«Жеті Жарғы» заңдар жинағының тарихи маңызы

0
6250

Әз-Тәуке ханның өз заманындағы және бұрын-соңғы қазақ тарихындағы ең үлкен еңбегі – «Жеті жарғы» аталатын заң жүйесі.

Қазақ халқында әскери салт-дәстүр сақталды. Хандықтағы тұрақты әскер жасағының болмауы, әрбір ру мүшесі әскер міндетті болады. «Жеті Жарғыда» әрбір қазақ жеті қару асынып жүруге міндетті болды. Жеті қаруға садақ, қылыш, білтелі мылтық,шоқпар,балта,семсер,қанжарлар жатқызылса,дуылға,жыға,дәндәку,қормасақ,сауыт,кісе,шақша,оттық т.б. Мұның өзі көшпелі қазақ қоғамында әскери дәстүрдің негізгі тірегі болғандығын көрсетеді.

Тәуке ханның Қазақ хандығындағы билік құрған алғашқы жылдары оның барлық іс-әрекеті ішкі саяси тартысынан әлсіреген хандықтың ішкі жаынан нығайтуға арналғандығы. «Жеті Жарғының» қабылдауымен негіздеуге болады. Тәуке қазақ қоғамындағы қарама-қайшылықтарды шешуде, әлеуметтік және құқықтық нормаларды заң жүзінде баянды ете отырып, әрбір қауым мүшесі хандықтың құрылымына енуіне мүкіндік жасады. «Жеті жарғының» қабылдауының басты себебі: әдеттегі құқықтық нормаларды реттеу қажеттілігінің туындауы, екінші орында саяси-әскери жағдай болғандығы оның баптарынан анықтауға болады.

Тәуке хан 1553-1554 жылдары хандықтағы билік жүйесіндегі өзгерістер «дала аристократися» қолдай отырып, 1670 жылдары «Жеті Жарғының» қабылдануына алғашқы қадамдар жасай бастады.

Жазба деректерінің орнын толықтыратын, Қазақ хандығының тарихына құнды мағлұматтарды қосатын, қазақ халқының дәстүрлі ауызша тарихы: Тәуке заманның Қазақ хандығының ең бір өркендеген және тыныштық орнаған кезі «қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп аталды.

Біздің пайыпдауымызша, Қазақ Ордасының бұған дейінгі тарихында хан билігі қашанда күшті болған. Ұлыс біртұтас. Төре әулеті – ел ұстаған сұлтандар бодан жұрты қанша мол болса да, бұра тартпаған. Мәселен, Қасым сұлтанның қуаты да, беделі де артық бола тұра Бұрындық ханды ұлық тұтуы, әрқайсысы елу мыңдап әскер ұстаған Жаныш, Таныш сұлтандардьң, жеке хандық құруға ұмтылмауы, Хақ-Назар заманындағы Жалым сұлтан мен ПІығай сұлтанның істері, Тәуекел ханға Шағым, Есім сүлтандардың бас ұруы, Есім хан болғанда, оны Көшек сүлтанның аға тұтуы – мысал көп.Қазақ сұлтандары бет-бетіне тартты, қазақ ешқашан біртұтас ел болмады деген байлам – ғылыми зердеден ада, иман-ұяты кем, ең бастысы – қазаққа жау пиғылдығы дүмшелер ойлап тапқан өтірік. Әлбетте, қай заманда да өз түғырын биіктеткісі келген түлғалар болған, мәселен, Катаған Тұрсын ханның оқиғасы; бірақ бұл – бас билікке таласу емес, дербес билікке ұмтылу, әрі тарихымыздағы шетін құбылыс. Көне түрік заманынан бері қалыптасқан, билік ағадан ініге көшетін хан сайлау дәстүрі бұзылмаған кезде Қазақ Ордасында таққа талас тумаған. Және хан билігі айрықша құрметтелген.

Алғашқыда оның билік қазақ даласына тегіс орнықпауы мүмкін. Қазақ хандығы сияқты територялық жағынан аумақты дәстүрлі қоғамдық қанынастардың орныққан мемлекеттік құрылымды басқару өте күрделі. Сондықтан болар Тәуке хандық бліктен үміті бар сұлтандарға қарсы хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын «дала аристократиясының» өкілі блерініңмкөмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әдетті-құқық, әскери және саяси мәселелерді шешу Тәуке хан тұсында осылардың үлесіне тиді.

Қазақ хандығында Тәуке хан тұсындағы ішкі саяси билікте «Жеті Жарғы» бойынша Шыңғыс ұрпағына қауым мүшелерінен артықшылықтары зандыстырылмаған болатын. Ал іс жүзіндегі хандық ішіндегі билік «дала аристакратиясымен» бөліске түскен болатын. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі басқару жүйесіндегі бліктің бөлінісінің тиімді және тиімсіз жағы болады. Біріншісі, қазақ халқы ішіндегі «дала аристократися» дегеніміз әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі емес, өздерінің жеке бастарының артықшылықтарына сүйенген би, батырлар болды. Олар қазақ қоғамын бақару жүйесінде саяси-әлеуметтік топ ретінде қалыптасып, қазақ қоғамын демократиялық сатыға көтерді.

Тәуке хан тұсында билер үстемдігі күшейгендігі соншалық жұздерді басқаруда Ұлы жүзде – Төле би (Дулат,Жаныс руынан), Орта жүзде – Қазыбек биге (Арғын, Қаракесек руы), қарақалпақтарда – Сасық би, қырғыздарда –Қараш биге арқа сүйеді.Билердің қоғамдық функцясы,саяси-қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын орындады. Олар жүз, тайпа, ру билеушілері болды. Екіншіден, хан билігін нығайту, оны тұрақтандыру үшін, өзге сұлтандар арасындағы тартыстар жою үшін қажет болады.

Сонымен қатар, біз қарастырып отырғанкезең де, хандық билігінің барынша нығаюына, үш жүздің басын біріктіріп билік құрған Тәуке ханның алатын орны ерекше. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін қазақ қоғамының ішкі ыдырауы блік үшін толассыз тартыс күшеюімен сыртқы жаулар тарапынан сұрапыл жауынгершілік соғыстың бастауларымен сипатталады. Осылайша, Тәуке хан заманнан кейінбүкіл қазақ даласында Қазақ хандығы ыдырап, жеке дара хандықтар пайда болды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ