Эрнест Хэмингуэй мен жас қаламгер әңгімесі

    0
    1305

    Қаламгер: Сізге бір өтінішім бар. Менің романымды оқып, өз ойыңызды білдірсеңіз деп едім.
    Хэмингуэй: Сенің?
    Қаламгер: Иә, ол небәрі 400 беттен тұрады. Маған сіздің рецензент болғаныңыз керек.
    Хэмингуэй: Мен оны жек көремін.
    Қаламгер: Бірақ сіз әлі оны оқыған жоқсыз ғой?
    Хэмингуэй: Егер жаман жазған болсаң, жек көремін. Ал егер жақсы жазған болсаң, іштарлықпен одан да көп жек көріп кетемін. Саған өзге жазушының пікірі қажет емес.
    Қаламгер: Сіз білесіз бе, алғашқы романымды бағалауды кімге сеніп тапсырарымды білмеймін.
    Хэмингуэй: Барлық жазушылар бір-біріне бәсекелес.
    Қаламгер: Бірақ мен сізге бәсеке тудырғым келмейді.
    Хэмингуэй: Ондай кішіпейілдігіңді қоя ғой. Егер жазушы болсаң, өзіңнің ең үздік екеніңді мәлімде. Бірақ менің алдымда емес.


    ПІКІР ҚАЛДЫРУ