2040 жылы Қазақстан су тапшылығын сезінеді

0
633

Кішкентайымда суды ағызып қойып, қолымды сол сарынның астында ұстағанды ұнататынмын. Достарымызбен бірнеше бөтелкеге су құйып алып, атысып ойнайтынымыз да бар… Үйімізге қонаққа ауылдық аймақтан келген балалар бізге таңдана, түсініспеушілікпен қарайтын. “Сіздерге сонда осылай ысырап жасай беруге болады ма? Біз бір шелек су алу үшін бірталай жол жүріп, қолымыз талғанша көтеріп келеміз”…

Айтылған сөзді ой елегінен өткізген де жоқпын, мән бермедім. Қазір қарасам, ауылымда әлі күнге дейін жүздеген адам бір сорғыдан су ішеді, таңғы 7-ден бастап еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін кезекке тұрады.

Қолда бар алтынымды қадірлеп, қазір суды үнемдеуге тырысудамын. Мысалы, тіс жуу кезінде суды өшіріп қою арқылы, жылына шамамен 8000 литр үнемдейді екенмін.

Иә, Қазақстан су ресурстарының жетіспеушілігі жағынан Орталық Азиядағы ең осал және кедей мемлекеттердің бірі саналады. Ал бізде су саясатына қатысты мәселелерді шешетін арнайы министрлік те жоқ.
Қазақстан тұрғындарын бұл мәселе алаңдатады ма?

Өтеп Жібек


ПІКІР ҚАЛДЫРУ