Қазақ хандығы қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың заңдастырылуы

0
3608
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

XVII ғасырдың соңы – XVIII ғасырлар Қазақстан өмірінің әлеуметтік-экономикалық қатынастарды дамыту саласында айырықша кезең болды.

Көшпелі қазақ қоғамының дамуы оның әлеуметтік-экономикалық қатынастар емес, қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымы тұрғысынан ерекшеленеді. Қазақ қоғамындағы нақты таптық жіктелістің болмауы өз кезегінде қоғамдық іс-әрекет атаулының барлығы әлеуметтік-экономикалық немесе саяси ғана емес, әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерден келіп туындауын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді. Көшпелі қоғамның шаруашылық-экономикалық және саяси ерекшелігіне айналып келгенде бір ғана өркениеттілік факторға көлбеу қарым-қатынастарға негізделген әлеуметтік байланыстарға тәуелді десе болады. 

XVII – XVIII ғасырда қазақ қоғамында осы Шыңғыс тұқымынан тараған ақсүйектермен қатар қазақ қауымының ішінен шыққан дала ақсүйектердің билікке қол жеткізумен ерекшеленеді. Өндірістік тәсілдердің тұрақтылығының нәтижесінде қоғамның өзіне әлеуметтік – экономикалық институт құралады, мұнын өзі қоғамдық еңбек бөлінуін – мүліктік теңсіздік және әлеуметтік топтардың жіктелуін реттеуін айқындайды. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктелу дәрежесінің тарихнамада берілген талдаулардағы көзқарастар әр жақты екендігі белгілі. Қазақ қоғамындағы жерге деген меншіктің болмауы, ондағы әлеуметтік жіктелудің жоқтығын көрсететін дамымаған өркениетке жатқызған пікірді кейбір зерттеушілер қолдаған болса, тағы бір зерттеушілер малға және жерге қатысты меншіктің болуына орай қазақ қоғамында әлеуметтік жіктелістің болғандығын мойындайды. Жерге деген менщіктің болмауы қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастардың дамуының ерекше түрін қалыптастырады.

Жоғарыда тоқталып өткендей қазақ қоғамының билеуші тобы болып саналатын «ақсүйектердің» әлеуметтік – экономикалық жүйесі XV ғасырмен салыстырғанда XVII ғасыр соңы – XVIII ғасыр басында ірі өзгеріске ұшырады. Сонымен қатар еңбектерде жиі ұшырасатын «қара халық» немесе «қара сүйектердің» бұл кезеңдегі жағжайының басқаша дәрежеде болғаны анық. «Ақсүйек» терминінің қалыптасуы қазақ халқының тарихының алғашқы жылдарына жақтызуға болады. Шыңғыс ұрпағынан тарағандардысұлтан немесе жалпы атаумен төре деп атаған. «Сұлтан» атауы бастапқыда жинақталған түсінікті, билеп – төсету үстемдік үкім жүргізушілік, сонымен қатар мемлекет ұғымын білдіреді. Алғашқы болып жеке адамға қатысты мемлекет билеушісіне сұлтан деген атақ Осман империясында берілді. Қазақстан мен орталық Азияда сұлтан атауы әр Шыңғыс ұрпағының мүшелеріне  XV тағылды деген болжам бар. Сұлтан атауымен қатар билікте жоқ әр Шыңғыс ұрпағына оғлан немесе төре терминдері қолданылды. В.В.Радловтың көрсетуі бойынша «төре» деген атауы көне түркі тілінде ханзада деген түсінік береді делінген. Ал көне ұйғыр тілінде бұл атау осы мағынаны көрсетеді. Төрелерді жіктеп және  олардың тарихын зерттеуде Құрбанғали Халилидің еңбегінің орны ерекше. Оның  жылы жарық көрген «Тауарихи хамса – ии шарки» (Шығыстың бес тарихы) атты құнды еңбегінде Қазақ хандарын ақ тулы, қызыл тулы төре деп атайды. «Төре» сөзі өз кезінде Шыңғыс ханның заңдар жинағының атауы болыпкейінірек оның ұрпақтарының лауазымына айналды деп көрсетеді. Оның түсіндіруінше «төре» сөзі парсы тілінен аударғанда дүре соғып жазалауды білдіреді. Төре – бұл ханның туыстары жағдайы ханнан төмен тұратындарды айтады. Төренің лауазымды білдіретіндігі сөзсіз. Соған қарамастан  XVII – XVIII ғасырларда төре атауы жалпы қолында билігі бар көрнекті лауазымды адамдарды соның ішінде шенеуніктерді, сот мүшелерін атауға қолданыла басталды.

XVII-XVIII Қазақ хандығының сыртқы және ішкі саяси жағдайы «батырлар» тобынан шыққан билеушілердің таралуына әсер етті. Үнемі шығыс тарапынан болып тұрған жаугершілік соғыс батырлардың биліктегі тізгінді өз қолдарына алуының бастамасы болды. «Батыр» ұғымы әлеуметтік-таптық мазмұнды көрсетпейтігінді анық. Өйткені «батыр» атағын би түсінігімен салыстарғанда сұлтандар да хандар да ие бола алатын. «Батыр» түсінігі қазақ ауыз тарихында және тұрмыс салтында жиі қолданылып кеңінен тараған. Біз қарастырып отырған кезеңде бұл түсінік жеке қоғамдық топтың атауына айналғандығын қарасақ, бұл әлеуметтік мағынасында белгілі заңды ретте белгілі тарихи бағытта қолданылғандығы көзге түседі. Батырлар жиі ру басшылары болған. Елшілікке қатынасып отырған. Оған дәлел Тәуке тұсында орыс жерінен бірнеше рет елшілікке қатынасқан Тәшім, Тайқоңыр батырларды атап кетуге болады. Тәукенің жақсы адамдардың бірі Берху батыр екендігін елшілердің жазбаларынан кездестіруге болады. Бұл аңыз үзінділері М. Тынышбаевтың еңбегінде берілген. Аңыз бойынша Алдияр Тәукенің ең жақын жүрген батыры болған. Осыны көре алмаған біреулер Алдияр үстінен Тәукеге шағым түсірдеді. Мұны Тәуке Алдиярға өз халқын ренжітпеуге кеңес беріп, оның устіне шағым түсіргендеоге Алдияр батырдың өзіне жақын тартатынын ескертеді.

Тәуке ханның даланың ірі әскери өкілдері «батырларға» сүйеуінде ерекше мәні болады. Тәукенің саясатында шашыраңқы орналасуын қазақ руларын батырлар арқылы өзінің билігін мойындатқысы келі. Сондықтан болар ол үнемі батырлардың билігін қолдап отырып, оларды өзіне жақын ұстады. Тәукенің иелігі Түркістан қаласынан Арыс және Талас өзендерінің арасы және Боралдай өзенімен Қаратаудың етегінде атақты Содыр руынан Жомарт батырдың жайлауы орналысты. Түркістанның оңтүстігіне қарай Орта жүздің найман матай руынан Бөрте батырдың жайлауы Шыршық өзеніне дейін созылып жатты. Шу өзенінен солтүстік-шығысқа қарай керей руынан тобын Бөкенбай батырдың иелігі басталады.Осылайша Тәуке әр жүз, әр рудың би, батырлардың билігіне жол бере отырып хандық ішіндегі ру арасындағы тыныштықты сақтады. Қазақ қоғамындағы «батырларға» деген қажеттілік, кейінгі кезеңде қазақ халқының басына төнген «Ақтабан шұбырынды» зар заманында айрықша көзге түсті.

XVIII ғасырдың 30-шы жылдарынан кейін жалпы «батыр» түсінігі байланысты қасиеттердің өзгеруі басталды. Ендігі батырлар халықтың қамқоршысы, қорғаушысы емес, керісінше оларға зәбір көрсетіп, қазақ қоғамында басталған әлеуметтік іріткілердің қол шоқпарына айналды.

Зерттеушілер «бай» әлеуметтік тобы XIX ғасырда қалыптасты деп көрсетеді. Бірақ халық ауыз әдебиетінде «бай» атаумен байлансыты аңыз-әңгімелерде оларды дәулет иесі ретінде көрсетеді.

XVII ғасыр соңы – XVIII ғасыр басында қазақ жерінде екі жақты сауда айырбасы қалыптасады. Біріншісі ретінде Орта Азия елдеріне өз өнімдері: малды, етті, жүнді, сонымен қатар тұтқынға түскендерді, тұтқындарды құлдыққа сату арқылы жүргізілді.

Құлдар қырғыздарда сатып алынды немесе тұтқынға түскен қалмақтар, башқұрттар болды. Бірақ қырғыздардың өздерінен «құл» болмайды. Өйткені бұл өз халқын силамағаны деп Крафттан берілген үзінді дәлелдей түсті. Қазақ қоғамындағы құлдықтың қандайлық мөлерде таралғандығын айқындай қиын болғанымен, олардың жағдайының қандай дәрежеде екендігі «Жеті Жарғы» заң жүйесінен анық көруге болады. Олар ешқандай құқығы жоқ әлеуметтік топ ретінде сипатталады. Олардың жасаған әрикеттері үшін оның қожайыны жауапты болады. Құл қожасының басыбайлы меншігіне айналады. Мысалы, 14-бабының құлдық қожайыны оның өмір аз сүруін шештін иесі екендігін көрсетеді. Тағы бір бабында құлдық құны аңшы бүркіт немесе итке тең деп көрсетеді.Бірақ қазақ қоғамындағы құлдардың кейбіреуі бас бостандығын алып қауым мүшеіне көтеріле алатын.

Сонымен қазақ қоғамындағы құлдардың алатын орны осылайша сипаттауға болады.

Қазақ арасында рулық қатынастардың сақталуы, олардың билеуші әлеуметтік топтың өзгеруіне, дамуына әкелген болатын. Сондықтан рулық қатынас қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастар, идеология тұрмыста ғана емес, саяси құылымында өз үстемігін сақтаған. Біз қарастырып отырған кезенде кез келген дамыған қоғам сияқты қазақ қоғамында да қолданылған саяси тәртіп құқықтар мен міндеттердің күрделі ұштастырылуына негізделіп құрылған деуге болды. Қазақстанда қоғамдық қатынастардың дамуына сыртқы фактор ерекше әсер етті. Үнемі өзінің әлеуметтік-саяси дамуына қайталану фазасына ұшырған жүйесіде елеулі өзгерістер мен қайшылықтарды енгізуде Ресей тарапынан жүргізілген саясат ерекше әсер етті. Сонымен қатар ислам идеологиясының «Жеті Жарғыда» зандастырылуы қоғамдық қатынастардың дамуына үлкен үлес қосты.

 

Тогаев Аслан Уразаевич

Солтүстік Қазақстан облысы, Есiл ауданы

«Тауағаш орта мектебі» КММ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ