Жасандылықтың салар жарасы

0
2725

 \r\n\r\n          Егерде  сізде денсаулық пен   сұлулықтың  біреуін таңдау мүмкіндігі болса, сіздің  қалауыңыз қайсысына тоқтар еді?\r\n\r\n     Жаһандану  заманында  табиғи сұлулыққа қолы жетпегендер жасанды  әдемі көріну үшін   денсаулықтарын құрбандыққа шалуда. Әсіресе, қазіргі уақытта  жасанды  кірпік, қас, ерін тіпті, шашты да иелену қиын емес. «Судың да сұрауы бар» дегендей, оның салдары қандай болатындығын өзі сезінбей ешкім ойланбасы анық.\r\n\r\n Әлемдік нарықта жасанды сұлулық индустриясына жұмсалатын қаражатта есеп жоқ. Тіпті соңғы жылдары орын алған әлемдік қаржы дағдарысы да сұлулық индустриясының дамуын тежей алмапты. Бұған қарап, сарапшылар «адамға нан мен су қаншалықты керек болса, әйелге де косметика, сұлулық салондарының, шаштараздардың қызметі соншалықты керек» деген баға беріпті. Дағдарысқа қарамастан, осы саладағы бәсекелестік сыр бермегенін айтқан сарапшылар «сұлулық құрбандықты талап етеді» дегенді мойындап отыр. \r\n\r\n Енді әлемдік БАҚ жариялаған мәліметтерді саралап көрейік. АҚШ пен Еуропа  елдерінде  20  мыңның үстінде, Ресейде 5500  сұлулық салоны қызмет көрсетеді екен. Әрине,  біз сұлулық  салондарының саны  жағынан «мақтана  алмаймыз». Дегенмен  жыл сайын осы салаға  машықтанып жатқан кәсіпкерлер қатары көбейіп, нарық сұранысқа сай өсіп отыр. Көрші Ресейде «сұлулық нарығының»  көлемі 7 млрд. долларды құрайды екен. Олардың салондарында  шаш қию  мен бояу орта есеппен 1500 рубль болса, біздегі баға да сол шамалас — 8-10 мың теңге. АҚШ-тың ортаңқол шаштаразы бір сағатта шамамен 10 доллар табатын көрінеді. Еуропа елдерінде сұлулық салондарының  орташа  жылдық  кірісі — 250 000 доллар. \r\n\r\n Өткен жылы «Euromonitor International»  агенттігі  қазақстандық нарықтың  сұлулық  индустриясына бағытталған  саласына зерттеу жүргізген. Агенттік  мамандары Қазақстандық  әйелдер  косметика мен жеке бас гигиенасына арналған құралдарды киім-кешектен гөрі жиі сатып алатынын анықтады. Косметиканың қолжетімділігі елде әртүрлі компаниялардың  өнімдерін  саудалауға мүмкіндік береді екен. \r\n\r\n      Қайқайған, қалың, ұзын, найзадай кірпіктерді қай қыз болса да армандайды. Бүгінгі таңда оған қол жеткізу де қиын емес, жасанды  кірпік жалғап беретін әсемдік салондары көп. Бірақ, американ  технология  институтының  ғалымдары  ұзын  кірпік көздің  ауруына,  сондай-ақ уақыт өте келе соқыр болып  қалуы мүмкін екендігін дәлелдеді. Олардың  пайымдауынша  адам  көзінің кірпігі 1/3 мм құрайды. Бұндай  табиғи кірпік  көздің  әрдайым  ылғалданып тұруына  және  көзге  шаңның  түспеуін  қадағалайды.\r\n\r\n   Ал жасанды кірпік көзге желім арқылы жапсырылады. Бұл көзге ауа жібермейді, сонымен қатар көзде түрлі індет аурулардың пайда болуына ықпал етеді. Әсіресе, аллергия, коньюктивит сонымен қоса, көздің торлы қабағының қабаталуына әкеп  соғады.\r\n\r\n Қасқа татуаж жасатудың да өзіндік салдары жетерлік. Татуаж органикалық  бояудың теріге егілуі арқылы жүзеге асырылады. Ғалымдар  бұл бояудың  аллергияны тудырып, сонымен қоса ағзадағы бар герпес вирусының оянуына септігін тигізеді.\r\n\r\n Жасанды  қас  пен  жасанды  кірпік  адам  денсаулығына зиян. Қолда  бардың  қадірін  бағаламай  әдеміліктің шыңына  жеткісі келген қаншама  қыз келіншектер  жапа  шегуде. Павлодарлық әйел қасына татуаж жасаймын деп қос жанарынан айырылды. 42 жастағы Светлана Ильина туған күні қарсаңында  үйінде  қабылдау жүргізетін косметологтың қызметіне жүгінген. Салдарынан дәл сол процедурадан кейін дәрігерлер оның екі көзінің алмасының күйіп кеткенін анықтайды. Енді Светлана өзін соқыр қылған косметологты сотқа бермек. \r\n\r\nЕкі жыл бұрын 40 жылдық мерейтойы қарсаңында қарлығаштың қанатындай қиылған қас жасатпақ болған Светлана Ильина, сірә туған күнін ауруханада өткізетінін білмесе керек. Әріптестерінің сөзіне сеніп, татуажды үйде жасайтын косметологқа барған. Қас, кейін қабаққа тату жасатқан әйел содан бері көзін аша алмайды. \r\n\r\nСветлана Ильина, Павлодар қаласының тұрғыны:\r\n\r\nКүнге қарай алмадым, көз алдымдағы нәрселердің бәрі бұлдырлап, көмескілене берді. Сумен шайып едік, түк шықпады. Қатты ауыра бастады. \r\n\r\nСол ауырғаннан басылған жоқ. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған Светлананы дәрігерлердің «қос жанарының алмасы күйіп кетті және көру мүшесі енді қалпына келмейді» деген сөзі тіпті есеңгіретіп тастады. Бұдан кейін ресейлік арналардың біріне жүгініп, мәскеулік медицина саласының профессорларынан кәсіби кеңес алыпты. Ал, сау кісіні соқыр қылған косметолог әйел бұған қатысым жоқ деп ат тонын ала қашты.\r\n\r\n Қазір аталмыш дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтап тұр. Себебі нақты шешім қабылдау үшін Светлана Ильина емін аяқтауы тиіс. Тек соның нәтижесі бойынша көзінің неден зақымданғанын анықтауға болады. Қылмыстық іс бойынша күдікті саналатын косметолог Елена Фалина болса, бұрынғыдай жұмысын жалғастырып келеді. Светлана енді еміне кеткен шығынды есептеп, материалдық және моральдық шығынын содан өндіріп алмақшы. \r\n\r\n Сондай-ақ, Қызылорда  өңірінің  тұрғыны, 21 жастағы  Анар  есімді бойжеткен сұлулыққа  қызығушылығы  18 жасынан басталғанын  айтады. Ең  алғаш  қасына  татуаж  жасатып  кейін жасанды  кірпік  жапсырады. Көп ұзамай ол  көзінің  нашар  көре бастағанын   және  көзі  әрдайым  қызарып  жүретінін  байқайды. Көп  ұзамай  Дәрігердің көмегіне жүгінуге және өмір бойы кеңес алып отыруға мәжбүр болады. Анар өміріндегі  жағдай  сұлулық  жасандылықта  емес, сұлулық денсаулықта  екенін түсінді. Ол  сұлу болу  үшін салауытты  өмір салтын  ұстану керектігін, спортпен  айналысып, күніне  3 литр  көлемінде су  ішіп,  ас  мәзіріне витаминдері  бар  жеміс жидектерді  пайдаланатынын   айтты.  «Ештен  кеш жақсы»- деп, ол  денсаулығының  қадірін  түсінгенін  басынан өткізген  оқидан  кейін өзі сияқты қыз-келіншектерімізге сұлулық жасандылықта  емес шынайылықта, мықты денсаулықта екендігін айтудан жалыққан емес.\r\n\r\nЖасанды  сұлулық  ол  ешқашанда  өзіміздің  табиғи сұлулығымызға  тең келмейді.  Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің демекші, ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейік.\r\n\r\n \r\n\r\n Ахметова Аружан


ПІКІР ҚАЛДЫРУ