Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? (психологиялық тест)

0
681

Бүгінгі психологиялық тест адамның бейсанасымен жұмыс істеуіне арналған. Суретке мұқият қарап, алдымен не көргеніңізді байқаңыз. Суретте түлкі және дельфин берілген.

Қайсысы назарыңызға бірінші ілікті?

Түлкі

Бірінші түлкіні байқаған адамда ерекше тектілік, данышпандық қасиеті бар. Сіздің бойыңыз позитив пен романтизмге тұнып тұр. Туыстарыңызбен, жақындарыңызбен аса тығыз байланыстасыз. Сіз үшін өмірде отбасыдан артық ештеңе жоқ. Махаббатқа өте адалсыз. Алайда сізге ешкім кіріспейтін жеке кеңістік те керек. Онсыз өмір сүре алмайсыз. Сөзге қарағанда іске баса мән бересіз. Өзгелер үнемі өзіңізге назар аударғанын қалайсыз. Махаббатыңыз сенімге берік негізделген. Кейде өте қызғаншақ боп кетесіз. Ал сүйгеніңіз қызғануға сеп болмаса, өмір бойы махаббатыңызға мастанып өтеді.

Дельфин

Назарыңызға алдымен дельфин іліксе, өте нәзік жаратылыс екеіңізден хабар береді. Сонымен қоса өте жолы болғыш жан екеніңізді де айта кету керек. Ол сіздің табиғатыңыздан бар. Адамдарды өзіңізге баурап алатын қасиетіңіз де бар, мұны көп жағдайда өз пайдаңызға қолданасыз. Ал қарым-қатынаста тыныштықты қалайсыз. Серігіңіз ақылы асқан жан болуын маңызды санайсыз. Физикалық күш пен сыртқы келбетке қарағанда, интеллектіні жоғары бағалайсыз. Ішкі үйлесім сіз үшін бірінші орында. Қарым-қатынаста бір-бірін құрметтеуді бәрінен биік қоясыз. Ал шынайылық іргетасы болуы тиіс. Тұрақтылық және материалдық тұрғыдан қорған болуды да маңызды санайсыз. Махаббатын сөзбен де, іспен де білдіргенін қалайсыз. Өзара түсіністік болған кезде ғана неке ұзаққа созылатынын есте ұстаңыз.

Дереккөз: Massaget.kz сайты 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ