Ағаш өңдеуге арналған құрал-саймандар

0
3426
Freepik.com

Тез — қисық ағашты түзету үшін не болмаса түзу ағашты белгілі пішінге , қалыпқа келтіріп ию үшін қолналатын құрал. Төрт сирақ орнатылғанжуан ағаштың үстіңгі жағынан арамен тік төртбұрышты ойық ояды. Түзелетін не иілетін ағашты мормен жұмсартып алған соң тезге салып түзетеді не иеді. Үйші тезбен жұмыс істегенде ағаштың бос ұшын мықынына салып ырғап, түзеліп не иіліп болған соң оны белгілі кергішке керіп тастайды.

Қашау — ағашты ойып, тесуге арналған құрал. Қашаудың басы қатты темірдег жасалып, бір ұшынан қиялап жонып жүз шығарылады. Қашау жұмыр ағашпен сапталады. Қашаудың жадағай, қуыс құлақ, имек түрлері болады. Қашаудың мөлшерң қолднылатын орнына қарай әртүрлі болып келеді. Ағаш тескенде жүзін ағашқа тигізіп, балғамен ұрады.

Шот — ағаш шабуға арналған құрал. Шоттың басы жалпақ темірден жасалып, оның бір шетінен қиялай жонып, жүз шығарылады. Темірдің екінші шетінен ұңғы жасалып, оған кепкен ағаштан иіп жасалған имек сап сұғылады. Шоттың сабына, көбінесе, долана мен қайың пайдаланылады. Шот болтамен шабуға келмейтін, кішігірім ағаш бұйымдарды өңдеу үшін қолданылады.

Жонғы — ағаш, мүйіз, металл бұйымдарды жону, өңдеу үшін қолданылатын, асыл болаттан жасалған құрал. Қос қолдап ұстау үшін екі басы екі тұтам ағашқа немесе мүйізге сапталады. Үйшілер мен арба, шана жасаушылар ағашты кептірерде әуелі қабығын жонғымен сыдырып тазартады. Аға өңдеуге арналған жонғының үстірік сүргі, аталғы, сарнауық, бүкір жонғы тағы басқа түрлері болады.Жонғының уық, кереге, өре ағаштарға өрнек жүргізгенде қолднылатын ирек тісті түрлерін сарнауық деп , ал түзу сүргідей отырып, ойыс сызатты, дөңес қобылы өрнектер жасау үшін қолданылатын, арнаулы жүз отырғызылған түрін үстірік сүргі деп атайды. Ағашты, мүйізді қырып өңдегенде кедір жүзді,көбелі, қобылы жонғылар қолданылады.

Үскі — ағаш тесу үшін қолданылатын құрал. Үскінің ұшы біз тәрізді, қатты темірден ұштап жасалады да, ұзын жұмыр ағашпен сапталады. Үскі алымды болу үшін шебер оның ұшын үш қырлы, төрт қырлы етіп жасайды. Үйші кереге сағанағы мен уықтың көзін тескенде үскінің сабына таспа не жіңішке жіп шалып алып, алма-кезек саумалап тартады. Үскінің шүйдесінен бір адам басып тұрады. Сонда үскінің жүзі қарама-қарсы бағытта бұрылып, біртендеп ілгері жылжиды.

Сарнақ, сарнауық — киіз үйдің сүйегін жасаушылардың жонғы құралы. Ағашқа өрнекті із түсіретін, сақиналап сәндейтін арнаулы тістері иіліп, келген, екі бас сапты, темір қырғыш. Тістері бір жағына қарай азырақ қайырылған. Сарнауық уық, кереге, шаңырақтардың қарына сызық, ирек, су ағар түсіру үшін қолданылады.

Ыңғыру — ағаштан жасалатын ыдыстардың ішін оюға арналған ойғыш құрал. Ыңғырудың басы пышақ тәрізді етіліп асыл темірден жасалады да, науаланып иіледі.  Ол ыдыстың ішін бүйірлеп оюға қолайлы. Ыңғыру, негізінен, аталғының жүзі ала алмайтын шағын ыдыстарды ұңғу үшін пайдаланылады.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа да ақпараттар:

  1. Ағаш желімі және оны күйдіріп әшекейлеу

  2. Ағаш өңдеу шеберлігі және оның түрлері

  3. Тері өңдеу шеберлігі. Аң мен мал терісін илеу

  4. Адамның іс-қимылына байланысты тыйымдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ