұрапылда ерледік те шерледік,\r\n\r\nНамыс туын қолдан бірақ бермедік.\r\n\r\n1-жүргізуші:\r\n\r\nЖүректерге қағылған сына болып,\r\n\r\nКөңілдерді ортайтқан сұрақ болып.\r\n\r\nСол жылдардың дегенмен өтеуіндей,\r\n\r\nӨшпес ерлік қалды елге мұра болып.\r\n
- \r\n
- Ел абыройын қорғап,азаматтық атақтарына кір келтірмей жүрген ағаларымыздың майданда көрсеткен әрбір ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі болады десек, біздің мектептің балғын өрендері де интернационалдық борышын адал атқарған жауынгеріміздің алдында өздерінің мықтылықтарын бір көрсетпек.
\r\n
\r\n-Ендеше алдарыңызда 9-сыныптың ер балалары қарумен саптық жаттығулар көрсетеді.\r\n\r\n2-жүргізуші:\r\n\r\nАуғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.\r\n
- \r\n
- жүргізуші:
\r\n
\r\nӨткенге ой жүгіртіп, ел үшін аянбай ерен еңбектерін көрсете білетін осындай ерлеріміздің игі істерін келешек ұрпақтарымызға үлгі ете білу баршамыздың парымыз.\r\n\r\nЕндеше кеш қонағына өзінің жылы лебізін білдіру үшін мектебіміздің әскери жетекшісі Сабыр Зәріп ағайды шақырамыз.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n
- \r\n
- жүргізуші:
\r\n
\r\nЕлі үшін жасаған ерлерінің ерен еңбектері бүгінгі ұрпақтарының естерінен мәңгілік кетпек емес. Құрметті кеш қонағы, қабыл алыңыз,келесі шырқалар ән өзіңізге арналады.\r\n\r\n \r\n\r\nӘн: «Асыл ерлер»\r\n\r\nОрындайтын: Шамшырақ Риант\r\n\r\n \r\n\r\n1-жүргізуші: \r\n\r\nҚұрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен кездескенше сау-саламатта болыңыздар!\r\n\r\n