Бұқаралық журналистикадағы жеке адам проблемалары

0
348

Өмір болған соң кез-келген адамның басында белгілі бір проблемалар болады. Ол бәлкім ақшаның жетіспеуі болар, құқығының бұзылуы болар не болмаса жеке басының мәселесі болуы мүмкін. Бұқаралық журналистикада жеке адам проблемасы туралы жиі айтылады. Десек те бұл бір жағынан құқық бұзушылыққа жатуыда ғажап емес. Егер де жеке адамның ешкімге жариялағысы келмеген сырын, басындағы ауыр жағдайын ол адамның рұқсатынсыз жарияласа ол баспасөз қызметі болсын, телевизия не радио саласы болсын журналист заң алдында жауап береді. Ал егер ол тұлға өзі туралы мәліметтерді жариялауға келісім берсе, онда құба-құп. Жеке адамның проблемасы туралы ақпараттарда ол адамның аты-жөні жасырылуы да мүмкін. Ол келісім берген кейіпкердің қалауына байланысты. Жеке адам басының проблемасы адамның рұқсатымен жарияланып тұрса, оқырман қауым үшін бұл үлкен жақсылық болар еді деп ойлаймын. Себебі сол мақала кейіпкері жіберген қателіктерді оқып отырған адам болашақта жібермеуге тырысады, өзінің айтар пікірі болса, хабарласып көмегін береді, мәселені қалың ел болып талқылауға мүмкіндік алады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ