Журналистиканың басты кейіпкері — шындық

0
3054

К.К. Қамзин — филол.ғ.д; профессор
Аңдатпа. Автор өз мақаласында қазіргі журналистика ғылымы мен практикасына әсер етіп келе жатқан уақыт ырғағы, ғылыми стандарттар, шыншылдық, өмір шындығы сияқты бұрыннан белгілі ұғымдарды теориялық жағынан зәрулендіре, бедерлендіре түседі. Оның баршаға түсінікті және элитарлық мәтіндер, қолданыстағы талдамалы журналистиканың жұмылдырушы табиғаты туралы ойлары танымал отандық және шетелдік репортёрлер мен спойлерлердің тәжірибелерін сөйлетеді, ортаға салады. Оның ойынша, барлық басқа пәндерді жебеуші — журналистика кез келген жағдайда — жайлы да, жайсыз уақытта да жүрісінен жаңылмауы керек.
Адам баласы — расын айтсақ, Жаратушының сателлиттік моделі, тиісті планетаға жолдаған инновациялық жобасы. Сол жаңашыл жанның басты мақсаты — ақпарат арқылы толысу, сарапта-ма арқылы әлемді тану, құбылысты көркем көзбен көру, оқиға образын сан призмалы айнаға түсіру, сөйтіп, Жер бетіндегі өзінің жасампаздық миссиясын атқару. Демек, журналистика пәні адам жа- ратылысымен егіз, оның анатомиясы және физио- логиясымен ағайындас, болмыс-бітімімен сәйкес. Баспасөздің, жеке қаламгердің отбасы, ошақ қасы түйткілдерінен бастап, ғаламдық проблемаларды тілге тиек етуі — сол рухани өкілеттілікті жүзеге асыруы. Сол себептен де журналистиканың басты кейіпкері — Шындық. Шындық категориясының реалистік сипатын ашу — индивидтің басты па-рызы. Ұлы Абай: Ұқпассың, үстірт қарап бұлғақтасаң, Суретін көре алмассың, көп бақпасаң, Көлеңкесі түседі көкейіңе, Әр сөзін бір ойланып салмақтасаң, — деп шындыққа жетудің технологиясын да, оның индивид санасына трансформациялануын да аңғартып кеткен [1, 69]. Гүржілердің атақты философы М.К. Мамар- дашвилидің: «человек — это не вещь, не статичное состояние, а событие, состоящее из совокупности событий: таких, как человеческая любовь, вера, честность, мысль и т.д. У Платона есть странная формула: человек не то и не то, человек-символ (через дефис!)», — деп ой түюі де адамның аумалы- төкпелі іс-әрекетінің әділдікке, ақиқат іздеуге негізделетініне меңзеу емес пе? [2, 3]. Әділдік категориясы, қай жағынан қарасақ та, журналистика пәнімен ынтымақтас. Әділет пен әділдікті қоғамға, әлеуметке абсолютті ой-сана тікелей трансляцияламайды, оларды адам-пенде (сөз арасына дефис қойылады!), модератор арқылы үлестіреді. Әрине, Хақтың жүгін, Құдайдың құзіретін адам алып жүре алмайды, оған ұмтылудың да қажеті жоқ. Солай десек те, ұшан-теңіз толқымалы тіршілік айналасындағы барлық дау- дамай, қақтығыс-соқтығыс атау-лы осы әлін білмеген әлектен, тұлға рөлін асы-ра бағалаудан туындайды. Ал адам табиғатына жақын ежелгі үйлесімділік концепциясының бізге жетілуді, ұдайы әділдік іздеуді, шындыққа жүгінуді бұйыратыны да сондықтан. Саналы жанның маңдайына жазылған осынау харекеттің тылсымын талай-талай оқымыстылар мен көрегендер тұс-тұстан түсіндірмелеуден ешқашан жалыққан емес, ал қазақ журналисти-касы мен көсемсөзі сонау бағзыдан бері байып-ты да барлай саралаудан ешуақыт бас тартқан емес. Соған қарамастан қазіргі журналистиканың беделді теоретиктері мен практиктерінің заманалы масс-медиаға көңілдерінің толмауына, баспасөз өмір шындығын бейнелеуде әлсін-әлі үстірт кетеді, көбігін ғана қалқып өтеді де-ген пікірді қадай айтуына не себеп? Оның гәбі, әрине, әлденеше. Менің пайымдауымша, ең ал-дымен, көңілі жүйрік адамның ғылыми білімінің ғаламдық үдерістерді тануға шама-шарқының жетпей жатуы. Одан кейін атап көрсетерім, қабілет пен дарынды жаратылыс қана бере ала-ды. Бұрындары ақпарат құралдары сияқты өткір де нэзік салада қызмет атқаруға бетке шығар қаймақ, элита ғана тартылса, тап қазір ықылас білдіргеннің бэрі іс жүзінде журналистиканың киелі табалдырығынан именбей аттай беруге хақы алды. Бұл — үшіншіден. Соның салдары — осы күндері Қазақстан ақпараты айналасы- на журналистиканың элеуметтік рөлін жыға танымайтындар қаптап кетті. Олар журналис-тиканы тек күнкөріс көзі, елге танылу құралы деп қана ұғады. Одан былай, журналистердің ұзын санына кіріп жүргендердің денінің кэсіби дайындығы да ешбір сын көтермейді. Ұлттық журналистиканың ашып айту кеңістігінде көш-тен қалуына, қоғамдағы беделінің төмендеуіне, оның шынайы «төртінші билік» атана алмауына тікелей себепші болып жүргендердің бірі — міне, солар. Сондықтан кэсіби білім беру, шеберлікті шыңдау, сауаттылықты арттыру, мамандыққа баулу тек журналистика факультеттері мен бөлімдерінде жүзеге асырылуы тиіс. Қоғамдық сөз өнеріне таласы бар үміткерлер эл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті жанынан ашылып жатқан білім мен біліктілікті жоғарылату институты бағдарламасы бойынша арнайы кэсіби курстар-дан өткендері жөн. Салалық мамандықты мо- дернизациялау бір міндетінің өзі — осы. Мен осы ретте мынаны атап көрсетер едім: модернизация дегеніміз — ол тек экономикалық-технологиялық даму емес, ол — рухани өзгеріс, білім мен ғылым, өнер мен көркем эдебиет арқылы жанның, көңіл-күйдің жаңаруы мен тазаруы. Бұл ара-да осынау белестерден тек сонылыққа құлаш ұрған бакалаврлар мен магистранттар, PhD докторанттар контингенті ғана көрінуі керек деген үстірт байлам тумауы керек, мұндай сын-дарлы талап эуелі журналистика факультетінде дэріс беруші тэжірибелі ұстаздар мен шетел-ден шақыртылған оқытушыларға қойылғаны эбден заңды. Жаңашылдық пен ұлттық пайым-парасаттың жасампаздық қорытпасы дегеніміз, міне, осыдан келіп шығады. Бұл тарихилыққа да, осы мезет ырғағына да, болашақ ұмтылыстарға да қайшы келмейді. Өйткені тарихпен татулық бүгінгі күнмен табыстырады, ал бүгінгі күннің сэулесі ертеңгі күннің ажарын аңғаруға, болашақ процестерді игеруге септігін тигізеді. Осы мэселелер төңірегінен ой өрбітсек, бүгінгі қазақ журналистикасы ғылымының ал-дынан элі де талай- талай ұлы асулар шығары ықтимал. Шындықтың басын о бастан ашып кетсек, тіркеу-тізімдеуді ғана місе тұтатын ғылымның болашағы бұлдыр. Бұл талап, сөз жоқ, журналистикатану проблемасына да қа-тысты. Жаңа идея, соны бағыт, өзіндік жол ұсынбаған сала — өлі сала. Біздің кейбір прак-тиктер, эр жердегі эуесқой курстарда сабақ берушілердің бірқатары айтып жүргеніндей, фактілерді констатациялау нағыз эділ журналистика, қара қылды қақ жарар замана-лы журналистика емес. Тек жалаң фактілерді мэтіндеп қойып, қарап отыруды объективтілік деп түсінуге болмайды. Журналист информа-цияны іріктеу, сұрыптау арқылы да элеуметтік, информациялық қарым-қатынасқа түседі, коммуникация орбитасына тартылады, азаматтық ұстанымын білдіреді. Осыны эсте ұмытпаған жөн. Оның үстіне бұрынғы, қазіргі сан сегментті аудиторияны оқиғалар мен құбылыстарды құрғақ констатациялау қанағаттандыра ала ма? Әлбетте, қанағаттандыра алмайды. Меніңше, адамның білсем, көрсем, байыбына барсам деген өз санасына, психологиясына сай талда-малы журналистика өмір шындығын танудың ерекше құрамдас бөлігі болып қала береді. Яғни талдамадан шынайы таным туындайды. Кеше де солай болған, бүгін де солай, ертең де солай болмақ. Журналистиканың осы талдамалы эдісі ғана аудиторияға болған оқиға себебінің бүкіл тізбегін, оның даму келешегін (перспектива-сын), оның адам мен элем үшін құндылығының қандай екенін аңдата алады. Аналитик-қаламгер проблема түйінін шешудің нендей мүмкіндіктері бар, неге дэл солай эрекет ету керек сияқты сауалдарға жауап іздейді. Сонымен қатар оқырманды да ойландыруға итермелейді, оған пайым кеңістігінде өз пікірін автор пікірімен ойша салыстыруға, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осы арада басын ашып алар бір жайт: аналитик-журналист са- натына ілігу үшін қазіргідей интернеттен оқиға сүзу, офистен ұзамай ойболжаммен (созерцание) айналысу, қиялмен шартарапты кезіп кету мүлде жеткіліксіз, аса шебер сараптамашы журналист атағын алу үшін нақты практикамен, күнделікті өмір шындығымен бетпе-бет келген жөн, сөйтіп, аса бай элеуметтік тэжірибе жинақтаған абзал. Осы орайда, Иммануил Канттың басшылыққа алар мына гносологиялық позициясын еске са-лып кеткен еш артықтық етпейді: тэжірибе -индивидуум түйсігінің сыртқы эсерді өңдеуі ғана. Тэжірибе кезінде адам табиғатпен же-ке-дара беттеседі, ол өзінің табиғи қабілетінің арқасында ғана қоршаған элем туралы түрлі-түрлі пікір айта алады. Адам — таным субъекті -өз тэжірибесі арқылы жекелеген құбылыстардың санқырлы дүниесін пайымдайды, ал мұндай «пайымдық» тэжірибе адамның танымдық қа-білетін шиыршық атқызады. Байқасаңыздар, біз осы мақалада «сарапта-ма», «талдамалы», «талдау» деген терминдерді элсін- элсін іске қосып отырмыз, ал олардың арғы жағында «зерттеу» деген үлкен ұғымның басы қылтияды. Осы жекжаттықты, шындық іздеу тэсілін еске ала отырып, біз бір жағынан, журналистика теориясы мен тэжірибесінде бұрыннан пайдаланылып келе жатқан «талдамалы журналистика», «журналист сараптамасы», «талдама-лы мэтін» сөз тіркестерінің дэстүрлі сынының бұзылмағанын қалар едік. Екінші жағынан, А. Эйнштейннің салыстырымдылық қисынын еске ала отырып, өмірді тану тэсілдеріне қарап, журналистиканың бұл түрін хабарлама, деректі-көркем публицистика тарамдарынан ажыратуға, жыға тануға мүмкіндік аламыз. Осы тезиске қарайлай отырып, біз ақпарат (са- лыстырымды түрдегі жаңалық) журналистикасы немесе «алғы шептегі» журналистика туралы сөз қозғағанда, оның өзіндік ерекшелігі ретінде, ең алдымен, жаңа оқиғалар туралы жедел, қысқа да нұсқа хабарлама жасауын баса көрсетеміз. Хабарламашы-журналист, бейнелеп айтқанда, оқиға қан тамырының соғысын қалт жібермейді. Бэсекелестік райын еске алатын болсақ, ол оқиға мәнісін әріптестерінен бұрын білуге ұмтылады, оны аудиторияға бұрын жеткізуге тырысады. Хроникашының, репортёрдың, ньюсмейкердің шынайы шеберлігі осы жағынан байқалады. Осы ретте Израиль ғалымы Даниел Шехтманға квазикристалдар туралы жаңалығы үшін Нобель сыйлығы берілгені туралы хабарламаны Ресейдің «Вести» бағдарламасы басқалардан оза жеткізгенін атап айтар едік [3]. Талдамалы журналистика немесе «екінші белдеудегі» журналистика — ол сапалы элеуметтік сөздің нағыз өзі, көз алдымыздан өтіп жатқан үдеріс кадрларын ұтымды монтаждау. Олай десек, аналитикалық жарияланым дайындайтын қаламгерге ақпаратшы-журналист қасиеті аздық етеді. Сондықтан кейбір шетел ақпарат құралдарында репортёр мен комментатор қыз-метінің ара-жігі ажыратылған, еңбек бөлінісі айқындалған. Репортёрге (хабарламашы-жур-налистке) тек қана фактілерді іздеп тауып, редакцияға жеткізу жүктеледі. Ал оларға трактовка, интерпретация жасау комментаторларға, сол саланы бес саусағындай білетін арнаулы дайындығы бар сараптамашы-журналистке (экономика, саясат, заңнама, эдебиет, мэдениет, өнер жэне спорт салаларын жақсы білетін адамға) тапсырылады. Я болмаса бұл іске ғалымдар, белгілі бір салада жұмыс жасап жүрген практик-мамандар тартылады. Осы өнегені ілгерілете түссек, біз сарап- тамашының өзіндік ойлау жүйесі қалыптас-қанын қалар едік. Ол көз көргенін дэл түсіріп, хаттап қана қоймайды, оның сонымен қабат қатпар мен астарды, жеті қаттың астындағыны да көзі шалуы керек. Яғни эртүрлі латентті құбылыстар арасындағы байланысты, олардың себептерін, мэн-маңызын, даму жолын аңдай алғаны жөн. Осындайда журналистің «жалпы ойлау» қабілетіне қоса өзі сөз етер пэні туралы арнаулы білімі болса тіпті жақсы. Сондықтан қазіргі журналистика, аналитик- журналист ал-дында басқа мамандықты игеру, басқа салада арнаулы білім алу проблемасы тұр. Бұл бағытта біздің университеттің білім беру кеңістігінде баянды да өнімді жұмыс элдеқашан басталып та кетті. Журналистика факультетін тамамдаған шэкірттердің алды қосымша экономист, заңгер, ауыл шаруашылығы мамандықтарын меңгерді, сол салалардың дипломдарын алып шықты. Тіпті география факультетінің магистратурасын бітірген журналист-шэкіртіміздің экология саласындағы еңбегінің өзі бір төбе. Талдамалы журналистика — қазақ журналис- тикасының өзіндік дэстүрі мен соқпағы бар ең бір екпінді, элеуетті саласы. Осы бағыт ту-ралы кезінде профессорлар Т.С. Амандосов [4], Т.Қ. Қожакеев [5] өз еңбектерінде оның жанрлық табиғаты хақындағы оқу құралдарында бірсыпыра сөз қозғаған. Аға буын, ұстаз ғалым-дардың сол шығармаларына, шетел зерттеу-шілерінің ізденістеріне сүйене келіп, біз қазіргі журналистика талдамасының, оның ішінде тал-дамалы журналистиканың мынадай процестік мақсаттарын атап көрсетер едік: 1. Уақыт пен кеңістік аясында болып жатқан құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық бай- ланысты анықтау. 2. Талдамалы мэтіндерде сарапталған оқи- ғалардың, құбылыстардың, эрекеттердің жеке адам, қоғам, элеуметтік топтар үшін маңыз-дылыгын ашып көрсету. 3. Зерттелініп отырған құбылыстың келе- шектегі жай-күйін модельдеу, оның қайда апа-рып соғатынына (салдарына) болжам жасау. 4. Талдап отырған құбылыстарға орай жүзеге асырылатын эрекеттердің бағдарламасын (жос- парын, балама нұсқаларын) жасау. Міне, осындай жүйелі талдау барысын-да белгілі бір дэрежеде ақиқат айқындала түседі, тепе-теңдік шарты жүзеге асады. Әсілі, қазақ талдамалы журналистикасы тарихына, оның оқиғаны эліптеу мэдениетіне, фактілерді образға айналдыру эстетикасына тепе-теңдік принципі ежелден сіңісті. Оның басты белгісі — сөз жарыстыру ережелері бақ сынасатын екі жаққа бірдей. Әлімсақтан жол салған, эбден қалыптасқан ұлттық дэстүр десе де болады. Ол қазақ ауыз эдебиетінен, мақал-мэтелдерден, айтыс өнерінен бастау алып жатыр. Кешелі-бүгінгі айтыс — онлайн режиміндегі эрі көркем, эрі информациялық, эрі психологиялық сай-ыс. Ал тұрлаулы сайыс — экономикалық, саяси-элеуметтік, рухани тіршілік хақында дұрысын айтудың, ашып айтудың бірден-бір тэсілі. Қазіргі электронды форматтағы тікелей эфир мен onlien бағдарламалары сол рас шығармашылықтың өркенін өсіріп отыр. Мэселен, Қырғыз мемлекеті Президенті қызметінен үміткерлердің қырғыз тілінен сынақ тапсырып жатқаны тікелей эфир-де онлайн режимінде таратылғаны өз елінде де, көрші елдерде де ілтипатпен қабыл алын-ды. Рас, оқиға мен резонанстың табиғаты бір-дей емес, резонанс еш уақытта оқиғаның дэл өзіндей бұлықсып шықпайды. Ол түпнұсқадан кем болуы мүмкін, кейде одан асып түсуі кэдік. Жэне белгілі бір оқиғаның эсері эр елге, эр нэсілге бірдей дей алмаймыз. Резонанс — жаратылыстың, шындықтың жаңғырығы ғана. Қазақ халқының ауызекі философиясы осы физикалық, информациялық құбылыс хақында: «Ат аунаған жерде түк қалады, түйе аунаған жерде жүк қалады», «Жылы-жылы сөйлесең жы-лан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесең кэпір дінінен шығады», — деп элеқашан түйін түйіп кеткен. Бұл тұжырымның мэн- маңызында, тара-лу кеңістігінде, біздіңше, эмбебаптық сипат бар. Мысалы, 2011 жылдың 9 тамызында Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадтың Euronews тілшісі Джон Дэвиске берген эксклюзив сұхбатын аталмыш арна сағат сайын қайталап беріп отырды. Неге? Өйткені парсы жұртының басшысы Батыс экс-пансиясы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін орнаған элемдік тэртіп жүйесі туралы тек өзіне ғана жарасар ойларын ортаға салды. Қызықты да тартымды жауаптасуға элем назары ауды. Дэл сондай сыр аштырар сауалдарды біздің тілшілер де кез келген қайраткерге қоя алатынына менің еш шүбэм жоқ. Бұл жердегі мэселе көңілдегі көрікті ойды жүзеге асыра алу шеберлігі мен асырта алу тетігінде ғой. Құдайға шүкір, біздің өзімізде де бөтеннің саясаты мен пікірін сканерлемейтін Джульетто Кьеза сияқты батыл да шебер шолушыларымыз, колумнистеріміз, спойлерлерлеріміз бар. Ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтудің нақты да пэрменді өнегесін, өжет ойды іске асы-ра алудың азаматтық үлгісін күні кеше өзіміз тэрбиелеген шэкірттеріміз Самал Мейрам-қызы мен Назым Дэуітэліқызының «Тіл сақ-шысы» атты телебағдарламасы көрсетіп келеді. Сол бағдарламалар легінен кейін қазақ жур- налистикасының адамзат мэдениетімен, ұлт өркениетімен замандас екендігі туралы өз ойымды онан сайын бекемдей түстім. Менің түсінігімде, журналистика кунсткамерада сақ-талатын экспонат емес, ол фэнтезиден де алшақ жатыр. Журналистика болашақ олигархтар мен банкирлерді тэрбиелемейді, оның жолы басқа. Ол, ең алдымен, отансүйгіштерді, ұлттық идеяны қадірлеушілерді элпештейді. Халқымыздың сым-баты бұзылмаған көсемсөзі, асыра бағалағандық емес, тэрбиелеушілерді тэрбиелейді. Жаратылыстану, техникалық ғылымда ізде- лінетін шындық жалқы, қойылған сұраққа да жауап көбінесе біреу эрі нақты. Журналистика, көркем эдебиет пен өнерде шындық реңі сан түрлі, элденешеу. Үшеуіндегі басты өлшем -талғам, ал техникалық салада — нақтылық пен дэлдік. Жоғарғы математиканың, теориялық физиканың іргелі ұстанымдары өзгермейді. Есеп шығарудың классикалық амалдары да сол баяғы қалпында. Олар қалай көтермелесеңіз де, ұлттық сана қалыптастырмайды. Журналистика — халық түсінігін өсіретін эрі деректі, эрі көркем шығармашылық. Оны цифрлық ғылымдардың үйреншікті схемасы мен стандарттарына салып оқытуға болмайды. Тағы да неміс философының беделіне жүгінсек, біздің әлем туралы біліміміз өмір шындығын селқос бейнелеу емес, ол — түйсіктің белсенді шығармашылық қызметі. Сондықтан журналистика пәндерін универси-тетте оқытудың жаңа бағдарламасын, ұлттық программасын журналистика қисынгерлері мен практиктері келісе отырып жасауы керек. Осы күні әліпті таяқ деп тани алатындарға, ақ кірпіктен басқа сәні жоқтарға тізгін ұста-татын өткен ғасырдың 30-40 жылдары емес. Қазірдің өзінде борлатқа леп мөрлеуден басқаға сауаты жетпейтін міскіндердің ұйымдаса, ұран-даса, қаптай шапқанына куә болып отырмыз. Ондайларға қай заманда да өз жүрісінен жаңыл-майтын шыншыл журналистика не қайран ете алады, тек А.П. Чеховтың «Шағым кітабындағы» соңғы сөзінен асып жығылғаннан басқа [6, 91].
Әдебиеттер:
1 Құнанбаев А. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. — Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. — 1961, 694-б. — 69 б.
2 Мамардашвили М.К. О философии // Вопросы философии, 1991, №5. — С. 3.
3 Вести. — 2011. октябрь -05.
4 Амандосов Т. С. Қазақ совет баспасөзінің жанрлары. — Алматы: Мектеп, 1968. — 244 б.
5 Қожакеев Т.Қ. Таңдамалы шығармалар. Алматы: ҚАЗақпарат, 2007. -ҮІІ т. 346 б.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ