Жойылып бара жатқан құстар: Дуадақ

0
11942

Таралу аймағы Солтүстік Батыс Африка даласында және Евразияда. Қазақстанның далалық және орманды өлкесінде кездеседі. Қазақстанда тың жерді игеру салдарынан табиғи жайылым алқабынан ығысып кеткен.

Жайылымы. Ашық далалы жерлер. Батыс және Шығыс Қазақстан аймағында ұя сала бастаған. Соны 30 жыл ішінде саны 5-10 ретке дейін азайған.

Азайып кетуіне себеп болған жайлар:

Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты химиялық тыңайтқыштардың егіс даласына қолдану әсері табиғи режимнің бұзылуы, браконьерлік. Дуадақ қыста жылы жаққа қайтады, жайлы уақыттарда қыстап қалуы да ықтимал. Көктем шыға оралатын кезі наурыз, сәуір айлары. Қайтатын мезгілі қараша, қазан айлары. Жұмыртқа салатын уақыты сәуір, мамыр айлары. Дуадақ әдетте 2-3 жұмыртқа басады. Жұмыртқаны аналығы 21-28 тәулік шайқайды. Балапандары 35 күнде қанаттанып, ез бетімен қоңыз, тік қанатты жәндіктерді теріп жейді. Қыста өсімдік дәнін азық етеді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ