«Жасырылған тәтті нан» ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

0
2382

№ 2 «Жұлдыз» ересектер тобының ашық ұйымдастырылған оқу  қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»                                                  

Сала бөлігі: «ҚМҰҚ»

Тақырыбы:  «Жасырылған тәтті нан» (торт)

Мақсаты:Балаларға  «емес» белгісі арқылы геометриялық пішіндерді таба білуге ұйрету, қиылыспайтын және қиылысатын шеңберлерді қолданып, пішіндерді топтастыру. 1-10- ға дейінгі цифрларды рет-ретімен қойып, тура және кері санауға,көрші сандарды айту,  таяқшалардың түстерін ажыратып айта білуге және қай санға сәйкес келетінін білу.Кеңістіктік, уақытты бағдарлау және мөлшерлік түсініктерін«Алдымен –содан кейін»  ойыны арқылы қалыптастыруды  жалғастыру.

Шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлауын дамыту.Балаларды бірлесіп ұжымда жұмыс істеуге тәрбиелеу.                                                                                                                                                                                                               

Сөздік жұмыс: Алдымен –содан кейін

Қос тілдік компонент: он- десять,ten, тәтті нан –торт.

Қолданылатын көрнекіліктер:  Апта күндерінің ойыншықтары,Дьенеш блогы, шеңберлер,доп,Кюизенер таяқшалары, торттың бөлігі,суреттер,үлестірмелі сандар.

 Күні: 16.05.17 ж.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті. Балалардың әрекеті.
Мотивациалықынталандыру

Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ерекше өтеді. Себебі бізге қонаққа көптеген апайлар келіпті. «Сәлем-сөздің атасы» демекші, келген қонақтармен амандасып, бүгінгі күніміз көңілді де, қызықты өту үшін «дөңгеленіп тұрайық, шаттық шеңбер құрайық». 

 

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Балалар  орындарынан

тұрып, шеңбер құрады.

Ұйымдастырушылық іздеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарайсыңдар балалар.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
— Көктем 
-Көктем мезгілінде неше ай бар? 
-Зай бар. Казір көктемнің қай айы?-Нешінші айы?
-Бүгін аптаның қай күні? 
-Сейсенбі.

-Кеше қай күн болды?Дүйсенбі.

-Ал ертең (завтра) қай күн болады? Сәрсенбі.

-Бүрсігүні (послезавтра)қай күн болады? Бейсенбі.
-Бір аптада неше күн бар? 
-7күн –Айтып шығайықшы?

-Балалар, апта күндері шатасып кетіпті.

-Кәне, ретімен қойып шығайықшы.

-Қонаққа Айдана қуыршақ келеді. Амандасады.

-Балалар, Айдана қуыршақ отбасы мүшелеріне тәтті нан (торт) пісіріп, оны анасына, әкесіне, өзіне және бауырына бөліп дайындап шәй берейін десе, оның тентек Али деген бауырытортты жасырып қойыпты.

-Али биыл сендер сияқты мектепке барады екен. Оған бәрі қызықты екен.

-Сондықтан ол Айданаға  тапсырмаларды орындасаң торттың барлық бөліктерін табасың депті.

-Айданаға көмектесейік пе?

-Ендеше 1 тапсырма:

— «Емес»  белгісі арқылы жазылған карточкаларды алып, пішінді тауып көрсет.( Дөңгелек,Сары емес, үлкен емес,жіңішке пішін)

Бір бала тақтамен жұмыс жасайды.

Басқалары орындарында орындайды.

Міне , балалар, біз Алидің жасырып қойған торттың бір бөлігін таптық.

2-тапсырма:

Қиылысатын шеңбер құр.

Бірінші шеңберге тек қана дөңгелектерді, ал, екінші шеңберге тек қана көк пішіндерді топтастырамыз, шеңбердің үстіне белгілерін қоюды ұмытпайық.

— Неге сендер көк түсті дөңгелекті ортаға орналастырдыңдар?

Тағы бір торттың жасырған бөлігін таптық.

Сергіту сәті: «Алдымен –содан кейін» Допты қарама-қарсы лақтырып, айту:

-«Алдымен –содан кейін» 
Кеңістіктік және мөлшерлік түсініктер 
Алдымен көктем, ал содан кейін ЖАЗ 
Алдымен күз, ал содан кейін ҚЫС 
Алдымен кішкентай, ал содан кейін ҮЛКЕН 
Алдымен екі, ал содан кейін ҮШ 
Алдымен бес, ал содан кейін АЛТЫ 
Алдымен күндіз, ал содан кейін ТҮН 
Алдымен тоғыз, ал содан кейін ОН

Келесі 3-тапсырма:

Алдарыңдағы таяқшалардан тігінен баспалдақ құрастыруды ұсынады.

-Баспалдақ неше таяқшадан құралған?

-Баспалдақтың неше сатысы бар?

— Ең  жоғарғы сатыға жету үшін адам неше адым жүреді?

-Баспалдақтың ең ұзын таяқшасының түсі қандай?

-Ең қысқа таяқша қандай түсті?

-Тоқсары  түсті таяқша неше санын білдіреді?

4 саны қай түспен белгіленеді?

-Міне, тағы бір тапсырманы орындап, тәтті нанның тағы бір бөлігін таптық.

Келесі 4-тапсырма:

Цифрлардыcолдан оңға қарай  ретімен тізіп тура және кері санаңдар.

Тақтаға бір баланы шығарамын қалғаны орындарында отырып, жұмыс жасайды.

Билингвальды компонент:үш тілде санау 1-10 дейін.

-3 цифрының көршілерін аташы?

-7 цифрының көршілерін аташы?

Жақсы балалар,

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Олай болса 4 цифрын көрсетіңдерші.

-4 саныныңқұрамында қандай сандар бар?

-(1мен 3, 2 мен 2)

-Мңне, балалар Алидің жасырған тағы бір торттың бөлшегін таптық.

Сергіту сәті

«Сағат»

Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей иіліп солға бір,

Оң аяқ, сол аяқ

Оң аяқ, сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

-Ал енді торттың барлық бөлігін құрастырып көрейікші?

-1бөлігі анaсына-for mother,  2-әкесіне – for father,3-апайына – for sister, 4- for brather

-Торттың барлығы неше бөлікке бөлінген?

— бүтін көп пе?

-Әлде бөлік көп пе?

-Бүтін бөліктен көп әрине.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар неге Айдана тортты бөлікке бөлді?(Олар тату отбасы, бірге бір дастарханда басын қосып шай ішеді).

Көктем.

 

Мамыр айы

 

Бір аптада  7күн бар.

Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі, бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.

Апта күнін атайды.

 

Тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оны оқиды.

 

 

 

 

 

 

 

Өйткені шеңберлер қиылысып , үшінші бір шеңбер пайда болды. Ол шеңбер екеуіне де  ортақ.

 

 

Ойын ойнайды

Алдымен –содан кейін не болатынын айтады

Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді

 

 

таяқшалардан тігінен баспалдақ құрастырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Цифрларды cолдан оңға қарай  ретімен тізіп

 

 

0-10 дейін тура және кері санайды

Сандардың көршілерін айтады

 

 

-(1мен 3, 2 мен 2)

 

Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді

 

 

4 бөлікке бөлінген

Бүтін бөліктен көп. Ал бөлік бүтіннен аз.

Рефлексиялық-қорытындылау кезеңі

Балалар, сендерге Айданаға көмектескен ұнады ма?

Біз бүгін не істедік?

Али тентек па әлде ақылды бала ма?

Сендерге Алидің тапсырмасы ұнады ма?Балаларды мақтап, мадақтау.

Жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:      

Нені біледі:  «1-ден10- ға дейінгі сандарды салыстыру.» жайлы білуі керек.

Қандай түсініктерді игереді: «Алдымен –содан кейін» сөздерінің мағынасын біледі; 

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:«емес» белгісі арқылы геометриялық пішіндерді таба білу, қиылыспайтын және қиылысатын шеңберлерді қолдана білу.

Құрастырған тәрбиеші:  Абылгазова Э.Б. 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ