АРДАГЕР ҰСТАЗ — ТЕМІРҒАЛИ ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

0
3834

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»- деген халық нақылы бүгінгі сөз еткелі отырған кейіпкеріміз, қадірлі ұстазымыз Темірғали Қайырғалұлына арналады. Өйткені өмірінің бар саналы ғұмырын жоғары оқу орынының студенттеріне жантану ілімін меңгертіп, кәсіптік тұрғыдан дамытуға үлес қосып жүрген аяулы ұстаз. Каиргалиев Темиргали 1945 ж. 15 ақпанында. Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында дүниеге келген. 1961 ж. Жаңақала ауданы, Мэштексай қазақ орта мектебін бітірді. 1962-1966 жж. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында оқыды, кейін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде үздіксіз қызмет етіп келеді. 1966 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тәмәмдаған ардагер ұстаз мыңдаған түлектерді тәрбиелеп, осы салада қызмет еткеніне 48 жылдан асыпты. Темірғали Қайырғалұлы аталмыш жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін осы университет қабырғасында үздіксіз еңбек етіп, жоғары білім шаңырағында үнемі қажырлылықпен еңбектеніп жүрген, өз саласының еңбек торысы атанған, ұстаздық қызметіне адал берген ардагер ұстаздарымыздың бірі. Темірғали Қайырғалұлы 1980 жылдың ортасынан бастап, жалпы педагогика және психология кафедрасында жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, этнопсихология педагогикалық психология, қарым- қатынас психологиясы, туристік іс-әрекет психологиясы, психология және тұлға дамуы пәндерінен дәріс жүргізеді. Аға оқытушы Темірғали Қаирғалиұлының ұстаздық қызметі оның өмірімен етене үндесіп кеткен ұстаз деуге болады. Ұстаздың өз мақсатына табандылығы туралы көптеген жылы пікірлер көптеп кездеседі. Біздің ойымша ардагер ұстаз шәкірттерді тәрбиелеуді бәрінен жоғары қоятыны тәрізді. Темірғали Қайырғалиұлы — жемісті ұстаз. ТМД, республика және облыс көлемінде алпыстан астам ғылыми-тәжірибелік мақалалар мен әдістемелік оқу- құралдары ғылыми жинақтарда таралды. Темірғали Қайырғалиұлы мектепте және жоғары оқу орнында психологиялық, этнопсихологиялық мәселелерден студенттерге білім беруді жетілдіру бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ол тек ұстаздық қызметімен ғана емес, қоғамдық жұмыстармен де оқырман қауымға психология кафедрасының аға оқытушысы, БҚМУ доценті ретінде көптен бері мәлім деп санаймыз. Ол облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы психологиялық білім және кәсіби бағдар беруді насихаттаудан жалыққан емес. Ұстаздың еңбегін ҚР-ның Білім және Ғылым министрлігі бірнеше Грамота және Құрмет Грамоталарымен жоғары бағалады. Республикалық оқу- ағарту ісінің үздігінің төсбелгісімен марапатталды. Облыстан, қала және университеттен алған бірнеше Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттары да оның тынымсыз еңбегінің дәлелі. Оған «Жаңақала ауданының құрметті азаматы» деген атақ та берілген болатын. Биыл 70 жасқа толатын ұстаз бала тәрбиесіне, баланың сапалы білім алуына өз септігін тигізіп жүрген абзал ұстаз. Ол Қазақстан Республикасының білім реформасын жұзеге асыруға белсенді үлес қосып жүрген ұстаздардың бірі .Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайырлау институтында көп жылдар бойы дәріскер болды. Студенттерге сапалы білім беру арқылы сапалы маманды даярлауға ерекше үлес қосу Темірғали Қайырғалиұлының бүгінгі күндегі жұмысының басты мәселелері.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ