Желтоқсанда шындық жатыр шырылдап (сценарий)

0
3041
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Танымдық тарихи кеш (телебағдарлама түріндегі ролдік көрініс)

Тақырыбы: «Желтоқсанда шындық жатыр шырылдап…»

Мақсаты:

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен сол кезеңдегі әкімшілдік-әміршілдік жүйенің солақай саясатына қарсы алғаш бас көтеріп, демократия, шындық жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайлы түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті шыққандығын жете түсіндіру. Оқушылар бойында Отаншылдық, ұлтжандылық сезім қалыптастыру. Өткен тарихи оқиғаларды біле отырып, Отан тарихына құрметпен қарауға, тәуелсіздіктің қадірін ұғынуға үндеу.

Көрнекіліктері: нақыл сөздер, слайдтар, портреттер, басапасөз , интернет материалдары

Түрі: танымдық әңгіме телебағдарлама түрінде (ашық студия)

Жүру барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ Сынып жетешісінің кіріспе сөзі:

  • Құрметті оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыз төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп, КСРО деген алып мемлекеттің әкімшілдік-әміршілдік тас бұғау қабырғасына сызат түсірген сонымен қатар, 1980 жылдары КСРО-да тұңғыш рет шынайы ұлттар теңдігін талап еткен Желтоқсан оқиғасының құрбандарына, батырларына арналып, «Желтоқсанда шындық жатыр шырылдап» деген тақырыппен өткелі отыр. Біз бүгін қазақ елінің азаттығы мен жарқын болашағы үшін солақай саясаттың әділетсіз басқаруына қарсы шыққан ұл-қыздарымыз яғни, Желтоқсан оқиғасының батырлары жайлы әңгіме қозғамақшымыз.

Ендеше, тәрбие сағатымызды бастайық.

І слайд: тәрбие сағаты тақырыбымен телебағдарлама атауы, белгісі көрінеді.

Бағдарлама жүргізушісі: Саламасов Ержан Нурболұлы:

-Саламатсыздар ма, құрметті телекөрермендер және «Ашық әңгіме алаңы» бағдарламасына қатысушылар! Біздің арнамызда «Ашық әңгіме алаңы» бағдарламасы, бағдарламаны жүргізуші мен-Саламасов Ержан Нұрболұлы. Бүгінгі біздің бағдарламамыздың тақырыбы яғни, негізгі өзегі- 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан ұлт батырлары мен құрбандары туралы болғалы отыр. Біз бүгін ашық әңгімеге Саясаткер Мамбеткаримова Айгул Бекетқызын, тарихшы- Амантаева Кулайм Маденқызын, Заңгер- Тлеукулова Аружан Болатқызын, Зиялылар қоғамы өкілі-Әбдібекова Назкен Темірбекқызын, Студент жастар қоғамы өкілі- Сапар Дина Сабыржанқызын және Желтоқсан оқиғасын көзімен көрген, сонау 1986 жылы Алматыда студент болған Жусипова Гулбайрам шақырған болатынбыз, Бағдарламаға қош келдіңіздер!

Бағдарламамызды бастамас бұрын экранға назар аударайық

Видео: «Болмыс»

-1986 жыл…. Неге бұл жыл қазақ халқы үшін қаралы жыл?… неге бұл оқиғаның құрбандары көп болды?… 1986 жыл қандай болып еді? Біз көп айтатын желтоқсан оқиғасы деген не? Желтоқсан оқиғасын бүгінгі жас ұрпақ біле ме? Осы сауалдарға телеарнамыздың журналисті Бақытжанова Ару Қайратқызы жауап іздеп көрген болатын.

Журналист- Бақытжанова Ару

— Ұлтымыздың азаттығы мен тәуелсіздігі үшін 1986 жылы алаңға шыққан желтоқсан батырлары мен құрбандары туралы шындықтың кеңінен айтыла бастағаны- Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері. Содан бері де міне, 20 жылдан астам уақыт өтіпті, осы жылдарда біз тәуелсіздіктің келуін тездеткен тарихи оқиға- желтоқсан оқиғасы туралы айтып, бүгінгі ұрпақтың құлағына, санасына жеткілікті дәрежеде бере алдық па? Осы оймен біз тәуелсіз еліміздің азаматтарын әңгімеге тартқанбыз.

Сұхбат видео : «Желтоқсан құрбандары мен желтоқсаншыл батырлар туралы не білеміз?»

Жүргізуші: Шындығында желтоқсан құрбандары туралы жалпы желтоқсан оқиғасы туралы біреу білсе біреу білмейді, тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда 17-желтоқсан қаралы жыл деп жарияланды кейіннен ұлт араздығына әкелуі мүмкін деп «демокартия- лық жаңару күні» деп өзгертті, қазір ол қауіпсіздік үшін деп ескерілмейтін датаға айналды. Шындығында не болып еді? Сөз кезегін саясаткер Мамбеткаримова Айгул Бекетқызына беремін.

Саясаткер (Мамбеткаримова А.): — Бәрін басынан бастасақ, 1980 жылдарда Кеңес Одағында ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдай болды. Ел күрделі дағдарыс алдында тұрды. Қазақстанның халық шаруашылығы құлдырады. Шаруашылықтағы тоқырау сол кезеңде жаппай орын алған қайшылықтар мен кемшіліктерді айқын көрсетіп берді. Бұл әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген қателігі еді. Үкімет еңбекшілер мүддесімен санаспады. Оған қоса рухани мәдениет құлдырады. Ұлттық мәдениетке менсінбей қараушылық қазақ тілінің жағдайына кері әсер етті. Ана тілін білмейтін, тіліне, діліне, ұлтына менсінбей қарайтын мәңгүрт жастар тобы пайда болды. 1985 жылдан билік басына М.С.Горбачев келіп, «қайта құру» жүргізіп шекараларды ашты.

Сол кезеңде Кеңес адамдары ше елдерден көп кейін артта қалып қойғандарын көрді, бұл қатып қалған коммунистік идеялар мен соқыр сенімдерге алданған халықтың көзін ашып, ашу-ызысын тудырды.Халық шындықты, демократияны, ал әр ұлт өзінің бет-бейнесін талап ете бастады. Соны ең алғаш айтқан-қазақстан жастары еді. 1986 жылы, 16-желтоқсан күні Кеңес Одағының Коммунистік партиясы Орталық комитеті нұсқауымен қазақстан басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Мәскеуге дереу шақыртылды. Онда 17 минуттық пленум өтіп, Қонаевты қызметінен босатты. Орнына Ульяновск облыстық комитетінің І хатшысы Колбинді тағайындады. Бұл-әкімшілдік жүйенің шегіне жетуі еді. Бұны Қазақстан халқы, әсіресе қазақ жастары ұлт намысын, мүддесін аяққа таптау деп қабылдады. Шындығында бұл сол кезеңдегі жүйенің ұлт мүддесін аяққа таптайтын, санаспайтын өркөкірек саясаты еді.

Жүргізуші :- Иә бұл билікке қарсы алғашқы бас көтеру яғни, қазақ жастарының батылдығы екен. Сол батыл жастарымыз Республика алаңына шығып не істеді, Шындығында алаңда не болып еді соны тарихшы- Кулайм Маденқызынан сұрасақ

Тарихшы: — Мен де түсінікті болу үшін басынан бастап айтқым келіп отыр, сол кезеңде ұлт мәселесі туралы шешімдер Мәскеуде шешілетін. Онымен келіспеу «ұлтшылдық»деп саналатын. Кеңес Одағы құрамындағы республикалар құқықтары шектелді, ұлттардың өзін-өзі басқаруы болмады. Ұлттар достығын, теңдігін түсінбеу-тіл саясатында тек қарым-қатынас тілін ғана қолдады, орыс тілін қазақтардың 60 % , ал орыстардың 1-і ғана қазақ тілін меңгерді, кітаптың 95% орыс тілінде, теледидар хабарларының 70% орыс тілінде шықты. 600 қазақ мектебі орыс мектебіне ауыстырылды. Семей полигонындағы жарылыстан жер тозды, Арал құрғап экологиялық апат туды. Қонаевтың орнынан алынып орнына басқа ұлт өкілінің басшы боп тағайындалуы ол тек осы жылдар бойы қордаланған себептерге түрткі болды.

1986 жылы 17–желтоқсан күні сол кезеңдегі Брежнев алаңына қазіргі Республика алаңына таңертеңгі сағат 7-8дерде 200-300дей жастар жиналды. Олар қолдарына «Әр республикаға –өз басшысы», «қазақстан жасасын», «ана тілім-арым бұл» деген сөздер жазылған плакаттар ұстап Ш.Қалдаяқовтың «Менің қазақстанымды» айтып шықты. Шеру бейбіт сипатта болды, өйткені алаңға жиналғандар көбі студент жастар және олар қарусыз болды. Олар алаңда мінбеге шығып сөз сөйлеп қазақ тілінің жоғалып, салт-дәстүрдің ұмыт қалып бара жатқандығын, арал мәселесін сөз етті.Ал, үкімет адамдары алаңға келіп «Тез тараңдар әйтпесе күш көрсетіледі» деп бұйырумен болды.
Осы оқиға туралы теледидардан, радиодан айтып, газет-журналдарға басуға тиым салынды.Алаңға жиналған кешкі сағат 7-ге дейін тарқамады, одан соң мәскеуден күшпен таратыңдар деген бұйрық алғаннан кейін ерекілге шыққандар мен милиция арасында қақтығыс басталады, өйткені милиция халықты тарату үшін өрт сөндіргіш машиналармен су шаша бастаған.су шашқанына ызыланған жастар милицияға қарсылық білдіреді сөйтіп айқай-шу, төбелес басталады. Архивте сақталған кейбір мәліметтерде арандату болғандығын айтады.

Жүргізуші: -Осы айтылған әңгімеге тұздық болар сөз студияның қонағы-Жусипова Гулбайрам апайда болар, Гулбайрам апай, өзіңіз көзіңізбен көрген осы оқиғаны әңгімелеп беріңізші

Жүргізуші::- Арандатуға байланысты төбелес болды дейік, бұл жерде ақиқат- адам құқықтарының бұзылуы, оған дәлел-желтоқсанның суық күнінде өрт сөндіргіш машинамен су шашу, қандай құқық бұзушылық болды оны заңгерден сұрасақ

Заңгер: (Тлеукулова А..)- алаңға жиналғандар саны кешке дейін 3000-нан асқан. Жастардың тобын тарату үшін милиция мен ішкі әскерлердің жеке құрамының 3200 адамы, 11 өрт сөндіруші машиналар, 30 ит тиелген машина, әскери округтен 15 әскери техникалық машиналар қатыстырылды. Топты тарату үшін өрт сөндіруші машиналардың халыққа су шашуы рас. Осыдан кейін ызыланған жастар бірнеше машиналарды аударып тастаған. Милиция қолына түскен адамдарды дубинкалармен ұрып, машиналарға тиеп әкетіп жатты.Олардың ішінде ауыр жараланғандар, итке таланғандар бар. Милиция бөліміне сиғыза алмағандарды қала сыртына апарып қоқыс төгетін орындарға лақтырып тастаған. Ал, 17-желтоқсан күні сағ. 11-ге дейін қатығыс жүді.Ертеңі күні түске дейін алаңда шағын ғана топ тұрды да тарқады. Ал, жазалауға келетін болсақ, 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан шығарылды.758 адам комсомолдан, 52 адам партия қатарынан шығарылды.

 

Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Көптеген адамдарға «нашақор» , «маскүнем» деген айыптар тағып, жындыханаларға күшпен жатқызылды. Сотталғандардың ішінен 2 адам өлім жазасына кесілді: Олар Қайрат Рұсқұлбеков пен Мырзағұл Әбдіқұлов. Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды студент-жастар әртүрлі жағдайларда қазаға ұшырады. Ішкі істер қызметкері Савицкийді ұрып өлтірді деген айыппен Қайрат Рысқұлбеков «қылмысты» деп табылып, Қазақ КСРО қылмыстық істер Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жыл бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жыл бас бостандығынан айырылды және де Қазақ КСРО қылмыс кодексінің 173 бабының 1 тармағы бойынша-өлім жазасына кесілді. Бірақ кейін өлім жазасы 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауысытырылып, Семей түрмесінде қаза тапты. Жалпы оқиғаға қатысқандардың 8 мыңнан астамы жазаланды. Қайыргелді Күзембаев 14 жылға, Жамбыл Тайжұмаев 15 жылға, Түгелбай Тәшенов 15 жылға сотталды.

Жүргізуші: — Осы кездегі жастардың жағдайын көзге елестетудің өзі қорқынышты! Дәл сол күні тиым салынғанына қарамастан журналистердің бірі алаңдағы үйдің шатырында тұрып кадрлар түсіріп алады. Бір сәт сол кездегі түсірілген кадрларға көз жіберсек… Әбиірбек Тінәліұлының «Желтоқсан желі» әніне желісінде түсірілген кадрларға назар аударайық.

Бейнеклип:

Жүргізуші: :- 1986 жылды елестету қаншалықты ауыр екенін мына көріністерден түсіндік. Жастардың шындық үшін азапталып, өздерін ақтай алмай құрбан болғаны қандай аянышты десеңізші! Ұлт үшін алаңға шығып жанын құрбан еткен аға-апаларымыздың есімін бізге атап айту үшін сөз кезегін студент-жастар қоғамының өкілі Сапар Дина Сабыржанқызына беремін.

Студенттер қоғамы өкілі : (Сапар Дина Сабыржанқызы.) :-1986 жылғы желтоқсан оқиғасын ұйымдастырғандар да азаттық ұранын алаңға алып шыққандар да-Қазақстанды сүйетін ұлтжанды, отаншыл жастар еді. Мен оларға жеке тоқталып өтсем:Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова Ал, жазықсыз жазаланып азап шеккендер: Қайыргелді Күзембаев, Түгелбай Тәшенов, Мырзағұл Әбдіқұлов.

Жүргізуші:— Желтоқсан құрбандары өз лайықты бағаларын алды ма? Сөз зиялы қауым өкілі Әбдібекова Назкен Темірбекқызына береміз

Зиялы қауым өкілі: (Әбдібекова Назкен Темірбекқызы)- Алаңға 1986 ж. Әнші Роза Бағланова шығып жастарды жатақханаға қайтуға үгіттеді. Ал, ақын Мұхтар Шаханов депутат болған кезінде КСРО жоғары Кеңесінде Арал-Балқаш мәселесін айтам деп сөз сұрап, ең алғаш Желтоқсан шындығын айтты. Кейін Желтоқсан комиссиясын құрып, жазықсыз жазаланғандарды ақтауға ат салысты.

Жетісай мәдени паркіне Қайрат Рысқұлбековтің есімі берілді, Алматы мен Семей қалаларында көше аттары, Жезқазғандағы мектепке Қайрат аты берілді, туған аулында көше аты берілді. ж. Халық қаһарманы атағы берілді.

Л.Асанова 1997 ж және 2004 ж. 2 рет Халық қаһарманы атағына ұсынылды, бірақ берілмеді. Жаркент қаласында Л.Асанова мен Е.Сыпатаевқа арналған ескерткіш ашылды. Желтоқсан құрбандары мен батырларына арналып өлең-жырлар, дастандар, драмалар мен пьесалар жазылды, әдеби шығармалар жазылды.

Жүргізуші: — Залдан сұрақтар бар ма? Қандай сұрақтар туды?

Сұрақ: (Бекзат) — Қайрат Рысқұлбеков Семей түрмесінде қаза тапқанын білеміз, қалай қаза тапты?, неліктен түрмеде отырып өлген адамға үкімет ата-анасының алдында жауап бермеген?

Жауапты студент-жастар қоғамы өкілі береді: Сапар Дина: — Ол түрмеде өз-өзіне қол жұмсады делінген. Бұл туралы көптеген пікірлер бар, біреулер оны өлтірді дейді,бірақ оны біреудің өлтіргені дәлелденбеген.

Сұрақ (Нұршат) : Қайрат Рысқұлбеков Савицкийді өлтірді деп айыпталған, ол жерде қақтығыста көп адамның ішінен неге тек ғана Рысқұлбеков ұсталған?

Заңгер жауап береді: (Аружан)өйткені жерде жарақаттанып құлап жатқан Савицкийді фотоға түсіргенде сол маңда жақын жерде жүрген Қайрат Рысқұлбеков фотоға түсіп қалған. Сол фото бойынша Савицкийді өлтірді деп айыпталған.

Сұрақ:((Әсима;) Желтоқсан оқиғасы кезінде орыс мектептерінің 10-11 класс оқушылары да қаруландырылып апарылған деген әңгіме естідім, бұл қаншалықты шындыққа жақын ?

Жауапты студент-жастар қоғамы өкілі береді Сапар Дина:Түрмеде отырған кезінде жазған күнделіктерінің бірінде желтоқсаншыл : қақтығыс кезінде қол-аяғы дірілдеп қолына дубинка ұстап тұрған әскери формадағы ұзын бойлы 14-15 жасар қазақ баласын көрдім, дүрбелең кезінде ол дубинкасын тастап менімен бірге қашты, бір бұрылыста ол орыс тілінде «ағатай мен оқушымын, бізді алып келді» деп жылап жіберді деп жазған, бұл да әлі ашылмаған деректердің бірі.

Сұрақ: (Самат) — Ләззат Асанова туралы да газет беттерінде көп даулы мәселелер қозғалған, неге?

Заңгер: Ия, Л.Асанованың анасы Алтынай Асановаға қызын ақтап алу үшін 2 рет соттасуға тура келген, өйткені «Л.Асанова желтоқсанға қатысқан жоқ, ол өзара жатақханадағы қыздар арасындағы төбелестің ызасынан терезеден секірді» деп «Ана тілі» газетінде бұрынғы сабақ берген апайы мақала жазған.

Пікірлер:

1) Қанат — : Менің түйгенім, желтоқсан құрбандары туралы әлі де ашылмаған ақиқат бар сияқты боп көрініп тұр. Ол қашан және қалай ашылмақ, осы туралы ойлансақ деймін. Бүгінгі біздер және келешектегі жастар да білуі тиіс деп ойлаймын.

2) Арайлым: желтоқсан оқиғасы бізге сабақ болуы керек, алдағы уақытта жастар қаны тағы да төгілмеуі үшін осы тәуелсіздік үшін болған күресті қадірлеу керек.

3) Жанибек: желтоқсан оқиғасы болған күн елімізде қаралы күн немесе желтоқсан құрбандарын еске алу күні деп жарияланып, ашылмай жатқан ақиқат зерттеліп, тарих бетінде жазылуы керек, өйткені бұл – біздің тарихымыз.

4) Еркебулан Т: желтоқсан оқиғасына қатысқандардың көзі тірі , бірақ ешқайсысы мектептерге, басқа да жерлерге кездесуге шақырылмайды, оған себеп- желтоқсан туралы әлі де шындықтың ашылмағаны шығар. Алда бұл айтылуға тиіс тарихи оқиға деп ойлаймын.

5) Бекзат: — Мен Гулбайрам апайға сұрақ қойғым келіп отыр,сіздің группаңыздан қудаланған, оқудан шығарылған адамдар болды ма, сіздерге олардың жағдайын қалай түсіндірді, группаластардың тағдыры сізді ойлантты ма, сізге қалай әсер етті?

6) Еркебулан Т.- мен де Гулбайрам апайға сұрақ қойғым келеді, сол оқиғадан кейін қандай күйде жүрдіңіз,қорқыныш болды ма?

Жүргізуші: — Рахмет, бағдарлама көрермендері, студия қонақтары! Желтоқсан оқиғасының құрбандары мен батырлары туралы әлі де ашылмаған ақиқаттың бары екендігіне көзіміз әбден жетті.Ол ақиқаттың ашылуы қалай, қашан ашылуы- алдағы уақыттың еншісінде. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кешегі Халыққа жолдаған «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «Болашақ –жастардың қолында» деген болатын, жолдауды еске ала кетсек…

Жлдаудан үзінді келтіру: Аяпберген Б., Ниязова Д.

Жүргізуші: «Мен жастарға сенемін» деп М.Жұмабаев атамыз айтқандай болашақ, ел ертеңі-біздің қолымызда, ел ертеңін жарқын етер — бүгінгі ұрпақ халық тарихын біліп, тәуелсіздікті қастерлеуі қажет. Бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған, кешегі аға-апаларымыздың жанын құрбан кеткен қанымен келген тәуелсіз- дігіміз баянды болсын! Мен сіздермен келесі аптаға дейін қоштасамын, «Ашық әңгіме алаңында» болыңыз.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ