Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастыру (сабақ жоспары)

1
2373

Сабақтың мақсаты:
— Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

— Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру.

Зерттеу сұрағы:
Неліктен Ордабасы ел бірлігінің нышаны болды?

Оқулық
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастыру. 15–17-беттер.

Тірек сөздер: Қарақұм жиналысы, Табын Бөгенбай батыр, Аягөз шайқасы.

Ресурстар:
Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. — Т.3. — Алматы: Атамұра, 2002. – 121-150 бб.

Сабаққа дайындық:
Жоңғар мемлекетінің күшеюі мен олардың қазақ жерлерін басып алу соғыстарының мақсаттарын талдай отырып, Жоңғар шапқыншылығына тойтарыс берудегі Қарақұм жиналысы мен 1718 жылғы Аягөз шайқасының маңызы туралы оқушылардың тиянақты білім алуына мүмкіндіктер беру.

Қазақ хандығының тәуелсiздiгiне мейлiнше қауiп төндiрген басты жауы әскери-көшпелі мемлекет – Жоңғария мен Қазақ хандығы арасындағы жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысының күшеюінің себептерін түсіндіру.

Осыған орай қазақ билеушілері мен батыр-билерінің елді қорғау жолындағы күресті ұйымдастырудағы жетістіктері және билеуші топтар арасындағы алауыздықтың қандай қасіретті салдарларға алып келгендігін талдай отырып, оқушылардың сыни көзқарас пен өткеннен сабақ алу қажеттілігітуралы қөзқарастарын дамытуға мүмкіндік беру.

Сабақтың деректі материалдары:
Жоңғария мемлекетінің картасы, Қайып және Әбілқайыр сұлтандар, табын Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет батыр суреттері, Гавердовский жазбасынан үзінді берілген слайд, диаграммалар, кесте-тіректер.

Сабаққа әдістемелік нұсқау:
Сабақтың түрін аралас сабақ түрінде өткізе отырып, пікір алмасу, баяндау, ой бөлісу, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін арттыру әдістерін пайдалану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер:
Мұғалім алдын-ала даярлаған жоспарының негізінде оқушылардың жұмысын ұйымдастырады. Ол жоспарда мынадай мәселелер қаралуы мүмкін.

1. Жоңғарияның күшеюi Қарақұм жиынының мақсаты
2. Табын Бөгенбай батыр бастаған қазақ батырларының азаттық күрестегі
орны
3. Аягөз шайқасы мен оның тарихи маңызы

Сабақтың барысы:
Мұғалім сабақты өткен сабақ тақырыбына сүйене отырып, жоңғарлардың қазақ жетіне шапқыншлық соғыстарының басты себептері қандай болғандығын оқушылардын сұрау арқылы бастайды.

Одан әрі, жоңғар шапқыншылығының XVIII ғасырдың басында күшейе түскендігін, сонымен қатар жоңғарлармен бірге өткен сабақтарда айтып өткен басқа жаулардың шапқыншылықтары жан-жақтан күшейген тұста қазақ қоғамында жауға қарсы тойтарыс беру ісі әлсірегендігін талдауына жетелеуі тиіс.

Дегенмен, мұғалім оқушылардың назарын 1710 жылғы Қарақұм жиынына аудара отырып, ондағы батырлардың ел тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғаудағы ерен еңбектерін шабыттана жеткізуі керек.

Осы орайда мұғалім атақты батырлардың бейнелерін көрсете отырып, Қарақұм жиналысы туралы бірден-бір тарихи дерек Гавердовский жазбасының жазылу тарихымен таныстыра кетеді.

Нәтижесінде 1711, 1713 жылдардағы жауға берілген тойтарыс туралы айтып өтуі керек. Бірақ, 1718 жылғы Аяғөз шайқасындағы жеңіске қарамастан, хан-сұлтандар арасындағы алауыздықтың нәтижесінде жаудың түпкілікті жеңілмеуі болашақтағы қасіретті жылдарға алып келгендігін терең түсіндіреді.

Бағалу мүмкіндіктері:
Жоғарыда көрсетілген негізде білім алған оқушылар төмендегідей сұрақтар негізінде қорытынды жасайды. Жауаптарды «серпілген сұрақ» тәсілімен ұйымдастыруға болады. Бұл әдіс бойынша оқушылардың төменде берілген сұрақтарға жауаптарын одан әрі толықтыруға мүмкіндік беріледі.

Мысалы: «Айжан, Рауанның жауабын қалай толықтыратын едің?», «Санат, барлық
сұрақтарға берілген жауаптарды қалай қысқа қорытындылауға болады?»
және с.с.

1. Жоңғар шапқыншылығының күшеюінің басты себептері неде?
2. Қарақұм жиналысында қандай шешім қабылданды?
3. Қарақұм жиналысындағы азаттық күресті ұйымдастыру туралы бастама
көтерген тарихи тұлғалардың қызметін қалай бағалайсыңдар?

4. Қарақұм жиналысындағы шешімнің нәтижесінде қазақ қолы қандай
жетістіктерге жетті?
5. Аягөз шайқасындағы қазақ қолының жеңісі толық болды ма? Өз
пікіріңді дәлелдеңдер.

Қосымша тапсырма:
Оқулықта көрсетілген тапсырмалар мен сұрақтар оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

 


1 ПІКІР

  1. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес қалай ұйымдастырылды?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ