Жоғалып бара жатқан балықтар: Іле маринкасы

0
3905

Іле маринкасы
Эндемиялық таралым. Жоғалудың аз алдында тұр.

Таралу аймағы. Балқаш көлінің батыс бөлігі мен Іле өзені. Мұндай түрі Іле, Қаратал, Лепсі. Саны көп болған емес. Барлық ауланымның үш пайызы көлемінде ғана. Соңғы рет 1977 жылы Қапшағай су қоймасынан ұсталғаны туралы жазылған. Одан кейін дерек жоқ.

Азайып кетуіне себеп болған жайлар: Іле өзенінің ағысын реттеу, браконьерлік. Сол сияқты көксерке және жайын, тағы басқа жыртқыш балықтарды Балқаш көліне бейімдеу.

Биологиялық ерекшелігі, Ұзындығы 100 см дейін, салмағы 12 кг дейін барады. 3-5 жылға жетіліп, уылдырық шаша бастайды. Су өсімдіктерімен, личинкаларымен, су жәндіктерімен, ұсақ балықтармен қоректенеді. Ірілері жыртқыш болады. Өмірінің ұзақтығы — 17-19 жыл.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ