Жетістікке жеткендермен араласыңыз

0
1443

Өзін сыйлай білмеу – бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу – ақымақтық. Г. Мопассан
– Айналамыздағы адамдардың бізге тигізетін әсері бар ма?
Сіздің қалаған тұлғаға айналуыңызға ықпал ететін негізгі себептердің бірі – барынша ұғынықты болу.
Бізге айналамыздағылардың ықпалының күшті, нәзік те тұрақты болғаны соншалық, олардың бізге қаншалықты әсер ететінін көбіне біле бермейміз. Осы жайлы ойлап көріңіз. Егер Сіздің айналаңызда табыстарын ысырап жасап жүрген адамдар болса, онда Сіздің ысырапшыл адам болуыңызға керемет мүмкіндік туып тұр дей беріңіз. Егер Сіздің айналаңызда жиынға емес, күрес жарысына баруды жөн көретін адамдар болса, Сіздің де соларға қосылып кетуіңіз ықтимал. Айналадағылардың ықпал күші осындай.
Таныстарыңыздың әрбіріне жұмсалған уақытыңызға баға беріңіз. Ол пайдалы ма, толық па, жоқ әлде негізсіз бе, жартыкеш пе? Жауабыңызға сенімдісіз бе? Онда мына сауалдар төңірегінде ойланыңыз:
Олар Сізді не істеуге мәжбүрледі?
Олар Сізді не тыңдауға мәжбүрледі?
Олар Сізді не оқуға мәжбүрледі?
Олар Сізді қайда болуға мәжбүрледі?
Олар Сізді не жайында ойлауға мәжбүрледі?
Олар Сіздің сөйлеуіңізге қалай ықпал етті?
Олар Сіздің пікірлеріңізге қалай ықпал етті?
Ақырында, Сіз, шын мәнінде, осы сауалдар төңірегінде ойланған соң, өзіңізге-өзіңіз тағы бір мынандай: «Осы таныстарым менің таңдап, алдыма қойған мақсатым бойынша өсуіме көмектесе ме? » – деген соңғы сауал қойыңыз.
Егер сәті түсіп, Сіздің жауабыңыз «Иә» болса, мен Сіз үшін қуаныштымын. Ал егер, Сіз соншалық сенімді болмасаңыз, өміріңіздегі негізгі ойыншыларыңыздың кейбіреулерінің қарым-қатынасына баға берудің кезі келгені.
Ықпал жайлы бұл мәселені елемеу өте оңай. Қалыпты адам: «Мен осы ортада өмір сүріп жатырмын, бірақ мұның маңызы жоқ. Айналамдағы бұл адамдардың маған қатысы шамалы» – дейді. Ол қателесіп тұр. Бәрінің маңызы бар. Есте сақтау үшін: БӘРІНІҢ МАҢЫЗЫ БАР дейтін әдемі сөйлем бар.

Адам өз досының дүние таным, пиғылына қарай үйлесіп кетеді. Сондықтан кіммен достасуды алдын ала ойланып алған абзал. Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.)

Орташа деңгейдегі адам боп қалу оңай. Бұл үшін Сізге керектінің бәрі – болмашы адамдармен болмашы істерге негізгі уақытыңызды жұмсау.
Бұл – Сіздің өміріңіз. Сіз өз уақытыңызды кіммен өткізгіңіз келеді және қалай өткізгіңіз келеді – ерік өзіңізде.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ