Ц дыбысы мен әрпі. Цирк

0
4623

                                      \r\n\r\nСабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі. Цирк\r\n\r\nСабақтың мақсаты: Болашақ ұрпаққа терең біліммен өнегелі тәрбие беру.\r\n\r\nСабақтың міндеті:\r\n

    \r\n

  1. Ц дыбысы мен әрпін таныстыру, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды меңгерту.
  2. \r\n

  3. Ц дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту.
  4. \r\n

  5. Оқушыларды топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
  6. \r\n

\r\nСабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.\r\n\r\nКөрнекілік: Ц дыбысының баспа,жазбаша түрлері, кеспе әріптері, сайқымазақ суреті,слайд.\r\n\r\nОқыту әдісі: ой қозғау, ізденушілік, сұрақ-жауап,топтастыру.\r\n\r\nСабақ жоспары:\r\n

    \r\n

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  2. \r\n

\r\n     Топқа бөлу\r\n

    \r\n

  1. Үй тапсырмасын сұрау.
  2. \r\n

\r\nа) Білімді тексеру\r\n\r\nIII.  Жаңа тақырып\r\n\r\nа)  Жаңа дыбыс\r\n\r\nә) «Цирк» суретпен жұмыс\r\n\r\nб)  Бағандағы сөздерге түсініктеме беру.\r\n в) Цирк мәтінін түсіндіру.\r\n\r\n       г)  ассоциация құру\r\n\r\nғ)  Мұғалімнің мәнерлеп оқуы\r\n\r\nд) Оқушылардың оқуы\r\n\r\nе) Топпен жұмыс\r\n ж) Сергіту сәті.\r\n\r\nз) дәптермен жұмыс\r\n\r\nІҮ. Бекіту сұрақтары.            \r\n\r\nҮ. Қорытынды\r\n\r\nа) бағалау\r\n\r\nә) топ жеңімпаздарын анықтау\r\n\r\nСабақтың барысы:\r\n

    \r\n

  1. — Сәлеметсіңдер ме? — Отырыңдар!
  2. \r\n

\r\n

    \r\n

  • Қазір әліппе сабағы.
  • \r\n

  • Балалар,мынау кімнің суреті? Бұл туралы не білесіңдер?
  • \r\n

\r\n—           Сайқымазақ  деген бала қонаққа келіп отыр. Сонымен қоса бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан сендер тыныш отырып, сабаққа жақсы қатысып отыруларың керек. Соның бәрін қонақтар сырттай сендерді бақылап, қарап, қадағалап отырады. Қане, барлығымыз тыныш отырайық. Сыныпты 4 топқа бөліп, топ басшыларын\r\n\r\nсайлап алғанбыз. \r\n

    \r\n

  1. 1-Аялдама. «Білімді тексеру» бөлімі.
  2. \r\n

\r\n

    \r\n

  • Өткен сабақта қандай дыбыс өттік? (щ)
  • \r\n

  • Ол қандай дыбыс? (дауыссыз)
  • \r\n

  • Сондықтан біз оны қандай тор көзге орналастырдық? (көк)
  • \r\n

  • щ дыбысына мысал келтіріңдерші? (щётка т.б.)
  • \r\n

  • Үйге берілген мәтінді кім оқып береді? (Қолкөтереді).
  • \r\n

  • Ал, кім мазмұнын айтады? (Қол көтер) Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер. Осы бөлім бойынша алдарыңдағы тізбеге ó, □, ▲ белгілерін орналастыру.
  • \r\n

\r\nІІІ. 2-Аялдама. «Жаңа дыбыс» бөлімі.\r\n\r\n«Цирк» суретпен жұмыс. Цирк деген сөзде таныс емес қандай дыбыс естіледі? Ц дыбысы. Олай болса бүгінгі біздің танысатынымыз Ц дыбысы (баспа түрі) Қане хормен айтып көрейікші Ц-Ц-Ц. Біз қайттік? Көзбен көрдік, ауызбен айттық, құлақпен естідік. Дауысымызды созып айта аламыз ба? (жоқ) Олай болса Ц дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз)\r\n\r\nЯғни, Ц – тіл алды, жуан, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздермен халықаралық терминдерге тән.\r\n\r\nЦ дыбыс сөздің басында, ортасында келеді. Оны қандай торкөзге қоямыз? (көк)\r\n\r\n3-Аялдама. «Жаңа дыбыс еліне мысал келтір» Ц дыбысына кім көп, сөз айтар екен? (цирк, цех, т.б.)\r\n\r\nЯғни, мынау Ц дыбысының әріп таңбасы. Бұл баспа түрі. Кітапта, газет-журналда жазылады. Ал мынау жазбаша түрі. Бұл дәптерде, тақтада жазылады. Қалташаларына ó, □, ▲ белгілерін қою.\r\n\r\n4-Аялдама. «Кім дұрыс оқиды» бөлімі. Ц дыбысы бар бетті ашайық, бағандағы сөздерді оқып, түсініктеме беремін.\r\n\r\nЦирк – Ойын көрсететін орын, көтеріңкі көңіл күй!\r\n\r\nЦех – қажеттерді жасап шығару орталығы. (кәмпит, нан, т.б.)\r\n\r\nЦемент – Құрғақ, ұнтақ, тез қататын құрылыс материалы.\r\nАвиация – ауаға ұшақтарды ұшыру орталығы.\r\n\r\nОфицер – әскери адам.\r\n\r\nАл енді, «Цирк» деген мәтінді түсіндіремін. Ассоциация құру.\r\n\r\nЕнді плакатпен хормен оқыту. Оқушылар орнында кітаппен іштей оқу\r\n\r\nСергіту сәті:  \r\n\r\n                  Иіп беліңді,иіп беліңді\r\n\r\n                  Соғып қолыңды\r\n\r\n                   Жүгіріп шынығып\r\n\r\n                  Өсір бойыңды!\r\n\r\n         5-Аялдама. «Топпен жұмыс» бөлімі.\r\n\r\nТоппен жұмыс жүргізу.Топпен жұмыстарын қалташаларына ó, □, ▲ белгілерін қою арқылы бағалау.\r\n\r\n 1-топ:  Жұмбақ шешу:\r\n\r\n                 Оқушының құралы,\r\n\r\n                 Шеңберді ол сызады.Ол не?\r\n\r\n2-топ:   Берілген әріптерден сөз құрау.\r\n\r\n3-топ:   Қалып қойған сөзді тап:\r\n\r\n      Анасы балаларын ….. апарды.\r\n\r\n4-топ:  Сурет бойынша сөйлем құрау. \r\n\r\n \r\n\r\n       6-Аялдама. «Кім әдемі жазады» бөлімі.\r\n\r\n   Ц дыбысының жазбаша түрімен  таныстырып, дәптерге жазғызу. Көркем, әдемі жазғандар қалташаларына ó, □, ▲ белгілерін қою.\r\n\r\n7-Аялдама. «Бәсеке, мәре» бөлімі.\r\n\r\nЯғни, бүгін қандай дыбыспен таныстық? (Ц)\r\n\r\nЦ дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)\r\n\r\nҚандай мәтін оқыдық? (Цирк)\r\n\r\nҮйге: «Цирк» мәтінін оқып, мазмұнын айту.\r\n\r\nОқушыларды бағалау. Әр топтың ó-рын есептеп орын беру.\r\n\r\n– Осымен ашық сабағымыз аяқталды. Келген қонақтарымызға көп рахмет!\r\n\r\n \r\n

Ашық сабақтың слайдын 

\r\n

ЖҮКТЕУ

\r\n                                                                                          Тұрысова Дамеш\r\n\r\n                                                          №189 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі\r\n\r\n                                                                          Қызылорда қаласы,\r\n\r\n                                                                                                Белкөл кенті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ