Бурабайдан шыққан қайсар қыз Кәусар

30
2315

Сейтімхан Кәусар Әлімханқызы 2008 жылы 14 наурызда Ақмола облысы Бурабай ауданының  Щучинск қаласында Аймахановтар отбасында дүниеге келген. Отбасының тұла бойы тұңғышы. Атасының Алладан тілеген, әжесінің асыға күткен немересі.

Кәусар өнерімен елге танымал, білім мен ғылымға құштар жандардың отбасында дүниеге келген. Аймахановтар отбасы – Ақмола облысына танымал «Мерейлі отбасы» конкурсының бас жүлде иегері. Әкесі – құрылыс-инженері, анасы – ұстаздық қызметте. Зере атты сіңлісі мен Әділхан атты інісі бар. Қазір Щучинск қаласындағы № 9 мектеп-гимназиясында 6-сыныпта үйде оқытылады.  Иә, үйден оқытылады. Бұл сөз тек мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.

Кәусардың өміріндегі ең ауыр қаралы күн 2014 жылдың 15 қарашасы еді. Осы күні Кәусарға «Лейкоз» диагнозы қойылды. Енді ғана мектеп табалдырығын аттап, оқушылық өмірдің қызық сәттерін сезінем деген шақта ісік ауруына шалдықты. Бұл Кәусар үшін де, ата-анасы үшін де ең ауыр күндердің бірі болатын. Осыдан бастап, Кәусардың өмірінде өте ауыр сынақтар басталды.

Бір жыл бойы ауруханада төсекке таңылып, химия терапияны қабылдады. Сәулемен де ем қабылдады. Бір жыл бойы қасында бірге ем қабылдаған достары күннен күнге азайып, аурудан айықпай өмірден өтіп жатқан балаларды көріп, жүрегі мұздап сала берді. Осы қиындықтарға шыдай алмай, соңғы ем-шараларын қабылдау кезінде Кәусардың да жүрегі сыр берді. Кәсіби дәрігерлердің арқасында Кәусардың жүрегіндегі ақауды тоқтатты. Екі жыл бойы үйге шыққаннан кейін де Кәусар химиялық қолдау дәрілерін пайдаланды. Осының барлығы Кәусардық психикасына да әсер етпей қоймады. Осындай қиын кезде қолдау көрсеткен ата-анасы мен психолог мамандар болатын.

Өмір ерте есейткен Кәусар қызымыздың өзі кіші болғанмен, жүрегі қандай үлкен дерсің. Бойында ананың сүті мен әкенің қанымен берілген қасиет булығып, сыртқа шықпай қоймады. 5 жыл бойы мектепке өз қатарластары секілді бара алмаса да, үйде отырып шығармашылығын шыңдады. Аурудан айығудың бір жолы тек өзіне деген сенімділік екенін Кәусар жақсы түсінді. Сол үшін бойындағы бар қабілетін шығаруға тырысты. Сурет сала бастады. Өлең шығарды, домбыра тартуды үйренді, ән айта бастады, айтысқа да қызығушылығы артты. Үйде отырып, әртүрлі деңгейдегі шығармашылық конкурстарға қатысып, жүлдегер атанды.

Кәусардың тағы бір қыры – ғылыми ізденіске қызығушылығы. Кәусар өзінің ауруын қалай жеңгенін айтып дәлелдей отырып, жасөспірімдерге қалай көмек жасауға болатынын  ғылыми жұмысында дәлелдеді. Ғылыми жұмыс «Психологиялық қолдау қажеттілік» деп аталды. Мақсаты: ісік ауруына шалдыққан жасөспірімге психологиялық көмек көрсете отырып, зәру жандардың жанашыр қамқоршысы бола білу, аялы алақанды, жүрек жылуын ұсыну. Бүгінгі қоғамдағы ауыратын балалар санын азайтуға атсалыса отырып, өзіндік үлес қосу. Шындығы керек қазіргі кезеңде аялы алақанға, жылы сөздерге зәру жанды балалар қаншама десеңші. Ата-аналардың өзіне ауырған балаларды тәрбиелеу де қиындыққа әкеліп соғады. Сау баланың өзіне дұрыс нәрсені үйрету қандай қиын болса, ауру балаға екі есе ауыр болары анық. Осы ретте өз ата-анасы қандай тәрбие берді? Қалай әсер етті? Осы амалдарды тізбектеп көмегін бергісі келген, қиындыққа мойымаған қайсар қыз Кәусар психолог апайы Бекебаева Асия Казезтайқызымен бірлесе жұмыс жасады.

Кәусардың алғашқы ауырған кезеңдері мен жеткен жетістіктіктерін салыстыратын болсақ, оның шығармашыл болуына себепші болған отбасының психологиялық қолдауы екені дәлел. Әнші, ақын, жас айтыскер, шығармашылық конкурстардың жүлдегері болған Кәусардың жеткен жетістіктерін айтар болсақ, ол «Тіл – татулық белгісі» атты аудандық байқауда І орын, «Жас ақындар жырлайды» атты жеткіншектер арасындағы ақындар айтысында Бас жүлде, республикалық «Дарабоз» өнер білім байқауында ІІ орынға ие болды.«Айгөлек» аудандық байқауында ІІ орын, « Даналық кілті – ғылымда»республикалық ғылыми жоба сайысында І орын, «Сәлем Астана» фестивалінде І орын, «Зерде»республикалық байқауының облыстық кезеңінде «Медицина психология» секциясы бойынша ІІ орын, «SAMGAR» ғылыми-әдістемеліктің ұйымдастыруымен ағылшын пәні бойынша өткен онлайн сайыста І орын, «Мой Казахстан» атты республикалық сайыста І орынды иеленді.

Тағдырына жазылған осындай сынақтарға мойымаған жанды қалай ғана қайсар қыз демейсің? Кәусар бұл жетістіктерімен тоқтап қалмайды. Ол жобасы ары қарай жетілдіріп, осы жылы «Еріктілер жылы» аясында өзінің жобасымен ісік ауруына шалдыққан балаларға психологиялық қолдау көрсетуді көздеп отыр. Сондықтан да жас та, талантты қызға талабыңа нұр жаусын дегіміз келеді.


30 ПІКІРЛЕР

  1. Оки отыра козге жас алмау мумкын емес.Жарайсын Каусар.Каншама адамдар 12 мушесы сау бола тура омырде оз орнын таба алмай жатыр гой.Озыннын жыгерынмен ата-ана тугандардын колдауымен жана омырге кадам басканына куаныштымын.Алла кызыкты кундерынды коп кылсын.Адамга жылы соз жаныга умыт уялатады деген шын гой.Омырге деген куштарлык мумкын еместы мумкын кылатыны анык.Бары Алланнын калауымен.Белестерды багындыра бер Каусар.

  2. Кәусар, әр қашан биіктен көріне бер! Саған зор денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін!

  3. Алар асуын битпесин,Каусар! Сен мектебимиздин мактанышысын…билимин мен онерин тек биикке жетелеп, жаркырай бер!

  4. Мықты ақ жарқын қыз. Болашақта саттилик тилеймин. Әр қашан жолын ақ болсын.

  5. Кәусарға айтарым алдағы биік шыңдардан көріне бер деніңе саулық тілеймін талабыңа нұр жаусын, еңбегің жансын

  6. Очень талантливая и целеустремленная девочка! Каусар, несмотря на трудную жизненную ситуацию, смогла выстоять достойно, перебороть недуг и показать высокие результаты в различных образовательных и творческих конкурсах! Силы тебе и терпения, крепкого здоровья и дальнейших побед, Каусар! Твой пример стойкости и желания достигать поставленных целей — пример для подражания!

  7. Каусар очень талантливая ученица. Активная, позитивная, общительная и очень добрая. Желаю ей творческих успехов и достижений поставленных целей

  8. Каусар кадамын Алга бассын,алган бетиннен таймай, ардайым Алда болып Казакстанымыздын гулденуене ат салысып ,биктерден коринуне тилектеспин! Алда биик шындардан коринип ,Денсаулыгын мыкты болып, сенин кайсар Кыз екенине сенимдмиз! Алга Каусар!

  9. Өте үлкен тақырып алған екен Гаусарға тек алға демекпін өте өзекті мəселе деп ойлаймын.

  10. Пікірлеріңізге көп рахмет! Біздің редакция ұжымы да Кәусардың еңбегін өте жоғары бағалайды. Оның ізденімпаздығы, білімге деген талпынысы қатарластарына үлгі болуы керек. Кәусарға жарқын болашақ тілейміз!

  11. Өмірдің соқпағына мойымайтын, жасымайтын жүректі адамдар аз. Қатерлі ісік үлкен адамдарды қойып балаларды, сәбилерді аяп жатқан жоқ. Ал, қайсар қыз Кәусәр қатерлі ісікпен күресіп, жеңіске жеткісі келетін өжетте, өнерлі бүлдіршіндердің бірі. Бір алланың қолдауымен, қайсар қыз Кәусәрді қоршаған аялы жандардың арқасында толық емделіп кетуіне тілектеспіз.

  12. Өмірдің соқпағына мойымайтын, жасымайтын, жүректі адамдар аз. Қатерлі ісік үлкен адамдарды қойып балаларды, сәбилерді аяп жатқан жоқ. Ал, қайсар Кәусар қатерлі ісікпен күресіп, жеңіске жеткісі келетін өжетте, өнерлі қыздардың бірі. Бір алланың және қайсар қызды қоршаған аяулы жандардың қолдауымен, Кәусәрдің толық айығып кетуіне тілектеспіз.

  13. Қайсар сәттілік! Биік-биік асуларды бағындыра бер! Ойлаған арманың көздеген мақсатың орындала берсін!

  14. Кәусар әр бастамаларына сәттілік тілеймін. Сені қолдайтын жақсы көретін адамдар көбейе берсің. Қолдап жүрген Әсия апайдың үлкен жанды адам.

  15. Кәусар өте батыл қазақ қыздардың бири. Ол тез жазылып кетсин, ансаган арманына жетсин, биик шындардан корине беруге тилектеспин.

  16. Керемет, талабына нұр жаусын! Нағыз қайсар қыз екен!

  17. Кәусар өте батыл қыздың бири. Оны оның ис — әрекетинен байкауга болады. Озинин катерли исигимен куресип, оған қарамастан көп еңбек етеди. Ғылыми жұмысынын такырыбы өте озекти және басқаларға улги болатындай танданып алынды. Кәусарга денсаулық, сабырлык тилеймин.

  18. Кәусаржан талабыңа нұр жаусын.Өмірге деген құштарлығың мықты болып,тек биікке самғай бергейсің.Жетістіктерің көп болсын.Денсаулығың мықты болсын!!!Барлық жақсылықты тілеймін саған!!!

  19. Кәусаржан талабыңа нұр жаусын.Алар асуыңмен бағындырар белестерің көп болсын.Саған барлық жақсылықты тіледім.Алла жар болсын!

  20. Өте керемет. Каусар өмірде жолың әрқашан ашық болсын! Сәттілік тілеймін! Еліміздің дамуына үлес қосатын жастардың қатарынан болуыңа тілектеспін!

  21. Өте әсерлі. Қиналға жандарға өте үлкен мотивация берері сөзсіз! Кез келген өмірдің болмашы сәтсіздіктеріне оңай, морт сынатын жандар қаншама… Кәусарға басымды иіп, ұстазы Асия Казезтайқызы екеуіне тек биіктерді бағындыруына тілектеспін! Талма, мама, Кәусар қыз, батыр қыз!!!!

  22. Өте әсерлі. Қиналған жандарға өте үлкен мотивация берері сөзсіз! Кез келген өмірдің болмашы сәтсіздіктеріне оңай, морт сынатын жандар қаншама… Кәусарға басымды иіп, ұстазы Асия Казезтайқызы екеуіне тек биіктерді бағындыруына тілектеспін! Талма, самға, Кәусар қыз, батыр қыз!!!!

  23. Ия керемет жағдай!!!Басқа адамдарға үлгілі болатындай екен.

  24. Мақаланы оқып отырып, Кәусардың қажыр — қайратына сүйсіндім. Әрдайым Алла қолдап , асқақ арман-мақсаттарыңа жетуді , ұзааааақ өмір сүруді нәсіп етсін! Денсаулығың мықты болып , қанатың қатайсын құлыншақ.
    Қолдау көрсетіп , сезімталдық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеген , өнер мен білімге баулып қызығушылығын арттырған , өмірге құштарлықты бойына дарытқан ата-анасы мен ұстаздарына және біздің әріптесіміз мектеп психологы — Бекебаева Асия апайға мың алғыс айтқым келеді . Еңбектеріңіздің жемісін көріп , ҚАЙСАР ҚЫЗ КӘУСАРДЫҢ және де басқа жеткіншектердің жүрегіне жол тауып нұр шуақтарыңызды төгіп, шәкірттеріңіздің жеңісі мен жетістігіне қуана беріңіздер .
    КӘУСАР ҚЫЗЫМЫЗҒА СӘТТІЛІК СЕРІК БОЛЫП, АЛЛА ҚОЛДАСЫН, БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН БОЛУЫНА ТІЛЕКТЕСПІН !!!

  25. Құрметті қауым Кәусар қызымызды қолдап ой пікір жағандарыңызға өз атымнан Кәусардың атынан шын жүректен алғысымды білдіремін.Сіздер бізді қолдасаңыздар Алла сіздерді қолдасын.Елімізде бейбітшілік болып ауыратын балалар саны азайып бір бірімізге деген сүйіспеншілігіміз арта түссін.

  26. Кәуспр-атына заты сай ерекше адам баласы.»Кәусар»деген сөздің»кіршіксіз,таза,мөлдір»деген мағынасы бар,ал «кәусарлы»деген сөз-шипалы,қасиетті»екенін оның тұлғалық сипатынан көруге болады.Оның жүрек жылуы ,жігерлігі,талпыныс тілегі,өзіне деген,өзгеге деген шипалы қасиеті шығармашылық шыңына шығуға әсер еткені білім мен ғылымға құштарлығынан көрініс тапқан.Ол соның арқасында талай жеңістерге жетіп жүр.Кәусардың бойында хакім Абай бабамыздың «…Талап ,еңбек,терең ой,қанағат,рақым ойлап қой-бес асыл іс…дегені рнын тапқан.Кәусар ,айналайын асыл бала ,әрбір ісіне ,таусылмас жақсы тілегіне,ақылды ой-өрісіне ,өмірінде кездескен қиыншыдықтарды жеңуге саған Алла жар болсын!

  27. Кəусар, сенің əлі алатын белестерің көп. Сондықтан саған күшіңе күш қосылып, алла тағала денсаулығыңды оңынан жарылқасын деп тілеймін.

  28. Кәусар қызымыз кішкентайынан анасының құрсағында жатқаннан бастап, қасиеті мол болып, өмір есігін ашатын қыз екенін танытқан болатын. Кәусардың бойындағы бұл қасиеті анасынының ақ сүтімен дарыды. Анасы Баян Ахатайқызы Бекетай Ақмола облысына танымал білім-ғылымға құштар, ақынжанды тұлға. Кәусардың ақынжандылығы анасынан, нағашы атасынан дарыған. Нағашы атасы марқұм Кәусарым деп еркелетін көтеріп жүруші еді. Бүгінгі Кәусардың өмір үшін талпынысына біз нағашылары ризамыз. Осындай баланы қолдап отырған халыққа мың тағзым. Жылы сөзбен, ыстық ықыласпен аймалаған халық үлкен сауапқа ие. Шығармашылығын шыңдауға көмек беріп отырған мектеп директорына және жетекші мұғалімдеріне алғыс білдіреміз. Отбасына сабырлық пен төзімділік тілеймін.Кәусардың жолы жарқын болсын.

  29. Кəусаржан,алланың нұры жаусын саған. Сен қазақтың керемет те мықты қызысың. Басқаларға үлгі боларлықтай-ақ екенсің. Мойымай осылай биік шыңдардан көріне бер. Сен барлық қиындықты жеңесің. Тек соған сенуің керек. Ата-анаң , ұстаздарың жəне біз əрқашан сенімен біргеміз!

  30. Айналайын Каусаржан,Бәрекелді!!! Талабына нұр жаусын.Бойыңда білімге, ғылымға, өнерге деген қызығушылық пен бірге , кішкентай жүрегінде өмірге деген құштарлығын мол, ең бастысы өзіне сенімін үлкеееен! Сен мықтысын! Ойлаған арман мақсаттарын орындалады. Ата-анаңды, ұстаздары көп жеңістермен қуанта бер!
    Сәттілік тілеймін баршаңызға !

ПІКІР ҚАЛДЫРУ