Жылдың үздік педагогтары марапатталды

0
1887

Ұлағатты ұстаздарымыздың кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мұғалімдер және білім беру саласының ардагер-ұстаздары қатысты.

Айта кеткен жөн, 8 жыл ішінде аталған байқауға 35 127 педагог қатысып, оның ішінде мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі 432 педагог 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақымен және «Үздік педагог» белгісімен марапатталған.


Биылғы салтанатты шараның тағы бір ерекшелігі – байқау жеңімпаздарын құттықтаумен қатар жеңімпаздардың біріне қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорымен «Қазақстан мұғалімі» сыйлықақысы берілді.

Аталған сыйлықақы Нұр-Сұлтан қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей интернатының математика пәнінің мұғалімі Гул Муаммер мырзаға табысталды. Ендігі кезекте, жеңімпаздар арасындағы ең үздік 10 жұмыс «Әлем мұғалімі-2020» халықаралық конкурсына жіберілетін болады.

«Үздік педагог-2019» республикалық конкурсы жеңімпаздарының тізімімен мына сілтемелер арқылы таныса аласыздар:

Жеңімпаздар тізімі

Сонымен қатар, Qaztest.kz сайтымызда ІІ Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасын екінші жыл қатарынан өткізіп жатқанын хабарлаймыз. Олимпиада туралы толық ақпарат мына сілтемеде.

 

Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет ресурсы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ