Жиембет жырау. Еңсегей бойлы Ер Есім. Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары

0
8524
Пәні :қазақ әдебиеті 2-сабақ

Сабақтың бөлімі: Көне күндерден жеткен жәдігерлер

Сабақтың тақырыбы: Жиембет жырау. Еңсегей бойлы Ер Есім

Күні Мұғалімнің аты-жөні:Сейсембаева Г.О.
Сыныбы:7 Қатысқандар саны:29 Қатыспағандар саны:0
Сабаққа негізделген оқу

мақсаты:

7.Т\Ж2 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

7. Т\Ж3 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау. 7.А\И3Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері:эпифора,анафора,аллитерация, ассонанс, аллитерация,риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

Бағалау критерийлері :

1.Жырдағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдайды.

2.Жырдағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтай алады.

3.Жырдағы көркемдегіш құралдардың(символ,синекдоха,қайталау түрлері:эпифора,анафора,аллитерация, ассонанс, аллитерация,риторика- лық сұрақ)қолданысын талдай біледі.

4.Толғауды ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, шығармашылық- пен айналыса алады.

Сабақ мақсаттары:

Тілдік мақсат

Барлық оқушылар орындай алады:

1. Әдеби шығарманы оқып, негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

1.Толғаудағы автор мен шығарма кейіпкерін салыстыра алады.

2. Жырды оқи отырып, кейіпкерлер ойын дәлелмен жеткізеді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Жырдағы көркемдегіш құралдарды пайдаланып, өлең құрастыра алады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:сүйесін,демесін,өрлігім, ебесін;бұлың,сауыр
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:ат құйрығын кесу,дәурен сүру,ит түрткі,ат сауырсын беру;
Талқылауға арналған сұрақтар:Жиембет жырау неге ел билігіне ерте араласқан деп ойлайсыңдар? Жыраулардың ерекшелігі неде ?
Не себепті …деп ойлайсыз? (Жыраулар неге ханның ақылшысы болған)Оқушылардың өз ойларын айтуға үйрете отырып, өтілген тақырып бойынша қаншалықты хабардар екенін білу.Қосымша ақпараттар беру.

Ишара

Қимыл:Менің ерлігімді сұрасаң,Жолбарыс пен аюдай…

Құндылықтарды дарыту Отансүйгіштік,батырлық,ерлік, сөз өнерін құрметтеу, ұлтжандылық
Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы
Алдыңғы оқу: Жиембет жыраудың өмірі мен шығармашылығы
Жоспар

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар Педагогикалық әдіс- тәсілдер Жұмыс түрлері Ресурстар
Басы

10мин.

Ұйымдастырушылық кезеңі

1.Сәлемдесу

2.Түгелдеу

Ынтымақтастық атмосферасын құру“Мен…” тренингі(әркім өзінің жақсы жағынан кім екенін айтады.Мысалы:мен-анамын,өйткені4 ұлым бар;Мен-ұстазбын,өйткені мені жақсы көретін шәкірттерім бар т.б.)

Топқа бөлу

1.“Жыраулар” тобы

2.“Жыршылар”тобы

3. “Билер” тобы

«Шаттық» шеңбері Кеспе қағаздар
Ортасы

25мин.

Миға шабуыл1. Жиембет жырау Тана руынан шыққан
2. 16 жасынан ел билігіне араласқан
3. Жырау-жыр шығаратын,эпос,толғаулар орындайтын поэзия өкілі
4. Жыршы –жырды орындаушы,айтушы,таратушы
5. Толғау-белгілі бір оқиғаны поэзиялық үлгіде орындайтын жанр
6. Еңсегей бойлы Ер Есім-Есім хан
7. “Ескендір”поэмасын жазған
8.Ер Есім -кіші жүз еліндегі беделді би
Қ.Б .
Кері байланыс
.Үй тапсырмасы бойынша сұраққа дұрыс жауап берген оқушыларды мұғалім смайлик арқылы мақтап, мадақтайды
Жаңа сабақ

Жиембет жырау.Еңсегей бойлы Ер Есім.

1-тапсырма 1-топ

Жиембет жыраудың образын гуманистік тұрғыдан талдаңыздар.

2-топ.Жиембет жыраудың портретін жасаңыздар

3-топ.Жиембет жырау мен Ер Есімнің бейнесін салыстырыңыздар

Дескриптор:

1.Жыр мазмұнын, Жиембет пен Ер Есім жайлы біледі.

2. Жырдағы Жиембет жыраудың гуманистік образын ашады.

3. Жиембет жыраудың гуманистік образына талдау жасайды

Қ.Б.

2 -тапсырма. 1-топ

Жырдағы Жиембет жыраудың өзіне қолданған теңеулері

теңеу

2-топ. Жырдағы ассонанс, аллитерация қолданысын талдаңдар

ассонанс аллитерация

3-топ.Жырдағы риторикалық сұрақтарды диалог түрінде көрсетіңіздер

Дескриптор

1.Өз заманындағы тарихи тұлға болғанын шығармалары арқылы біледі.

2.Шығармадағы көркемдеуіш құралдарды қарапайым сөздерден ажырата алады.

3.Көркемдеуіш құралдарды тауып талдайды,мағынасын ашады.

Қ.Б.

3-тапсырма 3 топқа(батыр,жырау,би)

Жырдағы бір зат есімге «бес жолды өлең» әдісін қолдану

1.Зат есім (1 сөз))

2.Сын есім (2 сөз)

3.Етістік (3 сөз)

4.Сөйлем (4 сөз)

5.Синоним (1 сөз

Қ.Б.

Жиембет жыраумен сұқбат

Р-рөл(оқушы)

А-аудитория(жырауға)

Ф- форма(тікелей эфир)

Т-тақырып(тәуелсіздік)

Дескриптор

1.Өз ойларын анық, еркін айта алады.

2.Жырдың құндылығына баға бере алады.

3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысыннан талдайды, шығармашылықпен айналысады

Қ.Б.

«Шындық детекторы» әдісі

«Кластер»әдісі

Топтық жұмыс

«Торлы диаграмма» әдісі

«Қос диаграмма» әдісі

«Дара диаграмма»

«Семантика

лық карта»

«Сұрақ-жауап»

әдісі

“Синквейн”

әдісі

«РАПТ» әдісі

Соңы

10мин.

Сабақты қорытындылау

Бүгінгі өтілген тақырып бойынша өз ойларыңызды бірнеше сөйлеммен жеткізіңдер. «4321» әдісі

Үй тапсырмасы:

1.«Еңсегей бойлы Ер Есім»жырын оқу; толғау құрылысын талдау

2.Есім хан туралы тарихи мәліметтер жинау

Рефлексия

Интернет,

оқулық

«Бес саусақ» әдісі А4

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ