Жезқазған — кие мекенім

0
2389

 

Қаныштың салған қаласы,
Ғарыштың болған даласы.
Қойнауы ырыс-береке,
Кеңгірдің мынау сағасы.

Ұлардай ұлы құсы бар,
Байлығын саған ұсынар.
Әлемдік құйған арнаға,
Сарысудай аққан мысы бар.

Жөңкілген аппақ бөкенің,
Өзіңді мақтан етемін.
Ұлытау ұлттың ұясы,
Жезқазған кие мекенім.

Байлыққа толы етесің,
Мақтаң ғып сені өтемін.
Әр тасың алтын білгенге,
Жезқазған кие мекенім.

Серікбай Әліби Асхатұлы
Қарағанды облысы білім басқармасы
«№3 қазақ – түрік лицей — интернаты» КММ
7-сынып оқушысы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ