Жоғалып бара жатқан балықтар: Балқаш алабұғасы

0
6413

Балқаш алабұғасы
Табиғи түрде өсіп-өнуі мүлде азайып барады. Бұл түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Таралу аймағы Балқаш —Іле бассейнінің жазықтағы өзендері мен су қоймалары. Орталық және Солтүстік Қазақстанның, Өзбекстанның су тоғандарына кездейсоқ таратылған. Мұнда олар кәдімгі алабұғамен араласып кетті. Су өсімдіктері көп өсетін аймаққа жылдам көндігеді.

1965-1966 жылдары оның ауға түсу көлемі Балқаш көлінде ондаған тоннаға азайып кетті, кейін мүлде жоғалды. Су толтырылған алғашқы жылдары Қапшағай су қоймасында өте көп болатын. Кейін ихтиофауна қатарынан мүлде шығып қалды. Қазір Күрті және Сазталғар су қоймаларында, Кіші Алматы өзенінде аздап сақталған. Аягөз өзенінде және Балқаш өзенінің төменгі саласында аздап кездеседі. Алакөл көлдеріндегі саны мүлде азайып барады. Азаюына көксерке, жайын және ақмарқа сияқты жыртқыш балықтарды акклиматизациялау, гидрологиялық режимнің бүлінуі себеп болды.
Биологиялық ерекшелігі: жылдам өсетін жыртқыш және баяу есетін болып екі экологиялық түрге бөлінеді. Дене ұзындығы 50 см, салмағы 1,5 кг дейін жетеді. Өмірінің ұзақтығы —18 жыл.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ