22- наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне арналған сценарий

0
19301

22- наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне арналған сценарий

Құтты болсын ұлыстың ұлы күні

Шаттандырған елімді тәңір нұры

Думандатып мейрамды біз бастайық

Баршаңызға биден шашу шашайық

Балалар музыкамен кіреді

Бала:

Ау, аман ба жарандар

Көңілі бар алаңдар

Наурыз тойы басталды

Бәрің бері қараңдар

Қыз:

Күннің жаңа нұры бар

Мұның ғажап сыры бар

Халық сүйген мейрам бұл

Қарсы алайық тұрыңдар!

Ұлыстың ұлы күні наурыз келді ағайын

Жүргізуші: Олай болса мерекемізді бастайық.

Балалар:

Наурыз – бақыттың  бастамасы, жақсылықтың жаршысы

Наурыз – елмен  елді, бірлікке, ынтымаққа шақырған күн

Наурыз – татулықпен  достықтың мерекесі

Наруыз – ізгілікпен молшылықтың мерекесі

Жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, балалардың наурызға арналған тақпақтарын тыңдаңыздар.

Тақпақтар

Жүргізуші:

Таң шапағын қарсы алып Наурызда

Құт-береке тілейміз баршаңызға

Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық

Шат көңілмен бәріміз ән салайық

Ән  «Наурыз-көктем»

Жүргізуші:  Балалар, кәнеки, хан жарлығына құлақ салайық.

Хан:     Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар

Мұнда назар салайық

Жарлығымды тыңдаңдар

Ешқайсың құр қалмаңдар

Уа, халайық! Мына ұлыстың ұлы күні наурызда егер кімде-кім мені өз өнерімен таң қалдырса, мен сол адамға ай десе аузы, күн десе көзі бар Наурызгүл атты ару қызымды ұзатамын.

Жүргізуші:  Балалар, хан жарлығын сендер де естідіңдер ғой. Ендеше, ханды таң қалдыратын өнерлерің бар ма?

Адият: Әрине, өнеріміз бар. Біз батырлар биін билеп берсек қайтеді?

Би «Батырлар»

Хан:  Билерің өте тамаша екен, бірақ мен оған таң қалған жоқпын. Мені ерекше өнерімен таң қалдыратын тағы да кім бар?

(Осы кезде ортаға батыр жігіт пен Таусоғар келеді)

Батыр: Ассалаумағалейкум, хан ием!

Жүр: Қош көрдік батыр жігіттер! Сендер кімсіңдер?  Қайдан келесіңдер?

Таусоғар:

Атағы шыққан жасынан

Бойында күші тасыған,

Алып күштің иесі

Мен — Таусоғармын.

Мен күшім тасыған соң мына зіл тастарды көтеріп жаттығып жүрмін. Әрі тағы да күшіме күш қосамын. Егер күшті болғыларың келсе, менен үлгі алыңдар

Батыр: Хан ием! Біз  сіздің жарлығыңызды  естіп, бағымызды сынап көрейік деп келіп тұрмыз.

Хан: Е-е, солай ма?  Сонда маған көрсетер қандай өнерлерің бар?

Таусоғар: Біз сізге өз күшімізді көрсеткіміз келеді. Қараңызшы, мысалы, мен ауыр-ауыр тастарды еш қиындықсыз көтере аламын. (Дәу тастарды көтеріп көрсетеді)

Батыр: Ал мен болсам,  дәу тастарды үгітіп  жіберемін.

(Тастарды үгітіп көрсетеді)

Хан: Екеуің де мықты екенсіңдер. Олай болса, кәне  мен сендердің күштеріңді сынап көрейін.

Жүргізуші: Олай болса Хан ием бұлардың күшін сынау үшін ұлттық ойынымыз күш сынасуды ойнайық.

Ойын  «Күш сынасу»

Хан:  Сендер өте мықты, күшті екенсіңдер. Бірақ та мен басқа да адамдардың өнерлерін тамашалағым келеді. Сондықтан да сендер еш ренжімеңдер

Батыр: Жарайды.

Таусоғар: Олай болса, біз қайтайық.      (Екеуі шығып кетеді )

Жүр: Хан ием! Рұқсат етсеңіз   дүбірлі мерекемізді одан ары жалғастырайық. Сізге өз өнерлерін көрсетуге өзбек елінен қонақтар келген екен  солардың өнерін тамашалайық.

Ән «Наурыз»

Жүр: Ханием мың бұралған бүлдіршіндердің биін тамашалаңыз.

«Өзбек биі»

Шылқытып мерекеде ән салайық

Жүр: Наурыз-бүкіл табиғат оянатын тіршіліктің бастауы. Бұл күні ата-әжелеріміз үйді-үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан. Халқымыз өсіп-өнсін деген ниетпен тал еккен. Бір-біріне жақсы тілектер айтқан. Ендеше, бізде мерекемізді наурыз туралы жақсы тілектермен, тақпақтармен жалғайық.

Балалар тақпақтар айтады

Жүргізуші: Құрметті хан ием! Сізді таң қалдырам деп тағы да біреу келе жатқан сияқты.

(Музыкамен ортаға тазша бала кіреді)

Тазша: Есенсіз бе, хан ием!

Хан: Қош келдің тазша бала!

Тазша: Хан ием! Сіздің жарлығыңызды естіп, мен де өз өнерімді көрсетіп, бағымды сынауға келдім.

Хан: Е,е, солай де! Мені әлі ешкім де таң қалдыра алмады. Небір батырлар мен өнерпаздар мені таң қалдыра алмағанда сен қалай таң қалдырмақсың?

Тазша: Уа, хан ием! Алдымен сөзіме құлақ салыңыз. Мен сізді таң қалдыру үшін елде жоқ, ешкімнің қолынана келе бермейтін өнерімді алып келдім. Сол өнерімді көрсетуге рұқсат етіңіз.

Хан: Ешкімде жоқ ол қандай өнер? Көрсет кәне!

Тазша: Тақсыр! Мен сізді таң қалдыру үшін қиыннан қиыстырып, бірде-бір шын сөз араластырмай  өтірік өлең айтып берейін. Ендеше, тыңдаңыз!

Мініп алып торғайға

Ұшып бардым мен айға

Торғай мен айтып құртқа

Үй тұрғыздым бұлтқа

 

Сүтін сауып торғайдың,

Жетім тайды өсірдім

Бұлттан салған үйіме

Бүкіл елді көшірдім.

 

Аспандағы ағашқа

Қауын,қарбыз өсіпті

Түйе мен сиыр қызығып

Қыста жейміз десіпті

Хан: Болды, жетер. Тоқтат өтірік өлеңіңді. Тоба, о құдірет! Осындайда керемет өнер болады екен ғой. Кідірмей-мүдірмей, шын сөз қоспай өтірік айтқан адамды алғаш рет  көріп отырмын. Сен мені қатты таң қалдырдың. Мен саған өте риза болдым. Сондықтан да мен Наурызгүлді саған беремін. Кел, менің жаныма отыр.

Уа халайық! Менің сарайыма келіңдер. Қызымның отыз күн ойын, қырық күн тойын жасаймын.

Жүр: Олай болса, біз де сіздің қуанышыңызға ортақпыз. Ендеше, дүбірлі мерекемізге би шашуларын ала келген аруларымыздың биін тамашалайық.

Қызғалдақтай қыздарды

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билесін ортада.

Би  «Асатаяқ»

Хан: Ой, бәрекелді! Өнерлерің өрге жүзсін! Тағы да көрсетер өнерлерің бар ма?

Жүр: Біздің балалар әдемі ән щырқап берсін

Ән: «Қош кедің төрлет Наурыз»

Жүр: Алдияр, тақсыр! Наурыз мерекесінде салт-дәстүрлер жаңғыратынын жақсы білесіз. Сондықтан да біздің мерекеге келіп отырған ақ жаулықты аналарымыз   «тұсау кесу» дәстүрін көрсетпекші. Соны тамашалайық.

«Тұсау кесу» дәстүрі

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

Қара жорға биімен ортамызға

Бүлдіршін ұл-қыздарды қарсы алайық

Би  «Қара жорға»

Тазша: Уа тақсыр, мына балалардың өнерін көріп мен өте риза болып отырмын.Енді сіз рұқсат етсеңіз,  мен Наурызгүлді алып кетейін.

Хан:   Онда ортаға Қыдыр атамызды шақырып, сол кісінің ақ батасын алайық.

(Музыка ойналып, Қыдыр ата кіріп, бата береді)

Тазша: Сау болыңдар, балалар!

Хан: Жортқанда жолдарың босын!   (Екеуі шығып кетеді)

Жүр: Наурыз келсе, құт келгені халайық

Думандатып, шырқап әнге салайық.

Ән «Әз Наурыз»

Жүргізуші:

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу — салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Құрметті ата-аналар!  Осымен бүгінгі мерекеміз аяқталды, келгендеріңізге көп рахмет. Сау болыңыздар!

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ