Жоңғар шапқыншылығына қарсы халық жасағының құрылуы (сабақ жоспары)

0
1207
Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
– Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;

– Қарақұм мен Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру.

Зерттеу сұрағы:
Неліктен Ордабасы ел бірлігінің нышаны болып табылады?

Оқулық
Жоңғар шапқыншылығына қарсы халық жасағының құрылуы. 17–20 беттер.

Тірек сөздер: Ордабасы, “Қаламаққырылған”, Бұланты шайқасы, Қожаберген жырау.

Ресурстар:
Қазақстан тарихы: көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.3.
– Алматы: Атамұра, 2002. – 121-150 бб.

Сабаққа дайындық:
1726 жылы Қазақстанның оңтүстiгiндегi Бадам өзені алқабындағы Ордабасы тауының етегiнде Үш жүздегі қазақ билері, Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс тәрізді қазақ хандары.

Сондай-ақ осыған дейін жауға қарсы күресте даңққа бөленген атақты қазақ батырлары мен қолбасылары да қатысқан Ордабасы жиыны мен бүкіл халықтық азаттық күреске бастама болған Бұланты немесе “Қалмаққырылған” шайқасының тарихи маңызын көрсету арқылы тек бірлік пен ынтымақ қана елдің тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтап қала алатындығын түсіндіруге бағыттау керек.

Сабақтың деректі материалдары:
Жоңғар әскерлерінің Қазақтан аумағына басып кіруінің сызбасы берілген карта, Ордабасында бас қосқан батырлар мен билердің, қолбасшылардың суреттері, “Қалмаққырылған” шайқасының картасы, Үмбетей және т.б. жыраулардың шығармаларынан арнайы үзінділер дайындау.

Сабаққа әдістемелік нұсқау:
Сабақты аралас сабақ түрінде ұйымдастыра отырып, пікір алмасу, баяндау, ой бөлісу, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін арттыру әдістерін пайдалану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер:
Сабақты ұйымдастыру барасында Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара жыраулардың шығармаларынан арнайы үзінділер дайындау керек. Патриоттық рухты шығармалар арқылы Орбадасы жиыны мен Қалмаққырылған шайқасының ел бірлігі мен рухын көтерудегі маңызын көрсетуге болады.

Сабақтың барысы.
Мұғалім 1723 жылы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның” оқиғасы басталған қайғылы уақыт қазақ халқының ерік-жігері мен рухын мұқата алмағанын азаттық күресті ұйымдастыруды қолға алған батырлар, билер мен хан-сұлтандардың қызметі арқылы баяндайды.

Ордабасындағы жиынды көшпелілердің тарихи дәстүрлеріндегі құрылтай жиналыстарының маңызымен салысыра отырып көрсетеді.

Сонымен қатар, Қаламқырылған шайқасының өткен орны, осы шайқаста қазақ қолбасшылары таңдап алған шайқастың стратегиясы мен тактикасын талдап көрсетеді. Шайқастың жоңғар шапқыншылығына қарсы толық тойтарыс беру ісін жүзеге асырудағы маңызын талдайды.

Білімді бағалау мүмкіндіктері:
Оқушыларға төмендегідей сұрақтар бере отырып, олардың сабақты игеру мүмкіндіктерін бағалауға болады.

1. Ордабасыдағы басқосу кімдердің қатысуымен өтті?
2. Жауға тойтарыс беруді ұйымдастыру ісінде кімдер жетекші рөл атқарды?
3. Ордабасыдағы басқосудың тарихи маңызы қандай?
4. Бұланты шайқасы қай жерде өтті?
5. Бұланты немес “Қалмаққырылған” шайқасының тарихи маңызы қандай?

Қосымша тапсырма:
Қазақстан аумағындағы “Қалмаққырылған” деген атаумен белгілі топонимдерді анықтаңдар және олардың пайда болу тарихын анықтаңдар.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ