Жеңіс күніне арналған сценарий

0
13027

«Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһарман жазушылар»
Жеңіс күніне арналған сценарий

Өткізген: Утеулина А.К
Искакова Г.С
Боранбаева О.П

«Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһарман жазушылар»

Мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің
мән-маңызы туралы мағлұмат беру
2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу
дағдыларын ұштау.
3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі
таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін
үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншыл-
дыққа баулу.

Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, батырлардың
суреттері, буклеттер, оқушылар салған суреттер,слайдмәліметтері
1 — жүргізуші: — Құрметті қонақтар , оқушылар , мұғалімдер !
Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күні.
Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан
алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі , бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!
2 — жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.
Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.
1 — жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды.1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
2 — жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті.Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Сонымен 9 – мамыр Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным болсын иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
— Құрметті ұстаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухына бас иіп 1 минут еске алайық.
1жүргізуші: «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау
сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне де қашалып жазылған.
Енді құттықтау сөз тәрбие ісінің меңгерушісі Балабекова Гүлжамал Шакарқызына және оқу ісінің меңгерушісі Беилова Гүлбаршын Отарбайқызына беріледі.
2 — жүргізуші:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Ұлы Отан соғысының басталуы тек сұрапыл соғыстың басталуы ғана елестемейді, сонымен қоса қаһармен жазушылардың отты сөздермен жазылған туындылары да еске түседі. Сол кездегі майданға шақыратын патриоттық өлеңдер, ублицистика, әңгіме, очерктер кеңінен жарық көрді.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ поэзиясында Жамбыл творчествосының алатын орны. «Ленинградтық өрендерім», «Москваға», «Алынбас қамал», т.б. өлеңдерінің идеялық, көркемдік мәні.
Соғыс кезінде қазақ поэзиясында үгіттік қуаты мол, жалынды өлеңдердің туды. Таир Жароков «Жұлдыздай жанған Москва», «Ленин қаласы», Әбділда Тәжібаев «Ленинград», Диқан Әбілов «Торабында көп жолдың», Ғали Орманов «Ел арманы», Әбу Сәрсенбаев «Туыс», т.б. ақын жазушылар өте көп.
Отан қорғаушылардың патриоттық бейнесінің көрінуі және оны сомдауға бағытталған ізденістер. Поэзияда лирикалық кейіпкердің рухани әлемін бейнелеу әдіс-тәсілдері сол кездегі әдебиеттің көрсеткіші.
Баубек Бұлқышев (1917-1943) шығармаларындағы ерлік пен жауынгер арманын суреттейтін мақала-очерктер («Жауыздық пен махаббат», «Өмір мен өлім туралы», «Мен өмір сүргім келеді», «Заман біздікі», «Шығыс ұлына хат», «Тыңда, Кавказ») т.б. Жазушы шығармаларының лирико-публицистикалық пафосы.
Абдолла Жұмағалиевтың майдан даласынан жазылған «Алматылықтар» романы.
Жұмағали Саин Ұлы Отан соғысы туралы жазған «Есімде Айдар өзені», «Түн қатады партизан», «Дөнен», «Жауынгер сөзі», «Айтылмай келген аманат», «Жаралы партизан жырлары», т.б. жырлары. Майдан, соғыс, әскери техника, шайқас көріністерінің көркем бейнесі. Партизан тақырыбындағы шоғыр өлеңдері бар.
Ғабит Мүсірепов. «Ақ иықтар» (1941), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1945) әңгімелері мен «Қазақ батыры» (1945) повесі.
Әлжаппар Әбішев «Төлеген Тоқтаров», «Саржан», «Жас түлектер». Майдандағы жауынгерлер мен тылдағы еңбекшілердің қажырлы еңбегін суреттеуге арналған шығармалар.
Ғабдол Слановтың «Жанар тау» романы (1945).Шығармадағы жұмысшылар өмірінің суреттелуі.
Жамбыл Жабаев (1846-1945)
Жамбылдың ақындық өнерінің қазақ халқының қоғамдық-рухани өмірінің шындығымен тығыз байланыстылығы.
Ұлы Отан соғысымен байланысты туған шығармалары («Отан әмірі», «Қамал бұзған қаһарман», «Ата жаумен айқастық», «Өмір мен өлім белдесті»).
Ақынның «Москваға», «Ленинградтық өрендерім», «Алынбас қамал» атты өлеңдерінің мазмұны мен мәні.
1-жүргізуші: Келесі кезекті оқушылардың дайындаған мәліметтеріне берсек.
Мәлік Ғабдуллин
Ғали Орманов
Ақынның творчестволық сапары қысқа лирикалық өлеңдер жазудан басталған. Жаңарған ауыл, өзгерген дала, туған жер, адамдардың ойы мен арманы, олардың жаңа қарым-қатынастары Ғали шығармаларының негізгі тақырыбы болуы.
Бірсыпыра өлеңдерінде ерлікті, батырлықты мадақтап, майдан уақытындағы тылдағы еңбекті көрсетсе («Батыр ініме», «Мәлік», «Жар жалауы», т.б.), ал «Ана әңгімесі» деген ұзақ өлеңінде ақын жас баланың ақыл-ойына сыйымды етіп ертегі мен әңгіме үлгісінде неміс фашистерінің басқыншылық әрекетін әшкереледі.
Соғыстан кейін еңбек тақырыбын жырлауы («Днепр оттары», «Қорада», «Батпақ дала дастаны», «Егін — толқын»). Халықтар достығы мен бейбітшілік тақырыбына көптеген өлеңдерін арнауы («Доллар тағдыры», «Достық жыры», «Асқанға тосқын»).
1-жүргізуші: Келесі кезекті оқушылардың дайындаған мәліметтеріне берсек.
Ілияс Есенберлин
Тайыр Жароков
Т.Жароковтың шығармашылығындағы үлкен орны бар кезең 1941-45 жылғы екінші дүниежүзілік соғыс. Соғыстан кейінгі жылдарда қазақ ақындарының алдыңғы сапында поэзия алдында тұрған ірі мәселелерді шешу жолында аянбай еңбектенді.
Қазақ поэзиясының 30-40 жылдарында ақын шығармашылығының орны ерекше. Қаламгер ел өміріндегі саяси әлеуметтік мәні бар ірі уақиғаларға поэма, дастандар арнап, өлеңдер жазып отырған. Әдеби сында жиі көтерілген жаңа ырғақ, пішін табу жолындағы ізденістерде де Т.Жароковтың үлесі мол.
1-жүргізуші: Келесі кезекті оқушылардың дайындаған мәліметтеріне берсек.
Әзілхан Нұршайықов
Хамза Есенжанов
Көрнекті қазақ жазушысы Хамза Есенжановтың өмірі мен шығармашылық жолы қилы-қилы. Шығармашылық іске көңіл қоя араласып, алғашқы әңгімелері жарық көргеннен кейін көп кешікпей 1937 жылы репрессияға ұшыраған. Он жеті жылдай қамауда болғаннан кейін де біраз уақыт қуғында (жер аударуда) өткізеді. Саяси жүйе қытымырлығы мен туған жерден алыста жолсыз жаза көрген ақылды, білімді адам көкірегін кернеген ойлар мен сезімдер қаламгер рухани әлемінде қатпар-қатпар қыртысты қабаттардай қордаланды. Тұңғиық сырға айналады. Х.Есенжанов көңілінде жатталып, көкейінде тұрған сыр осылар болатын. Қаламгер шығармаларында соны жазды.
1-жүргізуші: Келесі кезекті оқушылардың дайындаған мәліметтеріне берсек.
Қасым Аманжолов
Қасым Аманжолов
Творчествосының алғашқы кезеңінде Қ.Аманжолов саяси-әлеуметтік тақырыптарға, ел өмірінде өтіп жатқан ірі уақиғаларға, халық тұрмысындағы жаңалықтар мен өзгерістерге арнап көптеген өлеңдер жазды.
Ақын өмірінің Орал кезеңінің (Оралда тұрған жырлары) шығармашылық лабораториясында айрықша мәні бар. Қ.Аманжолов өмір уақиғаларын сырттай бейнелеуден лирикалық кейіпкер ішкі әлемі мен сезім сырларына, ойларын бейнелеуге көшеді. Арман, махаббат жырларына көңіл қояды.
Тұңғыш өлеңдер жинағындағы ақын шеберлігінің көріністері : «Өмір сыры» (1938).
Соғыстан кейінгі өлеңдері. 1955-56 жылдары ақынның үш томдық «шығармаларының толық жинағы» шығарылуы. Шығармадларының төрт томдық жинағы (1977-80).
Қасым аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Үстімде сұр шинелім», «Жеңіс даусы», «Дариға, сол қыз», «қызғалдақ», «Ақын өлімі туралы аңыз» т.б.
Поэмалары: «Жамбыл тойында» (1939), «Бикеш» (1939-44), «Құпия қыз» (1939), «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943), «Біздің дастан» (1947).
Қ.Аманжоловтың ақындық әлемі. Оның творчествосындағы соғыс пен бейбітшілік, өмір мен өлім суреттері. Шығармаларындағы достық пен махаббат, ерлік пен елдік, Геройлық пен трагедиялық пафос. Ой мен сезім. Мазмұн тереңдігі мен түр жарастығы.
Аудармалары: «Полтава» (Пушкин), «Маскарад» (Лермонтов), Низамиден, Некрасовтан, Шевченкодан, Маяковскийден, Твардовскийден қазақшалаған аударма туындылары. Қ.Аманжолов
1-жүргізуші: Келесі кезекті оқушылардың дайындаған мәліметтеріне берсек.
Қасым Қайсенов
Жұбан Молдағалиев
Әбу Сәрсенбаев
Әңгіме сұхбат бойынша сұрақтар:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.

Оқушылармен шығармашылық жұмыс: Өлең жолдарын аяқтап, авторын тап.
1. Қасым Аманжолов «Өзім туралы»
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын аткан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…
Аманжол Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
2.Жұбан Молдағалие «Мен-қазақпын»

Мен — қазақпын мың өліп, мын тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен — қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
3.Әбу Сәрсенбаев «Сен құрметте оны!»
Сен құрметте оны
Сен құрметте оны!
Түсіндін, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Тренинг:
«Отан мен саған ризамын, өйткені………………….»

1 — жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
Сүйінші , халқым сүйінші,
Сүйіншіге — сүйінші!
Шаттан ата-анамыз!
Шаттан ата-бабамыз!

1 — жүргізуші: Жеңістің туы жалтылдап,
Жығылмай мәңгі тұрады.
Сол тумен өскен аршындап,
Ерлердің бізбіз ұланы!-депбүгінгі конференциямызды «Жойылсын соғыс» деген әсем әнмен аяқтайық.
Құрметті көрермендер бүгінгі Ұлы Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарламамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Келіп тамашалағандарыңызғкөптен – көп рахмет. Көріскенше сау болыңыздар!

Жеңіс күніне арналған басқа да материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ