«Аққаланың жорығы» балабақша танымдық сабағы

0
1496
Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Аққаланың жорығы»

Мақсаты: 5-ке дейін санау қабілетін күшейту,реттік санау дағдысын қалыптастыру, есептер шығаруға үйрету,геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау арқылы дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сурет салуға үйрету,зейінін,есте сақтау,танымдық қабілеттерін дамытып,достыққа,татулыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: кіріктірілген сабақ( Таным б.б.с ҚМҰҚ;Шығармашылық б.б.с Сурет салу)

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,түсіндіру,ойын,сұрақ-жауап;

Көрнекіліктер:сиқырлы кілттер,сандар,үлестірмелі құралдар,ведио ролик,аудио,слайд материалдары,ақ қағаз,түрлі-түсті бояулар,қылқалам,желім,сулы салфеткалар, т.б

Өту кезеңі: -балалар бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын. Мына жұмбақ  маған өте ұнап тұр сендер жауабын таба білесіңдер ме?

Жұмбақ: Көне шелек басында,

Сәбіз екен мұрыны.

Қардан ғана жасалатын,

Тауып көрші сен оны?   (Аққала)

-Аққаланы қай жыл мезгілінде жасауға болады?

-өте тамаша олай болса экранға назар аударайық….(«Аққала мен Бұғы» мультфильмінен үзінді көру)

-балалар біздің досымыз Аққаланың мұрынын бұғы алып кетіп қиын жағдайға тап болды,досымызға көмек керек ол біздің ортамызда.(жылап Аққала кіреді).

Аққала:-достар маған көмек беріңдер.(жаңғырған қатты дауыс естіледі Аққаланың мұрыны сандықтааааааа…… )

-балалар Аққала досымызға көмектесейік,жылама Аққала.

-қане достар Аққаламен жорыққа шығайық,мұрынын табуға көмектесейік.(әуенмен залды айналып келу)

-достар біздер қайда тап болдық?

-Мики маустар клубына.

-балалар бұл клубта қанша достар бар,санап көрейік?

-Донна,Дэльчи,Гуффи,Лукко,Минни.

-балалар біз іздеген сандық осында екен,егер тапсырмаларын орындасақ достарымыз бізге кілтін береді,сандықты ашып Аққаланың мұрынын аламыз.

Дидактикалық ойын: «Сандарды ретімен орналастыр»(кілт береді, сандыққа сәйкес келмейді)

Ойын: «Үй құрастырайық» (кілт береді, сандыққа сәйкес келмейді)

Дамытушы ойын: «Корзинаға азықтарын жинауға көмектес» (кілт береді, сандыққа сәйкес келмейді)

-балалар Аққала көңілсіз болып тұр,сандық ашылмады, ойын ойнап денемізді сергітіп Аққаланың  көңілін көтерейік.

Жәй қимылды ойын: «Шана»

Дымқылды жұмсақ қағазды ұсақтап жыртып,су,желімен араластырып,дайын бейненің үстіне  акварель бояуымен сурет салу.

-Міне, қандай тамаша сурет салдық .

-Аққала мына кілтпен сандықты ашып көрейік(кілт сәкес келіп,сандық ашылады Аққала мұрынын алып қуанады.)

-балалар қандай геометриялық фигураға ұқсас кілт сәйкес келді?

-үшбұрыш;

-кімге көмектестік?

-Аққалаға;

-қандай ойындар ойнадық?

Ән: «Аққала»


ПІКІР ҚАЛДЫРУ