2016 жылы ең көп табыс тапқан шетелдік қаламгерлер

0
1059
Бүгінгі таңда детектив, махаббат романдары мен жасөспірімдерге арналған шығармалар жазу тиімді болып отыр. Бұл тұжырым әлемдегі ең бай қаламгерлердің кім екенін білуге әкеледі. Осы турасында Forbes журналы жариялаған еді. Әлемнің 14 жазушысы 1 жыл ішінде (06.2015-06.2016) $269 млн табыс тапқан.

1. Үш жыл қатарынан әлемнің ең бай қаламгерлері рейтінгінің көшін бастап тұрған Джеймс Паттерсон ($95 млн).
2. Екінші орында әлемдік бестселлер «Әлсіздің күнделігі» («Дневник слабака») авторы Джефф Кинни ($19,5 млн). Оның айтуынша басында «Әлсіздің күнделігін» ересектерге арнап жазғам, кейін редактор оның балаларға арналған тамаша кітап болғанын айтты дейді.
3. Үштікті атақты «Гарри Поттердің» авторы Джоан Роулинг ($19 млн) аяқтайды. Джоанның «Гарри Поттер» және «Қарғыс атқан сәби» атты туындылары соңғы онжылдықтың ең өтімді кітаптары болған екен.
4. Джон Гришэм
Жылдық табысы: $18 млн
Одан кейінгі төртінші орынды Голливудта экрандалған бірнеше кітаптардың авторы Джон Гришэм алды. Бір жылда ол $18 млн табыс тапты. Биыл оның «заң туралы детектив» жанрында жазылған 4 кітабы жарық көрді.
5. Нора Робертс
Жылдық табысы: $15 млн
Бірнеше махаббат романдары мен детективтерінің авторы Нора Робертс жылдағы дәстүр бойынша Forbes журналы жариялаған рейтингінің ортасында жүреді. Оның кітаптары әлемде ең кемі 300 000 данамен таралады.
6. Даниэла Стил
Жылдық табысы: $15 млн
Көптеген заманауи махаббат романдарының авторы Даниэла Стилдің орта есеппен жылына 3 кітабы жарыққа шығады. Бүгінгі таңда кітаптарының жиынтық тиражы шамамен 510 млн данадан аса таралады екен.
7. Стивен Кинг
Жылдық табысы: $15 млн
Стивен Кинг өзінің жазбаса тұра алмайтынын бірнеше мәрте айтқан болатын. Жазушы демалыс күндері, мереке күндері жұмыс жасай береді. Тіпті ол «демалыс» дегенді қабылдамайды екен. Кинг үнемі Forbes жариялаған рейтингтің ортасында келеді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ