Жойылып бара жатқан құстар: Сұр тырна

0
5732

Тырнаның бұл түрі соңғы жылдары күрт азайып Қазақстанның сулы-батпақты аймақтарында көптеп кездессе, Шығыс және Оңтүстік шығыс Қазақстанда, сондай-ақ Шудың оңтүстік батысында мол тараған. Ұя салуға батпақты, қамысты, сызды жерлерді таңдайды.

Бұдан 30 жыл бұрын Солтүстік Қазақстан аймағында таралымы жақсы болатын. 1962 жылдары Павлодар облысының Селета өзенінің аңғарында 3 мыңнан 5 мыңға дейін кездесетін. Ал 70-80 жылдардан бастап, сұр тырнаның саны азайып кетті. Қазіргі кезде Шу, Іле өзендерінің аңғарында ұя басарларының аздаған жұбы кездеседі. Соңғы жылдары Қазақстанның оңтүстік аймағында бірнеше ондаған жұбы аракідік кездеседі.

Сұр тырна әдетте екі жұмыртқа салады, үш жұмыртқа салуы сирек кездеседі. Жұмыртқасын аталығы да, аналығы да кезектесіп басады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ