«Жыл мезгілдеріне саяхат» танымдық сабағы

0
2356
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: «Жыл мезгілдеріне саяхат»

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Жаратылыстану

Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерін сипаттау арқылы  табиғаттың тамашаларымен таныстыру.Ән, өлең арқылы сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуді үйрету.Жыл мезгілдерін, айларды атай білуге үйрету.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Табиғатқа қамқор болуға,шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Қыс, көктем, жаз, күз  слайд арқылы суреттері.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру, өлеңдерді оқу,ойын.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар сендер саяхатқа шыққанды жақсы көресіңдер ме?
  • Ендеше бүгін біз саяхатқа шығамыз, саяхатымыз жай емес ерекше болмақ .
  • Қане бәріміз ұшаққа отырып,ұшуға дайындаламыз.
«Әуежай» мультфилимінен үзінді әуен қосылады.

Балалар бірінші әуежайға келіп қонады.

 (Оларды қысқы боранды әуенмен қыс қожайыны қарсы алады. )                        

-Балалар біз қай жыл мезгіліне тап болдық? Оны білу үшін жұмбақты шешейік.

Аяз келіп,айнала,

Төңіректі қар жапты.

Шаңғы теуіп бар бала,

Қыр үстінен заулатты.(Қыс)

-Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сендерді өз мекенімде көргеніме өте қуаныштымын.

Балаларда амандасады .

-Енді балалар менің мекеніме саяхат жасайық.

Слайд арқылы қыс мезгілінің көріністерін тамашалау.

-Қыста қандай өзгерістер болады? Қыстың қандай ерекшеліктері бар?

  • Балалар: Күн салқындайды, қар жауады, боран соғады, балалар жылы киім киеді. Шанамен сырғанайды, шаңғы, коньки тебеді, аққала тұрғызады. Орманда аю, кірпі, ақ тиін қысқы ұйқыға кетеді, қоян ақ тонын киеді.
  • Ал, енді жыл мезгілінің айларын атайықшы.(Балалардың жауабы).

     -Қыс қожайыны біздің балар сізге арнап әдемі тақпақтар дайындап келді.

     Рамазан : Далада қар борайды,

                       Ақ мамыққа орайды.

                       Мұз болады қатады,

                      Жып-жылтыр боп жатады.

        Карим:  Қандай суық қыс деген?

             Қалтырайды құс деген.

             Құлақшынды кимесең,

             Құлағынды тістеген.

 Сергіту сәті:

Қыс келді, қыс келді иықтап,

Қалды аю ұйықтап.

Қыс келді, қарлы, боранды,

Ал орман ақ көрпеге оранды.

  • Міне, ормандағы мына шыршалар ақ мамық қарға ораныпты. Бізде, қысқы шыршалардың суретін салып берейік.
«Қысқы шыршалар».  Мақта оралған таяқшаларды тіс пастасының езіндісіне батырып, сүйкеу тәсілімен сурет салу.
  • Қараңдаршы, қысқы ормандағы қар жамылған шыршалар өте әсем болып шықты.
  • Рахмет сендерге балалар. Қонаққа келгендеріңе көп рахмет. Мынау сендерге сыйлық бұл жай жүрекшелер емес аппақ қар ұлпаларынан жасалған жүрекшелер. ( Жүрекше ақ шарлар таратады)
  • Балалар қайтадан ұшаққа мініп саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.

(Көктем ханшайымы шығып әдемі әуенмен балаларды қарсы алады.

 —    Балалар тағы біз қай жыл мезгіліне тап болдық? Оны білу үшін жұмбақтың жауабын  шешейік.

Сай саладан су ақты,

Наурыз айы, нұрын төкті шуақты.

Ағаш-талдар ұйқысынан оянып,

Бүгін міне, бүршік жарған сияқты.(Көктем)

-Сәлеметсіздер ме балалар мен сендерді өз мекенімде көргеніме қуаныштымын.

-Мен әрине әдемі көктеммін.

Слайд арқылы көктем мезгіліне саяхат.

Ал көктемде күн жылынады, қар ериді, мұз еріп су көбейіп ағады, құстар қайтып келеді, ағаштар бүршік жарады, қорада мал төлдейді. Барлық тірі жан көктем келгеніне қуанады.

  • Ал, енді жыл мезгілінің айларын атайықшы.(Балалардың жауабы).

Ән: «Көктем қандай тамаша»

Дидактикалық ойын. «Бұл қай кезде болды?»

 Балалар ойын ойнайды.

Көктем ханшайымы біздің балар сізге арнап әдемі тақпақтар дайындап келді.

Арайлым: Көктем сені күттім мен,

                   Көк шалғынды сағынып.

                   Жүретін әсем гүліңді,

                   Шаштарыңа сағынып.

  • Балалар сендерге көп рахмет. Мынау сендерге сыйлық менің алғашқы гүлім бәйшешек гүлі.

(Балаларға бәйшешек гүлін таратады)

-Балалар ұшағымызға отырып саяхатымызды әрі қарай жалғастырмыз.

(Балалар әуенмен қимыл жасайды)

  • Ал енді жылдың қай мезгіліне тап болдық екен ауа-райы қандай болып тұр? (Балалардың жауабы)

Әдемі жазғы әуенмен жаз қожайыны шығып, жұмбақ жасырады.

          Дала қандай керемет,

          Қойның гүлге толады.

          Қызыл жасыл көбелек,

         Бір ұшып, бір қонады.(Жаз)

Балалармен амандасады.

Слайд арқылы жаз мегілінің ерекшеліктерін айту.

Жазда күн ысиды, жердің беті көк-жасыл болып құлпырады, ағаштар, ормандар жасыл желек жамылады. Балалар өзенге суға шомылуға барады, жалаң аяқ жүріп, денсаулықтарын шынықтырады.

  • Ал, енді жыл мезгілінің айларын атайықшы.(Балалардың жауабы).
  • Жаз қожайыны біздің балалар сізге арнап тақпақ дайындап келді.

Алина:

Балақай-ау, балақай,

Жаз келді-ау, алақай.

Сайдан жидек тереміз,

Сан қызықты көреміз.

Алтыбақан тебеміз,

Тау мен тасты кеземіз.

-Балалар мен сендерге бір тапсырма берейін деп едім орындайсыңдар ма?  (Балалар жауабы)

Ойын: «Қанқызының гүлін тап»

-Рахмет сендерге балалар мынау сендерге меннен сыйлық.

(Балаларға құлпынай таратады.)

    -Балалар ұшағымызға отырып саяхатымызды әрі қарай жалғастырмыз.

(Балалар әуенмен қимыл жасайды)

Балаларды жаңбырлы күзгі дыбыспен күз ханшайымй қарсы алады.

  • Балалар біз енді қандай жыл мезгіліне тап болдық екен ендеше білу үшін жұмбақтың жауабын табайық.

           Сарғайды тоғай,

           Сап-сары маңай.

           Соңғы әнін айтып,

           Құс кетті қайтып.(Күз)

-Сәлеметсіздер ме балалар сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы слайд қарау.

Күзде күн салқындайды, жаңбыр жиі жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, бау-бақшаларда жеміс, көкөніс піседі.

  • Балалар сендерге мен «тосап» және «көкөніс сорпасын» әзірлеп берейін деп едім соған жемістер мен көкөністерді ажырату керек сендер маған көмектесесіңдер ме?

Ойын: «  Жемістер мен көкөністер»

-Рахмет, мынау сендерге сыйлық. Сау болыңдар балалар!

Топқа оралу.

-Бәрекелді, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін біледі екенсіңдер.

Сонымен балалар жыл мезгілдері бір-біріне ұқсай ма? (Балалардың жауабы).


ПІКІР ҚАЛДЫРУ