Ауа неден құралады?

0
6806
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Ауа неден құралады?»

Сыныбы: 3 

Пәні: Жаратылыстану

Картинки по запросу ауаның құрамы Картинки по запросу Ауа неден құралады?

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3 «Б»

Заттар және олардың қасиеттері . Заттардың типтері

Мектеп: 

Мұғалім:

Қатысқандар саны: 

Қатыспаған оқушылар: 

Күні: 
Тақырыбы: Ауа неден құралады?
Оқу мақсаты:

3.3.2.1 ауаның құрамын сипаттау;

3.3.2.2 ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттау;

3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы: ауаның құрамы сипаттап айта алады;

Оқушылардың көпшілігі: оттың жануына ауаның әсерін түсінеді. Оқушылардың кейбірі: экспериментті жоспарлап қорытынды жасай алады.

Бағалау критерийі Ауаның құрамы туралы сипаттай алады, оттың жануына ауаның әсерін түсінеді, зерттеу экспериментіне болжам жасап, қорытындысын жазады.
Тілдік мақсат

Оқушылар:

Өз ойларын еркін жеткізеді;

Эксперимент барысын, қорытындысын толық жазады;

Ауа құрамын өзгерту жолдарын ұсынады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:
азот, көмірқышқыл газы, оттек, ауаның құрамы
Құндылықтар Ауаны қорғау
Пәнаралық байланыс Әдебиеттік оқу, дүниетану

АКТ қолдану

дағдылары

Презентация, слайд, тест, сергіту тапсырмалары, тәжірибе, https://bilimland.kz/kk сайтының бейнероликтері, www.imektep.kz, https://www.google.kz/ ресурстары,

суреттері,тапсырмалары мен ойындары т.б.

Алдыңғы меңгерілген білім Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар. Ауаның қасиеттері .
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.

Мен атқан таңды,
Шуағын шашқан күнді,
Аялаған табиғатты,.
Қоршаған 
бар әлемді,
Ата-ананы, ұстаздарды, өзімді сүйемін! 

-Балалар, біз сүюді, күлуді, қуануды білеміз.Біз кімдерміз сонда? Дұрыс, біз бақыттымыз! Адам боп туылғанымыз үшін!

Адамдарға өмір сүру үшін қандай жағдайлар өте қажет?

Топқа біріктіру 1-топ «Ауа»

2-топ «Су»

3-топ «Күн»

Сабақтың ортасы 1-топ Кестені толтыр.

Дене Зат
балға
шыны
доп
ағаш
қалам

2-топ Түрлі күйдегі заттар қандай қасиеттерге ие болады?

Қатты зат Сұйық зат Газ тәрізді

Пішінін қалай өзгертеді?

Қалай

сығылады?

 

3-топ Дәптермен жұмыс

Өзара бағалау.

Үй жұмысын пысықтау.

Бағалауға арналған тапсырма.

1. ……….- дене деп аталады.

А) Кез- келген заттың сұйық күйі

В) Кез-келген қатты дене атомдары

С) Кез-келген заттың газ түріндегі түрі

D) Кез –келген бұйым, кез-келген тіршілік иесі

2. Табиғаттағы денелер … болып екіге бөлінеді.

А) табиғи және жасанды

В) газды және сұйық

С) жасанды және қатты

D) табиғи және газды

3. Жасанды дене ол-….

А) күн

В) ағаш

С) әйнек

D) су

4. Қатты, сұйық, газ- олар …

А) табиғи дене түрлері

В) жасанды дене түрлері

С) дененің түрлері

D) заттың күйлері

5. Ағаштан жасалған текше-ол …..

А) жасанды дене

В) табиғи дене

С) дене бола алмайды

D) зат бола алады

6. …. заттардан тұрады.

А) Денелер

В) Сұйықтар

С) Газдар

D) Атомдар

Мұғалім түсті жұлдызшалармен бағалады.

Жұмбақ жасыру.

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

Ол не ? /Ауа/

Жаңа сабақ.https://imektep.kz/kz ресурсында дүниетану пәніндегі «Ауа» бөлімінен «Ай» бейнеролигін көрсету.

— Ауа туралы не білесіңдер?

  • Ауа қандай күйде болады?

Айырмашылығын тап

Екі ғаламшардың суретін салыстыру.

Картинки по запросу Марс Картинки по запросу земля

  • Ғаламшарлар неге әртүрлі?
  • Жер бетінде неліктен тіршілік бар деп ойлайсың?
  • Балалардың қайсысы Марсқа ұшуға дайын деп ойлайсың? Өз ойыңды түсіндір.

Ауа құрамы.

www.bilimland.kz сайтымен жұмыс

Ауа туралы бейнероликтер көрсету арқылы ауаның құрамындағы заттарды және оларды

зерттеген ғалымдар туралы таныстыру.

C:\Users\Гулнур\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\б2дж.png C:\Users\Гулнур\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\банту.png

  • Ауа құрамында не көп?
  • Ауадағы оттек қайдан пайда болады?
  • Дем шығарғанда қандай газ бөлінеді?
  • Ауадағы басқа да газдар қалай пайда болады?

Топтық жұмыс

3-тапсырма

Қорытынды бағалау

Дескриптор: -ауаның құрамын сипаттайды;

-ауаның жануды қолдау қасиетін сипаттайды;

-ауаның қасиеттерін табады;

Қорытынды. Өзара бағалау. Мұғалімнің бағалауы.

От пен ауа. Өмірмен байланыстыру.

  • От пен ауаның қандай байланысы бар?
  • Пешке немесе ошаққа отты тұтандырар кезде үлкендер от жақсы жану үшін не істейді? Ауа үрлейді ма?
  • Қандай от жақсы жанады?

Сергіту сәті
Саусақпен мұрын қысайық,
Әншіге біраз ұқсайық.
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екен ұғайық..
— Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?
— Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.

Зертте. Эксперимент

Оттың жануына ауа қажет деген болжамды дәлелдеу.

Балауыз шамдарды жағу.

Екі балауыз шамның үстіне бір уақытта бір литрлік және үш литрлік құтыларды қойып, біреуін ашық қалдыру.

Болжам жасау: Қай шам ұзақ жанады?

От жану үдерісін бақылау.

1-тәжірибе

Екі балауыз шамды жағып, біреуін үлкен, екіншісін кіші шыны ыдыспен жауып қой.

Нәтижесін бақыла. Қандай ыдыспен жабылған шам ұзағырақ жанады? Неліктен?

Себебі

2-тәжірибе

Балауыз шамды жағып қойып, жалынына резеңке үрлеуішпен ( Картинки по запросу резиновая груша ) ақырындап ауа үрлеп көр. Балауыз шамның жалыны қалай өзгерді?Неліктен?

Себебі

Жүргізілген тәжірибелерден ауаның қандай қасиетін байқадың? Қорытынды жаса.Оттың жануына ауа қажет

Жұмыс соңында алдын-ала жасалған болжам мен эксперимент қорытындысын салыстыру, дұрыс болжам жасаған оқушыларды анықтау.

ҚБ тапсырмасы Жұптық жұмыс.

Дескриптор:

-жүргізілген тәжірибе негізінде сұрақтарға жауап береді;

-оқушылар оттың жануы үшін ауа қажет деген қорытындыларын дәлелдейді;

-ауаның жануды қолдайтын қасиеті туралы қорытынды жасайды.

ОТПЕН ОЙНАУ ӨТЕ ҚАУІПТІ! ӨРТ ШЫҒУЫ МҮМКІН!

Жеке жұмыс

Дәптердегі 49-жұмыс парағы

Дескриптор: -ауаның құрамына кіретін газдарды атап, жазады.;

Ой қорыту. Ойлан. Ауаның құрамы неліктен өзгереді?

Есіңе сақта! Ауа азот, оттек, көмірқышқыл газ және басқа да газдардан құралады. Ауа отты өршітеді. Өртті сөндіру үшін ауа жібермей, жолын жабу керек.

https://im0-tub-ru.yandex.net/i?id=88d45a680643b1b33646e6b5d8c8d371&n=13&exp=1

Өмірмен байланыс.Суреттерді көрсету.

-Балалар, сендерге мына жерлердің қайсысы ұнайды? Не үшін?

  • Қай жердің ауасы таза?
  • Қай жерде тұрғанды қалайсың? Неліктен?
  • Ауа құрамын қалай өзгертуге болады?

Картинка 42 из 4148

http://bilimainasy.kz/wp-content/uploads/2017/11/b7fc75392a75ffcdcc172c9d88c45ec7_resize_w_520_h_-520x330.jpg

Үйге тапсырма.

3-сабақ (72-73 бет)

Жұмыс дәптері 50 жұмыс парағы (52б.)

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/deneler-zattar-qubylystar/lesson/deneler-turaly-tusinik

www.bilimland.kz, www.imektep.kz, https://www.google.kz/ ресурстары.

Аспан денелерінің, ауаның құрамының, ластанған ауаның, жасыл желектің, орманның суреттері

Сызбалар

https://bilimland.kz/kk/courses/zharatylystanu/deneler-men-zattar

https://imektep.kz/kz/ai ресурсы

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/aua-su-kun-rajy/lesson/auanyng-adam-osimdikter-men-zhanuarlar-omirindegi-mangyzy

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/aua-su-kun-rajy/lesson/auanyng-qasietteri

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/aua-su-kun-rajy/lesson/auanyng-qasietteri

Сабақтың соңы

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бір-бірін бағалайды.

Рефлексия

  • Бүгін сен қандай оқушы болдың?
  • Бүгінгі сабақтан қандай қорытынды шығаруға болады?
  • Не оңай болды?
  • Не қиын болды?
  • Не қызық болды?
  • Мен …….. ұқтым
  • Мені …….. таңғалдырды

Маған …….. ұнады

Олай болса бүгінгі сабағымызда ауаның құрамы туралы, оны қалай таза ұстауды, оған әрбіріміздің қосатын үлесіміз туралы білдік. Ендеше, ауасыз өмір жоқ, сондықтан да оны таза ұстайық, қорғайық,жасыл желекті көбейтейік! Табиғаттың жанашыры болайық!

Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау — оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ауа қалай ластанады ?

Ауаны ластаушы заттар қайдан пайда болады ?

Ауаны ластамау ережелері тақырыптарында буклет дайындау

Зерттеушінің күнделігін бағалау. Эксперимент жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау

C:\Users\Гулнур\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG-20181211-WA0038.jpg

C:\Users\Гулнур\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG-20181211-WA0033.jpg

C:\Users\Гулнур\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG-20181211-WA0055.jpg

Түркістан облысы

Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені

Амангелді атындағы жалпы орта мектебі КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Омарова Гулнур Абдижаппаровна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ