Білімді студент — білікті маман (эссе)

0
2971
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

 Білімді студентбілікті маман

    Әр жеке тұлға өмір сүруге құқылы екені бәрімізге аян. Дегенмен,  бәріне ортақ заңдарды ескермей жататындар бар. Заң факультеті осы заңдар аясында жұмыс жасайды. Студенттер тек университет қабырғасында білім алушы емес, болашақ маман. Елдегі әрбір азаматтың құқығын қорғаушы,заңды ескере отырып өмір сүруге тәрбиелеуші. Сондықтан факультетіміз болашақта білікті маман шығару үшін барынша жұмыс жасайды. Қылмыстың өтеуі жаза деген сөз бар,бірақ біздің мақсат жазаны өтету емес,қылмысты болдырмау. Еліміздің заң шығарушы органдары енгізген өзгертулерден біздің студенттеріміз хабардар болуы керек. Ол заң факультетінен шыққан түлектер үшін аса маңызды.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшалары  жеке құжаттарын өзімен бірге алып жүруді ескермей жатады. Ал,заңда жеке құжатсыз жүру заңды бұзғанмен тең. Осы секілді қарапайым заңдарды білмейтін азаматтар мен қызметкерлердің арасында түсініспеушілік пайда болуы мүмкін.  Заң саласында жұмыс жасау тиянақтылықты талап етеді. Заң факультетінде білім алушы студент өзі ғана сауат ашушы емес,xалықты сауаттандырушы. Сондықтан шәкірттерімнен сауатты оқу мен тынымсыз ізденісті талап етемін. Біз тәрбиелеген шәкірт — болашақта үздік маман ғана емес, халыққа қызмет етуші тұлға.

Дайындаған: Худайбердина Гүлнұр
Азаматтық құқық Азаматтық іс жүргізу
және Еңбек құқық кафедрасы Заң факультеті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ