4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ

0
2052
Иллюстрация: Freepik.com

Педагог мамандар: Музыка маманы мен педагог психолог.

Мақсаты: Балалардың түрлі эмоциялары мен сезімдерін дамыту. Музыкалық қызметтерді пайдалану арқылы балалардың эмоциялық сапасын дамыту. Музыка арқылы әуеннің көңіл- күйін ажырату .

Міндеттері: Қуаныш, мұн, үрей, ашу, таңдану білуін бекіту;

Дамытушылық: Бір – бірімен эмоциялық қарым- қатынас жасау дағдыларын дамыту, әншілік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз сезімдерін білдіруді және пікірін білдіруді, музыкаға сәйкес қызығушылық пен сүйіспеншілікті білдіруге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Бекіту,қайталау.Ойынды қолдану, шығармашылық ізденіс жағдайын туғызу, эмоцияналдық қолдау көрсету, мақтау, мадақтау. Жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту әдісі

Көрнекілік пен техникалық құралдар: үнтаспа, бейне таспа, шағын айналар,смайликтер суреті,мнемокесте, фортепиано, АКТ, гүлдің суреті.

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекет барысы:

Балалар музыка залына кіріп, шеңбер жасап тұрады. («Көңілді күн» әуені)

Музыка жетекшісі: Сәлеметсіз бе, балалар!( фортопианомен)

Жантанушы: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болмақ. Өйткені бүгінгі сабағымызда қонақтар бар.

«Көрші» жаттығуы: көршінді оң жақта құшақта, көршінді сол жақта құшақта, оң жағындағы көршіне бір жымиып, сол жағындағы көршіне бір жыми.

— Балалар, осындай жақсы көңіл- күймен бәріміз «Эмоция әлеміне» аттанамыз. Эмоция дегеніміз біздің көңіл-күйіміз. Онда әр түрлі мінезді адамдар өмір сүреді. Ал, эмоция әлеміне бару үшін бізге анау суретке жақын баруымыз керек.Әуен қосу.( АКТ дан Айгүлдің үйі, сыйқырлы музыка)

-Балалар, қараңдаршы, бұл үйде ешкім жоқ. Бұл үйде Айгүл есімді қыз тұрады. Айгүлді көру үшін мына көп хаттарды оқуымыз керек. (орындарына отырғызу) Мұнда тапсырма, былай жазылыпты: «Балалар, көңіл- күйлердің қандай түрлері бар,естеріне түсіріңдерші?»- деген.

Балалардың жауабы: қуаныш, мұң, ашу, үрей, тандану.

–Қараңдаршы мына хатта эмоциялар түрлері бар екен. –Біріншісі: Бұл қандай эмоция? Дұрыс айтасыңдар,

  1. Тан қалу эмоциясы. (орындықтарының астынан алдын ала дайындап қойған айналарды алып таң қалу эмоциясын көрсетейік) Сонымен, әр адамның таң қалуы әр түрлі екен иә.

2.Бұл ашулану эмоциясы. Енді ашуланғанда қалай ашуланатынымызды байқайықшы. «Мен не үшін ашуланамын? деген сұраққа жауап берейік.

-Ал ашулы адамның ашуын тарқату үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

(билеу, өлең айту, сергіту жаттығылары, сурет салу)

М.ж. Балалар бәрінді ортаға «Көңілді күн» биін бейлеуге шақырамын.

Жантанушы:- Керемет, биледіңдер! (Орындыққа отырамыз)

Келесі Айгүлдің тағы хаттын ашып қарайық. Мүмкін Айгүл үйіне оралар.Бұл қандай сезім? Иә балалар,

3.мұңаю сезімі. Біз мұнайғанда не істейміз балалар?

Сендердің араларында Алан шамалы мұнайып отыр екен. Сондықтан да біз

Ойын: «Жұбату» ойының ойнайық. Ортаға бір баланы шақырып оның ашуын тарқату үшін біз бір-бірден шығып, жұбату сөздерін айтайық.

Сонымен қатар жай әуен тыңдауға болады немесе жұмсақ доппен ойнауға болады, үйде тұрған отбасылық альбомдарға қарап, бақытты сәттерімізді еске алуға болады, немесе ақ парақты алып, өзіміздің қалаған түсімізбен кез келген сурет салуға болады. Бұл әрекеттер сіздерге ашуыңызды тарқатуға көмектеседі. Жай әуен қосылады.

М.ж : Балалар осы эмоциялардыңөзіндік әуендері бар. Тыңдап көрейік.

  1. Қорқу: Хатымыздан эмоция суретін алып шығу.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз неден қорқамыз?

— Балалар, қорқыныштын пайдасы да бар. Біз көп қабатты үйдің терезесінен қарауға қорқамыз ия. Бұл дұрыс әрекет, себебі қарауға болмайды, біз әрі қарай ұшып кетуіміз мүмкін. Жолдан өтуге қорқпасақ, бізді көлік қағып кетуі мүмкін. Үйге кез келген адамды кіргізуге қорқамыз ия. Себебі үйге ұрылар кіріп кетуі мүмкін. Бірақ болмашы нәрсеге қорқа беруге болмайды.

М.ж:Келесі хатымызда қандай эмоция?

5.Қуаныш! Қуаныш бізге не сыйлайды? (жылулық, жақсы көңіл- күй т.б).

Жантанушы: -Біздің ең жақсы көретін көңіл-күйіміз – қуаныш, иә. Сендер білесіңдер ме, қуаныштың бір ажырамас досы бар, ол – күлкі. Бізқуанғанымызды қалай білдіреміз?(күлеміз, жимиямыз, секіреміз,жақсы ойын ойнаймыз, қолымызды шапалақтаймыз)

М.ж. а) Дауыс жаттығуы; ә)«Көктем әнің айту;көктем әнінің әуені қандай болды?Неліктен олай ойлайсыңдар?

«Көктем» әнің фортопиана арқылы бәріне айтқызу.

М.ж. Балалар, экранға назар аударайықшы. Бұл жерде гүл ғана көңілсіз қалып қойыпты ғой.Осы гүлдің көңілін көтеру үшін бірге ойын ойнайық.

Ойын « Күннің көзі мен жаңбыр»(әуенмен) Тақтадан гүлдің құлпырып өсіп тұрған суретін көрсетеміз. -Жарайсыңдар балалар, біз барлық тапсырманы дұрыс орындадық, ал енді біз Айгүлді көре аламыз. АҚТ-дан Айгүл көрсетіледі.

Айгүл : Сәлеметсіздер ме балалар, сіз барлық сыннан сүрінбей өттіңіз, сіздерге өте ризамын, мені көруге келгендеріңізді, сыйлық алуға келгендеріңізді білемін, менің халім өте жақсы, өздеріңіз қалайсыздар? Көңіл-күйіңіз қалай? Балалардың жауаптары. Рахмет, балалар, менің сіздерге дайындаған сыйымды қабыл алыңыздар. Сау болыңдар!

Қорытынды: Жантанушы: — Балалар, біз бүгін барлық көңіл-күйлерді есімізге түсірдік. -Қандай эмоция түрлеріне тоқталдық ?-Қандай тосын сый екенің иіс арқылы біле аласыңдар. Ал ол үшін көздеріңді жұмыңдар. Келістік пе? Қорапта не бар екенің искету. Ненің исі? Тосын сый: шоколад. Бұл сендердің көңіл-күйлерінді көтереді . Музыкалық қоштасу.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар:

  1. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  2. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  3. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  4. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? (психологиялық тест

ПІКІР ҚАЛДЫРУ