Ұйықтар алдында компьютер қолданудың зияны

0
2810

Бір күндік қарбалас жұмыс аяқталды. Адамдар шаршайды, бірақ, қызметтен қолы босап, жанұяға қайтқан соң демалудың орнына компьютердің алдында отыруды әдетке айналдырған. Ұйықтар алдында компьютер қолданудың денсаулыққа мынадай кері әсері болуы ықтимал.
Ұйқы бұзылады.
Қалыпты жағдайда адам денесінің температурасы күндіз жоғары, түнде төмен болады. Егер ұйықтар алдында компьютер қолдансаңыз, экран жарығы көз бен жүйкені тітіркендіріп, дене температурасының өзгеріс заңдылығына ықпал жасап, әуелгі температураны жоғарылатып, ұйқының сапасына ықпал жасайды. Тіпті, ұйқысыздық, көп түс көру сияқты қалыпсыздықтар орын алуы мүмкін. Сондықтан, компьютер ұйқыдан 2 сағат бұрын өшірілуі керек. Әдетте жатын бөлмеге теледидар, телефон, компьютер сынды үй-электро жабдықтарының орналаспағаны дұрыс. Жайлы ұйықтау үшін ұйқы алдында аяқты ыстық суға малу немесе бір стақан сүт ішіп ұйықтаудың тәннің саулығына берері мол.
Қатерлі ісік (рак) ауруына қарай жетелейді. Компьютерден шықан ультрасәуле адам денесінің қан айналым жүйесіне, ауруға қарсылық қуатына, бүйрек және зат алмасу қызметіне ықпал жасайды. Егер бұлайша ұзақ уақыт жалғаса берсе, қатерлі ісік дертіне шалдығу мүмкіндігі де артады екен.
Өрбу жүйесіне ықпал жасайды. Бастысы ерлердің белсіздігі мен жыныстық белсенділіктің төмендеуіне апарады. Бұл жағдай жұбайының түсік тастауына немесе іштегі баланың қалыпсыз дүниеге келуіне әсер етуі мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесіне ықпал жасайды. Адамның жүрек-қантамыр жүйесіне ықпалы жүректің қысылуы, ұйқысыздық, әйелдердің ішкі қалыпсыздығы, жүректің баяу соғуы, ақ қан жасушаларының азаюы, ауруға қарсылық қуатының төмендеуі сынды кері әсерлер туындайды.
Сезу жүйесіне ықпал жасайды. Көз – адам денесіндегі электро-магниттік сәулеге ең сезімтал мүше саналады. Қалыптан тысқары электро-магниттік сәуле алдында отыру көздің сезімталдығын төмендетіп, көру қуатын әлсірете береді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ