Жүгірудің пайдасы

0
145

Мамандардардың айтуынша, жүгіру-дене жаттығуларының барынша оңай және тиімді түрі. Күнделікті жүгіруді әдетке айналдырғандар өздерін сергек әрі жеңіл сезінеді. Олардың жұмысқа деген қабілеттері артып өзгелерден тындырымды жұмыс атқарады. Бойларындағы артық салмақтан арылып, икемділігімен көзге түседі. Жүгірумен жүйелі түрде және ұзақ уақыт бойына шұғылдану қуатты үйлесімді дәрежеде жұмсауды реттеп қана қоймайды, сонымен бірге ағзаның жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерін нығайтуға мумкіндік береді.
Алайда жүгіру ағзадағы теріс құбылыстарға да соқтыруы мүмкін. Шамасын білмесе, тіпті баяу жүгірудің өзі адамның жағдайын насырға шаптыратынын медицина және дене тәрбиесі қызметкелері біледі. Мысалы, тіпті бірнеше жыл бойына жүгірумен шұғылданып жүрген, бірақ қыза келе жүгіру мерзімін бір сағатқа жеткізген және одан да арттырып жіберген жасы сәл қырықтан асқан адамдардың миокард инфаркті болғаны белгілі. Сондықтан жүгірмес бұрын дұрыс жүгірудің қыр-сырын жақсы білген жөн.
ЕСКЕРТУ: сырқат, әсіресе, жүрек тамыр жүйесі ауыратын адамдарға жүгіру денсаулыққа әрі дене сымбатына пайдалы деп онымен айналысуға болмайды. Олардың емдік дене тәрбиесімен айналысқандары жөн.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ