Тәуке тұсында Қазақ хандығының заңдық негізін нығайтудың тарихи бастаулары

0
1246
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Қазақ қоғамының заңдық негізінің қалануы және оның әлеуметтік– экономикалық ахуалға ықпалы

 Тәуке тұсында Қазақ хандығының заңдық негізін нығайтудың тарихи бастаулары

Қазақ хандығы Тәуке хан тұсында бір орталыққа бағынған мемлекет болғандығын бірінші тарауда толығымен айқындалды. Бұл кезең хандықтың сыртқы саяси ахуалы біршама тұрақтануы десек, ішкі жағдайында ірі өзгерістер басталған болатын. Хандық билікті күшейту бағытында жасалған қадамдардың бірі, қазақтардың әдеттегі құқық нормалары бір жуйеге келтіріп заңдастырылды. Бұл Тәуке ханның ішкі саяси тұрақтылықты орнату барысында жасаған әрекеті болды.

Тәукенің саясатын тереңірек зерттегенде, оның қайшылықтардан тұратындығын көруге болады. Мысалы, хандық ішіндегі билікте «дала аристократиясына» сүйенсе, «Жеті Жарғыда» «ақ сүйектер» мен «асыл сүйек» әлеуметтік топтарының мүддесін қорғайды. Осы саясаттың басты мақсаты екі арадағы тепе – теңдікті сақтау болғандығы байқалады. Сонымен, Тәуке ханның ұлттық тарихымызда ең басты орны оның қазақтың әдет – ғұрыптарын өзіне дейінгі «Қасым ханның қасқа жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты қазақ қоғамында қалыптасқан әдеттегі құқық нормаларының негіздеріне сүйене келіп, «Жеті Жарғыны» қабылдауында болып отыр.

Бұл заңның қабылдануы сол замандағы қазақ қоғамын өркениетке бір саты жоғарылатты. Мұны Еуропа елдеріндегі конститутциялық монархтық билікпен тепе – тең етіп салыстыруға болады. Тәуке өзінің ішкі саясатында хандық билікті күшейтуді көздеді. Қазақ әдет – ғұрып туралы заң нормалары қазақ қоғамының экономикалық – әлеуметтік қарым – қатынасының бет пердесін әр қырынан ашып, әрі тереңірек зерттеуге жол ашады. Сондықтан да Қазақ хандығының эконмикалық – әлеуметтік және саяси тарихын зерттеуде оны әдет – ғұрып заң нормаларымен байланыстыра отырып қараған дұрыс.

«Жеті Жарғы» заң баптарына XIII ғасырдан басталған монғол факторы Қазақ жерін мекендеген халықтардың дәстүрлі қоғамы мен жүйелік дамуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан болар «Жеті жарғының» кейбір тұстарындағы жақындастықты байқауға болды. Бұл екі заң жинағының дүниеге келуі ірі тарихи кезеңге, сондай – ақ қоғамдық – саяси жағдайлардың өзгешелігіне қарамастан, басты қалыптасу себептері бір – біріне ортақ. Ол дәстүрлік – құқықтық өмір сүріп тұрған нормалады қоғамның жаңа талаптарына сай икемдеуге ұмтылу, олардың ішінен билеуші топтың мүдделеріне сай келетінін ғана заңдастыру, ескірген қағидалардың орнына жаңасын жасауға байланысты туындаған. Бірақ, «Яса» мен «Жеті Жарғы» арасында өзара байланыстар сияқты, айырмашылықтар да аз емес. Енді осы екі заң жүйесіндегі сабақтастығы қарастыратын болсақ: ол ұрлық, зинақорлық, күш қолдануға қарсы үкімдерден көрінеді.

Сонымен қатар, жазалау түрлерінен де ұқсастықтар табылады. Керек болса, тұрмыстық, салт-дәстүрге байланысты, мәселен, үлкенді құрметтеген үшін, ата-анасын сыйламағандығы үшін жауапқада тартылған. Монғолдарға тәуелді тайпалардан шыққандарға үлкен лауазымға ие болуға тиым салынған.Ол Қазақ хандығының мұрагерлеріне тек Шыңғыс тұқымынан тарағандар ғана құқылы болған. Қылмыстық құқық және басқару жүйесіндегі мұндай сәйестік оның ішінде «Ясадағы» наным-сенімдерге байланысты тұтастары қазақтардың жай тұрмысындағы түсінігінде де сақталмаған. Мәселен, «Ясада» кімде кім әсер басының табылдырған басса, ол адам өлім жазасына кесілетін.

Ал қазақтарда табалдырықты басуға отыруға тиым салынған, жаман ырым деп саналған. Сондай-ақ, «Ясыда» қонақ күткен үй иесі тағамды өзі татпайынша басқалалардың асқа қол салуына тиым салынған. Мұндай әдет-ғұрып қазақ тұрмысында да бар. Бұнда қазақ арасындағы «Ас иесімен тәтті» мақал дәлел бола алады. Сондықтан алдымен қожайын астан дәм татуға тиіс. «Яса» заң жобасы әскери әкімшілік құбылыстың нағыз көрінісі болса, ал «Жеті Жарғыда» басқару жүйесіндегі әлеуметтік қатынастар айқын көрініс тапқан.

«Жеті Жарғыда» Қазақ хандығының ислам дінінің етене еніп тарған кезінде қабылданған «Ясаға» қайшы келетін баптар да бар. Мысалы: «Яса» бойынша басқа дінге кіруге рұқсат етілген болатын, «Жеті Жарғыда» ислам дінінен бас тартқандарды жазалап отырған. Осыған орай Қазақ хандығында ислам дінінің қағидалары «Жеті Жарғы» заң нормаларында нақты әрі толығымен көрініс тапқан деуге болады. «Жеті жарғыға» ислам дінінің құқықтық белгілері – шариғаттың өзіндік әсері болады.оны осы заң жобасының кейбір баптары дәлелдей түседі. Кейбір зерттеушілер «Жеті Жарғы» бойынша құн төлеудің өзі ислам діні арқылы енген деп пайымдайды және қазақтардың салт-дәстүр, әдеттік-құқық заңына игілікті әсер етті деуге болады. Халық берген, тарихқа енген есімі — Әз-Тәуке, яғни, дана Тәуке.

Біртұтас Қазақ Ордасында тура отыз бес жыл билік құрған Әз-Тәуке  әкесінің көзі тірісінде Шығыс Түркістан тарабындағы елшілікке қатысады.

1680 жылы ақ киізге көтерілгенде ақыл тоқтатқан кемел жаста Есім хан заманының оқиғаларынан нақты хабардар Жәңгір хан заманындағы ахуалға тікелей куәгер деген сөз қайраткер ретінде қалыптасу кезеңі отыз жылдық, тыныштық дәуіріне сәйкеседі, Тәукенің жауынгер хан емес, ақылман хан ретінде тарихқа енуінің түп төркініосында жатқан сияқты. Егер арғы тарихқа бойласак, Тәукені Қасым ханға ұқсатар едік. Бірақ сол, касқа жолды Қасымның өзі ең алдымен әскербасы  болатын.

Әз-Тәуке билікке бейбіт күнде келді. Жері байтақ халқы мол, іргелі ұлыстың тізгінін алды. Бірлігі берік, берекесі зор, кеудесі жоғары алаш қауымының ежелгі тағына отырды. Ұлттық дәстүрі, қалыптасқан заң жүйесі бар, айбарлы жұртқа ие болды. Хақ-Назар хан үстінен ауып шапқын өткен, тозғындаған халықты қайта көтеріп, іргелі ел етіп еді. Тәуекел хан бұлғак жайлаған, жарыт жұртынан айрылған елді куатты, қүдыретті мемлекет дәрежесіне жеткізіп еді. Есім хан төрт тараптан бірдей ентелеген жаудың бәрін жапырып, ұлыстық іргесін бекітсе, Салқам Жәңгір хан біріккен ойрат-халханы талқандап, жаңа заманға батыл қадам басып еді. Арыстан аталардың алдаспан аталардың білгір саясаты, білекті күресі нәтижесінде қалыптасқан алты алаш ақ киізге көтерген күні бүкіл Қазақ Ордасы Тәуке ханның заманы шуақты болады деп, айдынымыз асып, байлығымыз тасып, шалқып-толқып дәурен сүре береміз деп ойлағаны күмәнсіз.

 

Тогаев Аслан Уразаевич

 Солтүстік Қазақстан облысы, Есiл ауданы

«Тауағаш орта мектебі» КММ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ